Мәмілелердің жалпы санынан берілген валюта жұбы бойынша кейінге қалдырылған ордерлер санының пайызы

Қандай да бір валюта аспабы (валюта жұбы)бойынша кейінге қалдырылған ордерлер саны Форекс-трейдерлер белгілеген келесі типтер бойынша мәмілелер санын көрсетеді: Buy Limit, Buy Stop, Sell Limit және Sell stop. «XXOrders» көрсеткіші көтерілу немесе өсу жағына қарай қозғалыс басталған жағдайда қандай да бір валюта жұбы бойынша нарықтың позицияға кіруге дайындығын сипаттайды. Бұл көрсеткіштің ерекшелігі және артықшылығы мынада: ол нарықтағы ағымдағы позицияларды емес, нарық келешекте ашуға дайын, яғни, нарықта болашақта боулы ықтимал позицияларды сипаттайды.

Валюта жұбы бойынша кейінге қалдырылған ордерлер саны нарықтың сол валюта жұбына қазіргі уақытта емес, қозғалыс - тренд басталған жағдайдағы қызығушылығын сипаттайды.

Кейінге қалдырылған ордерлердің көптігі нарықтың бұқа немес аю трендінің басталғанын күтуін білдіреді. Ықтималдығы ең жоғары валюта жұбы бойынша кейінге қалдырылған ордерлер санының салыстырмалы түрдегі азаюы трендтің басталғанын білдіреді.

ИнстаФорекс ұсынған MetaTrader терминалында статистиканың бұл түрі XXYYYYYYY символ түрінде қолжетімді, мұнда XX келесі мәндерге ие:

для EURUSD XX=EU
для GBPUSD XX=GU
для USDCHF XX=UC
для USDJPY XX=UJ
для USDCAD XX=UD
для EURCHF XX=EC
для EURJPY XX=EJ
для GBPCHF XX=GC
для GBPJPY XX=GJ

Символды бейнелеу үшін ИнстаФорекс компаниясы ұсынған MetaTrader 4 сауда терминалында оң жақтағы тетікпен Нарықты шолуға басып, менюдегі "барлық символды көрсету" пунктын таңдау керек.

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.