Сайттың картасы
العربية Български 中文 Čeština English Français Deutsch हिन्दी Bahasa Indonesia Italiano Bahasa Malay اردو Polski Português Română Русский Srpski Slovenský Español ไทย Nederlands Українська Vietnamese বাংলা Ўзбекча O'zbekcha Қазақша

ИнстаФорекс клиентінің кабинеті

  • Кабинетті дербес баптау
  • Компанияның барлық сервистеріне қол жеткізу
  • Егжей-тегжейлі статистика және мәмілелер бойынша есеп беру
  • Қаржылық операциялардың толық спектрі
  • Бірнеше шоттарды басқару жүйесі
  • Деректерді қорғаудың ең жоғары дәрежесі

ИнстаФорекс серіктесінің кабинеті

  • Клиенттер мен комиссиялар туралы егжей-тегжейлі ақпарат
  • Шоттар мен басулардың графикалық статистиксы
  • Вебмастер үшін қажетті аспаптар
  • Дайын веб-шешімдер және баннерлердің кең таңдауы
  • Деректердің жоғарғы қауіпсіздігі
  • Компанияның жаңалықтары, RSS-ленталар және Форекс-информерлер
Сауда шотын ашу
Серіктестік бағдарлама
cabinet icon

ИнстаФорекстен тағы бір Lamborghini!оның рөлінде дәл Сен бола аласың!

Жай ғана сауда шотын 1000 долларға толтыр!

Ең жақсы сауда шарттарын және сәнді бонустық ұсыныстарды ал! Біз аңызға айналған 6 спорткарды сыйға тарттық! Және біз тоқтамаймыз! Соңғы шыққан Lamborghini Huracan сенікі болуы мүмкін!

ИнстаФорекс – өз жеңістеріңе инвестицияла!

Шотты тез ашу

Үйретуші хаттар алу
toolbar icon

Сауда алаңы

Мобильді құрылғылар үшін

Браузерде саудалау үшін

"Жарыс FX-1" конкурсының Ережесі

I. Жалпы ережелер

  • 1. Конкурстың атауы - "Жарыс FX-1" (әрі қарай - Конкурс).

    2. Конкурсты ИнстаФорекс компаниялар тобы ұйымдастырды (әрі қарай – Ұйымдастырушы).

    3. Конкурс бір күндік апталық болып табылады және дүйсенбіде 00:00 басталып, жұманың 23:59 дейін өткізіледі.

    4. Әрбір апталық конкурстың жүлде қоры 1500 USD құрайды, ол жеңімпаздар арасында келесі тәсілмен бөлінеді:

    • - 1 жүлде – 500 USD;
      - 2 жүлде – 400 USD;
      - 3 жүлде – 300 USD;
      - 4 жүлде – 200 USD;
      - 5 жүлде – 100 USD.
      Бұл қаражатты алуға болмайды, алайда содан алынған кез-келген пайданы шектеусіз алуға болады.

    5. Кезекті апталық Конкурсқа тіркелу алдыңғы апта бойына жүргізіледі және конкурстың басталуына 1 (бір) сағат қалғанда аяқталады.
    6. Конкурстың нәтижелері сенбіде сағат 12:00 GMT+3 белгілі болады. Жазғы және қысқы уақытқа ауысу АҚШ стандарттарына сәйкес, наурыздың екінші жексенбісінде және сәйкесінше қарашаның бірінші жексенбісінде жүзеге асырылады.

II. Қатысушылар

  • 1. ИнстаФорекс компаниясындағы әрбір сауда шотының иесі апта сайын Конкурсқа қатыса алады(әрі қарай – Қатысушы).

    2. Конкурсқа 18 жасқа жеткен тұлғалар қатыса алады.

    3. Конкурстың әрбір қатысушысы ИнстаФорекс компаниясының сайтында тіркеуден өтуі керек.

    4. Апталық әрбір конкурсқа қатысу үшін Қатысушы жеке DEMO шот ашады.

