Сайттың картасы
العربية Български 中文 Čeština English Français Deutsch हिन्दी Bahasa Indonesia Italiano Bahasa Malay اردو Polski Português Română Русский Srpski Slovenský Español ไทย Nederlands Українська Vietnamese বাংলা Ўзбекча O'zbekcha Қазақша

ИнстаФорекс клиентінің кабинеті

  • Кабинетті дербес баптау
  • Компанияның барлық сервистеріне қол жеткізу
  • Егжей-тегжейлі статистика және мәмілелер бойынша есеп беру
  • Қаржылық операциялардың толық спектрі
  • Бірнеше шоттарды басқару жүйесі
  • Деректерді қорғаудың ең жоғары дәрежесі

ИнстаФорекс серіктесінің кабинеті

  • Клиенттер мен комиссиялар туралы егжей-тегжейлі ақпарат
  • Шоттар мен басулардың графикалық статистиксы
  • Вебмастер үшін қажетті аспаптар
  • Дайын веб-шешімдер және баннерлердің кең таңдауы
  • Деректердің жоғарғы қауіпсіздігі
  • Компанияның жаңалықтары, RSS-ленталар және Форекс-информерлер
Сауда шотын ашу
Серіктестік бағдарлама
cabinet icon

ИнстаФорекстен тағы бір Lamborghini!оның рөлінде дәл Сен бола аласың!

Жай ғана сауда шотын 1000 долларға толтыр!

Ең жақсы сауда шарттарын және сәнді бонустық ұсыныстарды ал! Біз аңызға айналған 6 спорткарды сыйға тарттық! Және біз тоқтамаймыз! Соңғы шыққан Lamborghini Huracan сенікі болуы мүмкін!

ИнстаФорекс – өз жеңістеріңе инвестицияла!

Шотты тез ашу

Үйретуші хаттар алу
toolbar icon

Сауда алаңы

Мобильді құрылғылар үшін

Браузерде саудалау үшін

"Шынайы Скальпинг" Конкурсының Ережесі

I. Жалпы ережелер

  • 1. Конкурстың атауы «Шынайы Cкальпинг ИнстаФорекс» (бұдан әрі – Конкурс).

    2. Конкурсты ИнстаФорекс компаниялар тобы ұйымдастырды (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).

    3. Конкурс конкурсының ай сайын, айдың бірінші дүйсенбісінің терминалды уақыты бойынша 00:00 басталып, айдың соңғы жұмасының 23:59:59 аяқталады.

    4. Ай сайынғы келесі конкурсқа тіркелу ағымдағы конкурстың бірінші күнінің 00:00 (терминалды уақыт бойынша) басталып, келесі конкурстың бірінші күнінің 23:00 (терминалды уақыт бойынша) аяқталады.

    5. Конкурстың нәтижелері айдың соңғы сенбісінде, 12:00 тиянақталадыGMT+3. Жазғы және қысқы уақытқа ауысу АҚШ-тың стандарттарына сәйкес наурыздың екінші жексенбісінде және қарашаның бірінші жексенбіснде жүзеге асырылады.

    6. Ай сайынғы әрбір конкурстың жүлде қоры 6000 USD құрайды, ол жеңімпаздар арасында төмендегідей тәсілмен бөлінеді:

    • - 1 жүлде – 2000 USD;
      - 2 жүлде – 1500 USD;
      - 3 жүлде – 1000 USD;
      - 4 жүлде – 500 USD;
      - 5 жүлде – 400 USD;
      - 6 жүлде – 300 USD;
      - 7 жүлде – 200 USD;
      - 8 жүлде – 100 USD;

II. Қатысушылар

  • 1. Конкурсқа жасы 18 жеткен тұлғалар қатыса алады.

    2. Әрбір Қатысушы ИнстаФорекс компаниясының сайтында тіркеуден өтуі тиіс.

    3. Ай сайынғы әрбір конкурсқа қатысу үшін Қатысушы жеке DEMO шот ашады.

