Сондай-ақ қараңыз
1. Бірінің артынан бірі жүретін үш ұзын қара шырақ түзіледі.
2. Күн сайын жабу бағасы төмендей береді.
3. Модельдің құрамына кіретін әрбір келесі шырақ алдыңғы шырақ денесінің ішінде ашылады.
4. Әрбір күн өзінің минимумында немесе соған жақын жабылады.
Нарық өзінің жоғарғы шыңына жетті немесе әлдебір уақыттай жоғары баға деңгейінде болды. Графикте ұзын қара күннің пайда болуымен баға құлдырай береді. Келесі екі күнде сатудың көптігі мен пайданың тиянақталуына байланысты бағаның одан әрі құлдырауы байқалады. Бағаның мұндай динамикасы бұқалардың пайдасына жүрмейді.
Ең дұрысы бірінші шырақтың денесін алдыңғы күннің максимумы тұрғысынан бақылау. Бұндай көрініс паттерннің аю сипатын күшейтері анық.
«Үш қара қарға» моделі осы модельдің аю сипатымен үйлесетін бір ұзын қара шыраққа түрленеді.
Туысқан модель ретінде оның «Біркелкі үш қарға» қатаң нұсқасын айтуға болады.