    5. Қатысушы тіркеу кезінде дұрыс мәліметтерді беруге, тұлғасын растайтын құжатқа сәйкес толық аты-жөнін, қолданыстағы байланыс электронды адресін көрсету қажеттілігімен келіседі.

    6. Екі және/немесе үш шоттағы сауда бір IP жүргізілгені анықталған жағдайда, әкімші осы шоттардың иесін (иелерін) шеттетуге құқылы, соған байланысты біз GPRS- және 3G-модемдерді пайдаланбауға кеңес береміз.

    7. Ұйымдастырушы себебін түсіндірусіз Қатысушыны тіркеуден бас тартуға және және Қатысушыны конкурс барысында шеттету немесе Конкурс аяқталғаннан кейін себебін түсіндіре отырып, шеттету құқығын өзіне қалдырады. Түрлі шоттарда бір ғана жұптар бойынша шамамен ұқсас уақытта ірі көлемдегі мәмілелерді ашу, сондай-ақ кепілдендірілген пайда алу үшін котировкалар ағынындағы жаңылысуды пайдалану шеттетуге себеп болып табылады.

    8. Конкурсқа тіркеле отырып, Қатысушы Конкурсқа таралатын барлық шектеулермен және ережелермен келіседі.

    9. Жақын туыстардың шоттарының конкурсқа қатысуына тиым салынады. Егер Конкурсанттың қандай да бір тіркеу деректері басқа Конкурсанттың тіркеу деректерімен сәйкес келген жағдайда, Компания бұл сәйкестікті шеттетуге негіз ретінде қарастыруға құқылы.

III. Сауда шарттары

  • 1. Конкурсқа тіркелгеннен кейін Қатысушы DEMO шот алады.

    2. Бастапқы депозит Қатысушылардың барлығы үшін 40 000 USD құрайды және өзгертілмейді.

    3. Көтерме 1:500.

    4. Нарықтық емес бағамен ашылатын барлық сауда ордерлерінің күші жойылады. Сондай-ақ конкурстың әкімшілігі, нарықтық емес бағамен сауда жүргізілгені анықталған жағдайда, сол шотты шеттетуге құқылы.

    5. Конкурсқа Қатысушылар ешқандай шектеусіз сауда кеңесшілерін және кез-келген сауда стратегияларын пайдалана алады.

    6. Сауда операцияларын жүргізу үшін негізгі валюта жұптары және кросс-бағам жұптары ғана қолжетімді.

    7. Мәміленің минималды көлемі 0.01 лот, максималды көлемі- 10 лот құрайды.

    8. Қатысушы техникалық қолдау арқылы өзінің сауда шотын Swap-Free-ге өзгерте алады.

    9. Кейінге қалдырылған ордерлерді қосқанда, бір мезетте ашылған мәмілелердің максималды саны 7 құрайды.

    10. Stop Out деңгейі 10% тең.

    11. Конкурстық шоттарға арналған барлық басқа сауда шарттары ИнстаФорекс компаниясындағы нақты сауда шоттарына арналған сауда шарттарына ұқсас.

IV. Нәтижелерін жариялау

  • 1. Конкурс барысында Қатысушылардың шоттарындағы қаражат деңгейі Ұйымдастырушының сайтында қарау үшін қолжетімді болады.

    2. Ұйымдастырушы конкурс аяқталғаннан кейін Қатысушылардың шоттарының тарихын жариялау құқығын өзіне қалдырады.

    3. Қатысушылардың конкурстық шоттарын тіркеуді жүргізетін елдер мен аймақтардың статистикасы жариялануы мүмкін.

    4. Конкурстың нәтижелері, конкурс аяқталғаннан кейін және барлық қажетті тексеруді өткізгеннен кейін 14 күннің ішінде жарияланады.

