Депозиттен 55% Бонус сауда регламенті шеңберінде BUY немесе SELL түріндегі мәмілелер жасалғаннан кейін ИнстаФорекс-лоттардың X*6-ға тең жиынтық көлемде алынуы мүмкін, мұнда X=алынған бонустардың жиынтық көлемі (жойылған немесе ішінара жоғалған бонустық қаражаттарды қоспағанда, бонустардың барлық көлемі есепке алынады). EUR валютасында ашылған шоттар үшін мәмілелер көлемінің есебі мынадай формула бойынша жасалады: X*6*1.1 (ИнстаФорекс-лоттар). Бонустың бүкіл сомасы ғана алынатын болады (Stop Out басталғаннан кейін шотта есептелетін бонустық қаражатты қоспағанда); бонусты ішінара алу мүмкіндігі жоқ. Сауда шотынан бонустық қаражатты алу үшін, мына мекенжайға өтінім жіберу қажет: [email protected] . Алынатын бонус менеджер шығаруға өтінімді қараған кезде шотта болуы керек.
Мысал.
Клиент 1000 АҚШ доллары сомасына шотты толтырды. 55% Бонус 550 АҚШ доллары мөлшерінде есептелді. Бонустық қаражатты алу үшін жиынтық көлемі 550 * 6 = 3300 ИнстаФорекс-лотпен мәмілелер жасау қажет.