Facebook
 
 

Форекс нарығындағы сауда сигналдары– бұл сауда аспаптарын (валюта жұптарын) сатып алу немесе сату сигналдары, яғни позицияларды дер кезінде ашу және жабуға арналған сигналдар.


Сауда сигналдар қазіргі кезде Форекс валюта нарығында сұранысқа ие қызмет болып табылады. Бұл сигналдар трейдерге пайдалы ақпаратты – қандай валюта жұбы бойынша және қандай бағамен операцияны жасау керек, позицияны қашан жабу керек, өз қаражатын көп көлемде жоғалтпас үшін стоп-лосты қандай деңгейде қоюға болатыны туралы кеңестер береді. Трендтің қате айтылған қозғалысында сигнал, максималды нәтиже алу үшін тэйк профитті қайда орналастырудың дұрыс екенін көрсетеді.


Форекс нарығындағы сигналдар, әрине, трейдер үшін маңызды рөл атқарады. Алайда, трейдер оны толығымен және сөзсіз ұстануы тиіс емес. Бұл тек оның күнделікті саудадағы көмекшілері ғана, позицияны ашу туралы шешімді трейдер барлық факторлардың жиынтығын ескере отырып қабылдауы тиіс, атап айтқанда, сыртқы ортаның факторлары (микро және макро - экономикалық факторлар), техникалық талдау факторлары, сондай-ақ нарықтан тыс факторларды назарға алу керек (саяси ахуал, түрлі форс-мажорлық мән-жайлар және т.б.).


Интернетте орасан зор пайдаға кепілдік беретін Форекс сигналдарды ұсынатын: «Біздің сауда сигналдарымызды қолданған кезде пайда 10 валюта жұбы бойынша айына шамамен 1000 – 1500 пунктты құрайды, сауда процесі толығымен автоматтандырылған» деген сайттар жиі ұшырасады.


Осындай ұсыныстарға абай болыңыз және абыройлы әрі трейдерлік әлемдегі беделі сыннан өткен ақпарат көзіне ғана сенім артыңыз. Сауданың Форекс – сигналдарын қалай тарататынын да келесі жолмен тексеруге болады: өзіңіз сенетін жандардың (жеткізушінің қызметін пайдаланған достарыңыз, әріптестер мен жақындарыңыз) пікірлері ең керемет көрсеткіш болып табылады.


Егер ондай адамдар болмаса, онда өздігіңізден талдау жүргізуіңіз керек. Мұны, олардың валюта нарығында өздерінің онлайн Форекс – брокері арқылы жасаған мәмілелердің динамикасын тексеріп, жасауға болады. Әдетте, мұндай статистика клиенттер үшін қол жетімді болып табылады. Егер мәлімет берілмесе, басқа компанияларды іздеңіз, бүгінгі күні мұндай компаниялар саны ондап, тіпті, жүздеп саналады.


Форекс сауда сигналдары сенімгерлік басқарудың баламасы ретінде беріледі. Кез -келген жағдайда, мәмілені жасау кезінде сіз басқа адамдардың тәжірибесіне немесе бағдарламаның алгоритміне сүйенесіз, нарықты өздігіңізден талдамайсыз. Егер сигналды сатып алсаңыз, онда жазылым үшін тиянақталған соманы төлейсіз және сіздің брокеріңіздің сауда платформасы арқылы дербес мәміле жасайсыз. Егер инвестицияласаңыз, онда сенімгерлік басқару қызметінің аясында мәмілені сіздің атыңыздан және өз қалауы бойынша брокер жасайды, бірақ сіз онымен пайданың бір бөлігімен бөлісесіз. Қандай жағдай болса да, егер валюта нарығындағы ахуал сіздің пайдаңызға қарай қалыптаспаса, сіз шығынның барлық тәуекелін өзіңізге аласыз..


Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.