empty
 
 

Еуро Индексі — бұл әлемдік негізгі бес валюта (USD, GBP, JPY, CHF және SEK) бағамдарының Еуроға қатысты өзгерісінің орташа көрсеткіші. Еуро Индексі 2006 жылы 13 енгізілді, NYBOT биржасында саудаланып келеді. Еуро Индексі халықаралық қаржы нарықтарына қатысушылар үшін бірыңғай еуропалық валютаның ағымдағы құнының «эталоны» болып табылады.

Есептеу формуласы

EURx = 34.38805726*EURUSD^(0,3155)*EURGBP^(0.3056)*EUR/JPY^(0.1891)*EURCHF^(0.1113)*EURSEK^(0.0785)

Саудада қолдану

EURindex компьютерлік индикаторы Forex нарығындағы негізгі валюта жұптарына бағаның өзгерісімен бірге жүретін Еуро Индексіндегі баға өзгерісін көрнекі түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Метатрейдерге арналған Еуро Индексін іс жүзінде саудада қолдану тұрғысынан алғанда (EUR/USD жұбы, сондай-ақ валюта нарығының өзге де активтері), индикаторды пайдаланудың екі бағытын атап көрсетуге болады: индикатор сызығының орташа сырғымалы баға мәндерімен қиылысуы және индикатордың бағамен дивергенциясын анықтау.

  • Егер Еуро Индексі баяу сырғымалы орташаны (SMA 50, 100) жоғарыдан төмен қарай кесіп өтсе, онда бұндай кесіп өтуді сәйкесінше сатып алу және сатуды ашу үшін қарастыру қажет. SMA және индикатор сызығын кесіп өту негізінде мәміледен пайдамен шығуды әр түрлі тәсілдермен жасауға болады, алайда мәмілені жабу үшін осы индикатордың кері сигналын пайдалануға кеңес берілмейді.
  • Егер индикатор сызығы ретінде Еуро Индексі өскен кезде, валюта жұбының баға графигінде төмендейтін баға қозғалысы байқалса, онда нарықта қазіргі уақытта баға көрсеткіштері мен индикатор көрсеткіштері арасындағы алшақтық байқалады (басқаша айтсақ, дивергенция). Мұндай жағдай, алдағы уақытта валюта жұбы бойынша баға өсуінің басталуын күтуге болатынын білдіреді.
  • Кері жағдай: егер бағаның өсуі кезінде, Индекс Еуро индикаторында төмендейтін үрдістің қалыптасуы байқалса, бұл валюта жұбы бағасының жақын арада төмен қарай бұрылатынын білдіреді.
Еуро Индексі индикаторы
Еуро индексі: InstaForex техникалық көрсеткіштері

Еуро индексі АҚШ доллары, GBP, Йен, CHF, SEK еуроға қатысты бағамдарының өзгеруінің орташа көрсеткіші болып табылады. Қолданудың екі жолы бар...


Тізімге оралу
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.
Обратный звонок