Сайттың картасы
العربية Български 中文 Čeština English Français Deutsch हिन्दी Bahasa Indonesia Italiano Bahasa Malay اردو Polski Português Română Русский Srpski Slovenský Español ไทย Nederlands Українська Vietnamese বাংলা Ўзбекча O'zbekcha Қазақша

ИнстаФорекс клиентінің кабинеті

  • Кабинетті дербес баптау
  • Компанияның барлық сервистеріне қол жеткізу
  • Егжей-тегжейлі статистика және мәмілелер бойынша есеп беру
  • Қаржылық операциялардың толық спектрі
  • Бірнеше шоттарды басқару жүйесі
  • Деректерді қорғаудың ең жоғары дәрежесі

ИнстаФорекс серіктесінің кабинеті

  • Клиенттер мен комиссиялар туралы егжей-тегжейлі ақпарат
  • Шоттар мен басулардың графикалық статистиксы
  • Вебмастер үшін қажетті аспаптар
  • Дайын веб-шешімдер және баннерлердің кең таңдауы
  • Деректердің жоғарғы қауіпсіздігі
  • Компанияның жаңалықтары, RSS-ленталар және Форекс-информерлер
Сауда шотын ашу
Серіктестік бағдарлама
cabinet icon

ИнстаФорекс – әрқашан тек қана алға!Сауда шотын ашып, InstaForex Loprais командасының бір бөлшегі бол!

Алеш Лопрайс бастаған экипаждың жеңістер тарихы сенің жетістігіңнің тарихы болуы мүмкін! «Дакар» раллидің тұрақты қатысушысы және «Жібек жолы» раллидің жеңімпазы InstaForex-тің Loprais командасы жасағандай қуатты саудалап, көшбасшылыққа ұмтыл!

Қосыл және ИнстаФорекспен бірге жеңіске жет!

Шотты тез ашу

Үйретуші хаттар алу
toolbar icon

Сауда алаңы

Мобильді құрылғылар үшін

Браузерде саудалау үшін

Есептеу формуласы

ATR = SMA((High-Low)[0..i]), мүнда


i — SMA есептеу үшін қолданылатын периодтар саны

Саудада қолдану

ATR Histogram нарықтың құбылмалылық көрсеткіші болып табылады және баға қозғалыстары күшінің өсу және құлдырау кезеңдерін көрсетеді. Бұл индикатор ATR классикалық индикаторына негізделген және стандартты есептеу әдісіне қарағанда құбылмалылықты бағалау үшін аса көрнекі аспап болып келеді.

Бағаның құбылмалылығы — бұл белгілі бір уақыт аралығындағы бағаның өзгеру шамасы. Бұл көрсеткіш операциялар жасауға арналған аспап болып табылмайды, өйткені бағаның өсу немесе төмендеу кезеңдерін, сондай-ақ дивергенция немесе конвергенция сигналдарын көрсетпейді.

Күшті бағытталған баға өзгерістерінің жағдайында, құбылмалылық өседі, ал баға өзгерістерінің әлсіреуі құбылмалылықтың бәсеңдеуін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің саудалық болып табылмайтынына қарамастан, оны қаржы нарығында сауда шешімдерін қабылдау кезінде сәтті пайдалануға болады.

Құбылмалылықтың төмен деңгейі баға өзгерістері күшінің құлдырауын көрсетеді және бұл құбылмалылық циклдық көрсеткіш болатындықтан, құлдыраудан кейін баға өзгерістерінің айқын күшеюімен көрінетін, көтерілуі болады.

Былайша айтқанда, кесіп өтетін стратегиялар негізінде саудалайтын трейдерлер үшін, құбылмалылық сауда шешімдерін қабылдау тұрғысынан алғанда тамаша аспап болады: егер қолдау/кедергі деңгейін кесіп өтуге сигнал құбылмалылықтың төменгі мәндерінде қалыптасса, баға өзгерістерінің күшін көрсететін одан кейінгі осы көрсеткіштің өсуі трендтің күш алып жатқанын, ал кесіп өтуге сигналды үдемелі бағытталған баға ағыны қолдайтынын білдіреді.

Сондай-ақ, құбылмалылық stop-loss ордерді қою деңгейін есептеу үшін ұтымды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Оны есептеу үшін құбылмалылықтың операциялық таймфреймдегі қазіргі үш мәнін алу керек (құбылмалылық мәні пунктпен көрсетіледі; құбылмалылықтың қазіргі деңгейі гистограмма барының биіктігіне тең) және егер қаржы активі осы факторға ие болса спредтің мәнін қосу керек.

stop-loss ордердің бұл мөлшері көптеген сауда операциялары үшін оңтайлы болып табылады, әсіресе контр-трендтік сауда стратегияларын қолданғанда, сол кезде мәміле ашылғаннан кейін бағасы кіруге қарсы айтарлықтай қашықтыққа кетпейді.

ATR Histogram

ATR Histogram ИнстаФорекс индикаторының параметрлері

ATRperiod = 10

Жүктеу


Тізімге оралу