    4. Қатысушы тіркеу кезінде жеке басын растайтын құжатқа сәйкес толық аты-жөнін, тұрақты электрондық поштасын ұсыну қажеттілігімен келіседі.

    5. Сауда екі және/немесе одан көп шоттарда бір IP жүргізілетіні анықталған жағдайда, әкімшілік осы шоттардың иесін шеттетуге құқылы, осыған байланысты біз GPRS және 3G-модемдерін пайдаланбауға кеңес береміз.

    6. Ұйымдастырушы себебін түсіндірусіз Қатысушыны тіркеуден бас тартуға және Қатысушыны конкурс барысында шеттету немесе Конкурс аяқталғаннан кейін себебін түсіндіре отырып, шеттету құқығын өзіне қалдырады. Түрлі шоттарда бір ғана жұптар бойынша шамамен ұқсас уақытта ірі көлемдегі мәмілелерді ашу, сондай-ақ кепілдендірілген пайда алу үшін котировкалар ағынындағы жаңылысуды пайдалану шеттетуге себеп болып табылады.

    7. Конкурсқа тіркеле отырып, Қатысушы Конкурсқа таралатын барлық шектеулермен және ережелермен келіседі.

    8. Жақын туыстардың шоттарының конкурсқа қатысуына тиым салынады. Егер Конкурсанттың қандай да бір тіркеу деректері басқа Конкурсанттың тіркеу деректерімен сәйкес келген жағдайда, Компания бұл сәйкестікті шеттетуге негіз ретінде қарастыруға құқылы.

III. Сауда шарттары

  • 1. Конкурсқа тіркелгеннен кейін Қатысушы конкурстық DEMO шот алады.

    2. Бастапқы депозит Қатысушылардың барлығы үшін 20 000.00 USD құрайды және өзгертілмейді.

    3. Көтерме 1:500.

    4. Нарықтық емес бағамен ашылатын барлық сауда ордерлерінің күші жойылады. Сондай-ақ конкурстың әкімшілігі, нарықтық емес бағамен сауда жүргізілгені анықталған жағдайда, сол шотты шеттетуге құқылы.

    5. Конкурсқа Қатысушылар ешқандай шектеусіз сауда кеңесшілерін және кез-келген сауда стратегияларын пайдалана алады.

    6. Сауда операцияларын жүргізу үшін негізгі валюта жұптары және кросс-бағам жұптары ғана қолжетімді.

    7. Мәміленің минималды көлемі 0.01 лот, максималды көлемі - 1 лот құрайды. Қадам - 0.01 лот.

    8. Қатысушы техникалық қолдау арқылы өзінің сауда шотын Swap-Free-ге өзгерте алады.

    9. Кейінге қалдырылған ордерлерді қосқанда бір мезетте ашылған мәмілелердің максималды саны 5 құрайды.

    10. Stop Out деңгейі 10% тең.

    11. Конкурстық шоттарға арналған барлық басқа сауда шарттары ИнстаФорекс компаниясындағы нақты сауда шоттарына арналған сауда шарттарына ұқсас.

IV. Нәтижелерін жариялау

  • 1. Конкурс барысында Қатысушылардың шоттарындағы қаражат деңгейі Ұйымдастырушының сайтында қарау үшін қолжетімді болады.

    2. Ұйымдастырушы конкурс аяқталғаннан кейін Қатысушылардың шоттарының тарихын жариялау құқығын өзіне қалдырады.

    3. Қатысушылардың конкурстық шоттарын тіркеу жүргізетін елдер мен аймақтардың статистикасы жариялануы мүмкін.

    4. Конкурстың нәтижелері ол аяқталғаннан кейін және барлық қажетті тексеруді өткізгеннен кейін 30 күннің ішінде жарияланады.

V. Жеңімпаздарды анықтау

  • 1. Ағымдағы конкурс аяқталғаннан кейін, Қатысушылардың барлық мәмілелері ағымдағы баға бойынша автоматты түрде жабылады.