V. Жеңімпаздарды анықтау

  • 1. Қатысушылардың барлық мәмілелері конкурс аяқталғаннан кейін, алғашқы 10 минутта ағымдағы баға бойынша автоматты түрде жабылады. Бұл ретте Қатысушылар, позицияларды жабу бағасының жабу уақытындағы бірнеше минуттық айырманың болуы себепті, әр түрлі болуын мойындайды. Есептелетін своптар да жеңімпаздарды анықтауда ескеріледі.

    2. Ең үлкен депозиттің иелері жеңімпаздар деп жарияланады.

    3. Егер Конкурстың қорытындысы бойынша екі Қатысушының депозит көлемі бірдей болса, орынды осы екі Қатысушының арасында бөлу туралы шешімді Ұйымдастырушы қабылдайды.

    4. Конкурстың Жеңімпаздары олардың ТАӘ жариялауға келіседі.

    5. Бір ғана Қатысушының бір айдың ішінде жүлдені екі рет алуына болмайды. Егер ол бір айдың ішінде жүлделі орынға бір реттен артық ие болса, қатысушы жеңімпаздар тізімінен шығады, ал жүлделер желісі оның орнынан бастап, төмен қарай сырғиды.

    6. Жүлдені алу үшін жеңімпаздың әрбіреуі келесі шартты орындауы керек: жалпы пайданың кем дегенде 5%-ы GBPUSD және GBPJPY жұптарының әрбіреуі бойынша сауда нәтижелерінен алынуы керек.

    7. Ұйымдастырушы себебін түсіндірусіз Қатысушыны тіркеуден бас тарту және Қатысушының жүлде қаражаттарымен қандай да бір алаяқтық жасауының тікелей немесе жанама дәлелдері негізінде, Конкурс аяқталғаннан кейін себебін түсіндіре отырып, Қатысушыны процестен шеттету құқығын өзіне қалдырады.

    8. Егер клиенттің бір немесе бірнеше шоттарында жүлде қаражаттарын жинақтау орын алған жағдайда, Компания жүлдені есептемеу туралы шешім қабылдау құқығын өзіне қалдырады.

VI. Жүлдені алу

  • 1. Жеңімпаздар конкурс қорытындысын жариялағаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде шот ашып, оны верификациялауы керек.

    2. Жүлде қаражаттары клиент ашып, верификацияланған нақты сауда шотына есептеледі.

    3. Жеңімпаз, конкурс әкімшілігі ашқан немесе жеңімпаздың өзі ашқан нақты сауда шотындағы кез-келген әрекеттің соның жасағаны деп саналатынымен және ИнстаФорекс Компаниялар Тобының келісімдеріне және ережелеріне сәйкес реттелетінімен келіседі.

    4. Жүлделердің ешқайсысын алуға болмайды, алайда солардан алынған пайданы алуға болады.

    5. Ұйымдастырушы бұрын берілген және Қатысушының конкурс қаражаттарының ізін жасыруға бағытталған қандай да бір алаяқтық жасауының тікелей немесе жанама дәлелдері негізінде күшін қайтаруға жататын жүлдені жарамсыз деп тану құқығын өзіне қалдырады.

    6. Сауда шотынан қаражатты шегеру, қаражатты шығаруға өтінімді рәсімдегенде автоматты түрде жүзеге асырылады. Қаражатты шығаруға өтінімнің сәйкестігіне сауда шотының және еркін қаражаттың (free margin) балансын тексеруді қаржы бөлімінің мамандары өтінімді өңдеу кезінде бірден жүзеге асырады. Сәйкес келмеген жағдайда, мәлімделген қаражат сауда шотына қайтарылады.

VII. Акция шартының тілі.

  • 1. Негізгі тіл ағылшын тілі болып табылады.

    2. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін, Компания Акцияның шарттарын басқа тілдерге аударып бере алады. Бұл аударма тек қана ақпараттық сипатта болады.

    3. Акцияның осы шарттарының ағылшын тіліндегі нұсқасы мен оның аудармасы арасындағы кез-келген қайшылықтар туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасына басымдылық беріледі.