Facebook
 
 

Форекс нарығы (ағылш. Forex market, немесе FX-market) — валюталарды айырбастаудың банкаралық нарығы. Форекс терминін валюта операцияларының бүкіл жиынтығын емес, валюталарды өзара айырбастауды белгілеу үшін қолданады. Форекс нарығындағы операциялар сауда, алып-сатарлық, сақтандырушы және реттеуші болуы мүмкін.

Интернеттің қарқынды дамуына байланысты, Форекс нарығы кез-келген жастағы әрбір адамға валюта нарығының бағамдарында нақты уақыт режимінде саудалауды бастауға мүмкіндік береді. Форекс нарығында сауда операцияларын жасау үшін Интернетке қосылыс және сауда платформасы болса жеткілікті.

Форекс нарығының тарихы

1971 жылдың тамызында АҚШ президенті Ричард Никсон доллардың алтынға еркін айырбасталуынан бас тартты. Содан кейін, 1971 жылдың желтоқсан айында Вашингтонда Смитсондық келісім құрылды, онда АҚШ долларына қатысты валюта бағамының 1 % ауытқуының орнына 4,5 % - ға (АҚШ доллары кірмейтін валюта жұптары үшін 9 %) ауытқулар орын ала бастады. Бұл тұрақты валюта бағамдарының жүйесін жойды. Орын алған өзгерістердің мақсаты алтын бағасына қатысты либералды саясатқа келіп саяды. Егер бұрын валюта бағамдары алтын стандартының қолданылуына орай тұрақты болса, осындай іс-әрекеттерден кейін алтынның құбылмалы бағамы валюталар арасындағы айырбас бағамының сөзсіз құбылуына әкеп соқты. Бұл қызметтің салыстырмалы түрдегі жаңа саласының— валюта саудасының пайда болуына түрткі болды, мұнда айырбастау бағамы валютаның алтын баламасымен қатар, соған деген нарықтық сұраныс/ұсынысқа да тәуелді бола бастады. 1976 жылдың қаңтарында Кингстон қаласында ХВҚ мүше-елдердің министрлерінің отырысында ХВҚ жарғысына түзетулер енгізілетін, халықаралық валюта жүйесінің құрылысы туралы жаңа келісім қабылданды. Көптеген елдер ұлттық валюталарын долларға немесе алтынға байланыстырудан бас тартты. Алайда, 1978 жылы ғана ХВҚ мұндай бас тартуға ресми түрде рұқсат берді. Осы сәттен бастап, еркін айналымдағы бағам валюта айырбастаудың негізгі тәсілі болды.

Жаңа валюта жүйесінде ақшаның сатып алу қабілетін алтын баламасы негізінде анықтаудан түбегейлі бас тарту орын алды. Осы келісімге қатысушы елдердің ақшалары ресми алтын мағынасына ие болудан қалды. Алмасу еркін валюта нарығында еркін баға бойынша жүре бастады.

    Еркін айналымдағы бағам жүйесін орнату мыналарға жеткізді:
  • - Орталық банктер валюта бағамдарына және елдің экономикалық жағдайына нарықтық әдістермен әсер ету мүмкіндігін алды;
  • - Импорттаушылар, экспорттаушылар және оларға қызмет көрсететін банк құрылымдары валюта нарығының тұрақты қатысушылары болды, өйткені валюта бағамдарының өтімділігі олардың жұмысының қаржылық нәтижесіне оң және теріс әсерін тигізді.

Форекс нарығының күнделікті айналымы

Нақты деректер жоқ, себебі бұл биржадан тыс нарық, сондай-ақ міндетті тіркеу және мәмілелер туралы жарияланымдар жоқ. 2005-2006 жылдары Форекс нарығындағы күндізгі айналым, түрлі бағалау бойынша, 2-ден 4 трлн. АҚШ долларына дейін өзгерген. Осы көлемнің бір бөлігін, мәмілеге қатысушының шынайы ақша қаражатынан көп мәрте асатын сомаға келісім-шарттар жасасуға рұқсат етілетін маржиналды сауда қамтамасыз етеді. Мәмілелердің сипаты мен мақсаттарына қарамастан, күндізгі үлкен айналым Форекс нарығының жоғары өтімділігінің кепілі болып табылады.

Форекс нарығы пайда алудың құралы ретінде:

Интернетте Форекс нарығында табыс табудың көптеген жарнамаларын көруге болады, бірақ бұл жұмыстың жалдау бойынша атқарылмайтынын және келісілген жалақысы жоқ екенін ескеру керек. Тек Сіз және Форекс нарығы бар, және Сіздің пайдаңыз немесе шығыныңыз Сіздің әрекетіңізге байланысты болмақ. Бұл өзінің бастапқы капиталы мен сөзсіз тәуекелдері бар бизнес.

Табыстың түрі ретіндегі Форекс нарығындағы маржиналды сауданың бірнеше спецификалық ерекшеліктері бар: бастықтар және бағыныштылар жоқ; үлкен бастапқы капитал талап етілмейді; үнемі жаңа тәсілдер мен дағдыларды игеруді қажет етпейтін біртекті операциялар; шығын қатерімен ұштастырылған өте үлкен әлеуетті табыстылық. Осы ерекшеліктер маржиналды сауданы шағын старттық капиталда биржалық сауданы бастау үшін тартымды етеді.

Нарықпен үйретуші демо-шоттар арқылы тез танысуға болады. Бұл үшін Сізге өзіңізді қызықтыратын брокерді таңдап, сауда платформасын жүктеп және демо-шот ашуыңыз қажет. Кез -келген бизнестің пайда алу немесе шығынға бату сияқты ықтималдығы болады. Сіздің пайдаңыз шығындарыңыздан асып түсуі үшін, Сіз Форекс нарығын және оның әдіс-тәсілдерін дұрыстап біліп алуыңыз керек. Сіз Форекс нарығының ережелерін сақтап және дұрыс бағдарлана алған кезде, Сіз табысты трейдер боласыз.

Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.