    2. Ең үлкен депозиттің иелері жеңімпаз деп жарияланады.

    3. Егер Конкурстың қорытындысы бойынша екі Қатысушының депозит көлемі бірдей болса, Ұйымдастырушы орынды осы екі Қатысушының арасында бөлу туралы шешім қабылдайды.

    4. Конкурстың Жеңімпаздары олардың Аты-Жөндерін жариялауға келіседі.

    5. Жүлдені алу үшін Жеңімпаздардың әрбіреуі келесі шартты орындауы керек: жалпы пайданың кем дегенде 5% GBPUSD және GBPJPY жұбының әрбіреуі бойынша саудалау нәтижесінде алынуы керек.

    6. Бір ғана Қатысушы алдыңғы конкурста жүлдегер болса, ағымдағы конкурстың жүлдесін алуына болмайды. Егер ол екі конкурста да жүлделі орынға ие болса, оның жүлдесі тізім бойынша келесі қатысушыға өтіп, ал жүлделер желісі оның орнынан бастап, төмен қарай сырғиды.

    7. Ұйымдастырушы себебін түсіндірусіз Қатысушыны тіркеуден бас тарту және Қатысушының жүлде қаражаттарымен қандай да бір алаяқтық жасауының тікелей немесе жанама дәлелдері негізінде, Конкурс барысында немесе аяқталғаннан кейін себебін түсіндіре отырып, Қатысушыны процестен шеттету құқығын өзіне қалдырады.

VI. Жүлдені алу

  • 1. Жеңімпаздар конкурс қорытындысын жариялағаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде шот ашып, оны верификациялауы керек.

    2. Жүлде қаражаттары клиент ашып, верификацияланған нақты сауда шотына есептеледі.

    3. Жеңімпаз, конкурс әкімшілігі ашқан немесе жеңімпаздың өзі ашқан нақты сауда шотындағы кез-келген әрекеттің соның жасағаны деп саналатынымен және ИнстаФорекс Компаниялар Тобының келісімдеріне және ережелеріне сәйкес реттелетінімен келіседі.

    4. Бірінші орынды қоса алғанда, жүлделердің ешқайсысын алуға болмайды, алайда жүлде сомасынан тыс алынған пайданы алуға болады.

    5. Ұйымдастырушы бұрын берілген және Қатысушының конкурс қаражаттарының ізін жасыруға бағытталған қандай да бір алаяқтық жасауының тікелей немесе жанама дәлелдері негізінде күшін қайтаруға жататын жүлдені жарамсыз деп тану құқығын өзіне қалдырады.

    6. Сауда шотынан қаражатты шығару, қаражатты шығаруға өтінімді рәсімдегенде автоматты түрде жүзеге асырылады. Қаражатты шығаруға өтінімнің сәйкестігіне сауда шотының және еркін қаражаттың (free margin) балансын тексеруді қаржы бөлімінің мамандары өтінімді өңдеу кезінде бірден жүзеге асырады. Сәйкес келмеген жағдайда, мәлімделген қаражат сауда шотына қайтарылады.

    7. Егер клиенттің бір немесе бірнеше шоттарында жүлде қаражаттарын жинақтау орын алған жағдайда, Компания жүлдені есептемеу туралы шешім қабылдау құқығын өзіне қалдырады.

    8. Жеңімпаз, қаражатты кез-келген мөлшерде алғанда берілген жүлденің толық көлемде күші жойылатынымен келіседі.

VII. Акция шартының тілі

  • 1. Негізгі тіл ағылшын тілі болып табылады.

    2. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін, Компания Акцияның шарттарын басқа тілдерге аударып бере алады. Бұл аударма тек қана ақпараттық сипатта болады.

    3. Акцияның осы шарттарының ағылшын тіліндегі нұсқасы мен оның аудармасы арасындағы кез-келген қайшылықтар туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасына басымдылық беріледі.