Есептеу формуласы

Coppock(t) = EMA(w,t)[ROC(l,t) + ROC(s,t)], мұнда


EMA(w,t) — w-периодтар бойынша экспоненциалды сырғымалы орташа;

[ROC(l,t) + ROC(s,t)] — l— ұзақ және s— қысқа периодтардағы баға өзгерісі жылдамдығының индикаторлары мәнінің қосындысы.

Саудада қолдану

Түпнұсқалық тәсілге сәйкес, Coppock индикаторы 14 және 11 айдағы ROC индикаторлар қосындысының он айлық сырғымалы орташасы болып келеді. Осы индикатор үшін сигналдар, гистограмма қозғалыс бағытын өзгерткенде — жоғары немесе төмен бұрылғанда, түседі.

Метатрейдерге арналған Coppock индикаторын қолданудың тағы бір қызықты тәсілі «0» деңгейін кесіп өтудегі сауда болып табылады. Егер гистограмма деңгейді төменнен жоғары кесіп өтсе — сатып алуды ашу керек, және керісінше.

Белгілі техникалық аналитик Роберт Колби, «Нарықтың техникалық индикаторлар энциклопедиясы» кітабының авторы, Coppock индикаторымен бірге 5 -периодтық экспоненциалды сырғымалы орташаны пайдалануға кеңес береді.

EMA гистограммадан жоғары жақтан шығып төмен қарай бағытталса — активті сату керек және керісінше, EMA гистограммадан төменнен жоғары қарай шықса, сатып алудан саудалау керек. Бұл тәсіл бағаның жергілікті экстремумын тауып алуға мүмкіндік береді.

 Coppock Иидикаторы

ИнстаФорекс Coppock индикаторының параметрлері

ROC1Period = 14

ROC2Period = 11

MAPeriod = 10

MAType = 1

Жүктеу


Тізімге оралу
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.