Сайттың картасы
العربية Български 中文 Čeština English Français Deutsch हिन्दी Bahasa Indonesia Italiano Bahasa Malay اردو Polski Português Română Русский Srpski Slovenský Español ไทย Nederlands Українська Vietnamese বাংলা Ўзбекча O'zbekcha Қазақша

ИнстаФорекс клиентінің кабинеті

  • Кабинетті дербес баптау
  • Компанияның барлық сервистеріне қол жеткізу
  • Егжей-тегжейлі статистика және мәмілелер бойынша есеп беру
  • Қаржылық операциялардың толық спектрі
  • Бірнеше шоттарды басқару жүйесі
  • Деректерді қорғаудың ең жоғары дәрежесі

ИнстаФорекс серіктесінің кабинеті

  • Клиенттер мен комиссиялар туралы егжей-тегжейлі ақпарат
  • Шоттар мен басулардың графикалық статистиксы
  • Вебмастер үшін қажетті аспаптар
  • Дайын веб-шешімдер және баннерлердің кең таңдауы
  • Деректердің жоғарғы қауіпсіздігі
  • Компанияның жаңалықтары, RSS-ленталар және Форекс-информерлер
Сауда шотын ашу
Серіктестік бағдарлама
cabinet icon

ИнстаФорекстен тағы бір Lamborghini!оның рөлінде дәл Сен бола аласың!

Жай ғана сауда шотын 1000 долларға толтыр!

Ең жақсы сауда шарттарын және сәнді бонустық ұсыныстарды ал! Біз аңызға айналған 6 спорткарды сыйға тарттық! Және біз тоқтамаймыз! Соңғы шыққан Lamborghini Huracan сенікі болуы мүмкін!

ИнстаФорекс – өз жеңістеріңе инвестицияла!

Шотты тез ашу

Үйретуші хаттар алу
toolbar icon

Сауда алаңы

Мобильді құрылғылар үшін

Браузерде саудалау үшін

Дакар 2018 қарсаңындағы тестілік жарыстар

Перу, Боливия және Аргентина аумақтарынан өтетін, «Дакар-2018» әйгілі ралли-марафонның басталуына айға жетпес аз уақыт қалды. Бұл жолы біздің InstaForex Loprais Team командамыз трассаға «Жібек жолы 2017» жарысында, сондай-ақ Чехия мен Польшаның шөлді ландшафттарында өзін өте жақсы көрсеткен TATRA...

Перу, Боливия және Аргентина аумақтарынан өтетін, «Дакар-2018» әйгілі ралли-марафонның басталуына айға жетпес аз уақыт қалды. Бұл жолы біздің InstaForex Loprais Team командамыз трассаға «Жібек жолы 2017» жарысында, сондай-ақ Чехия мен Польшаның шөлді ландшафттарында өзін өте жақсы көрсеткен TATRA Queen 69 ReBorn жүк көлігінде 504 нөмірімен шығады.

Дакар 2017: үздік сәттері

InstaForex Loprais Team командасы Дакар 2017 ралли-марафонда 7-ші орын алды. Планетадағы көптен күткен ралли жарысы 2-ші қаңтарда Асунсьонда басталып, 12 күнге созылды. Осы уақытта Лопрайстың командасы Парагвайдың, Боливия мен Аргентинаның өте ауыр және қауіпті арнайы учаскелерін...

InstaForex Loprais Team командасы Дакар 2017 ралли-марафонда 7-ші орын алды. Планетадағы көптен күткен ралли жарысы 2-ші қаңтарда Асунсьонда басталып, 12 күнге созылды. Осы уақытта Лопрайстың командасы Парагвайдың, Боливия мен Аргентинаның өте ауыр және қауіпті арнайы учаскелерін еңсеріп, күрделі 12 кезеңнен өтті. Жанкүйерлер жарысқа қатысушыларды Буэнос-Айрестегі мәре сызығында күтіп алды. Кезекті Дакар жарысы команда тарихында эволюциялық үлгідегі, ралли үшін арнайы құрастырған Tatra Phoenix жаңа жүк көлігінде өтті. Бұл жарыста Алеш Лопрайс және Мартин Колома өз күштерін біріктіріп, InstaForex Tatra Buggyra Racing Formation тандемін құрды. Буэнос-Айреске жетер жолда техникалық ақаулар да орын алды: рөлдің гидрокүшейткішін жөндеу, артқы амортизаторлардың зақымдануы. Нашар ауа-райымен бірігіп, осының бәрі қатысушылардың психологиялық көңіл-күйлеріне және нәтижесіне әсер етпей қоймады. Алайда, қиындықтарға қарамастан, команда жарыстың соңғы кезеңдерін еңсеріп, мәреге жете алды. InstaForex Loprais Team марафонның қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсетіп, 14-ші орыннан 7-ші орынға көтерілді.

Merry Dakar Christmas

Рождествода біз өзіміздің аты аңызға айналған Принцесса 69 көлігіміздің батпақтағы, қар мен суық кездегі қысқы тестілеу сессиясын түсірдік! Жаңа жылдарыңызбен және Рождество мерекесімен!

Рождествода біз өзіміздің аты аңызға айналған Принцесса 69 көлігіміздің батпақтағы, қар мен суық кездегі қысқы тестілеу сессиясын түсірдік! Жаңа жылдарыңызбен және Рождество мерекесімен!

Дакар 2017 - Прагадағы баспасөз конференциясы

Алеш Лопрайс алдағы Дакар 2017 ралли жарысына арналған өзінің жаңа Татра Феникс жүк көлігін көрсетті. Әлемдегі ең ауқымды ралли жарысы 2-ші қаңтарда Асунсьонда басталып, 14-ші қаңтарда Буэнос-Айресте аяқталады.

Алеш Лопрайс алдағы Дакар 2017 ралли жарысына арналған өзінің жаңа Татра Феникс жүк көлігін көрсетті. Әлемдегі ең ауқымды ралли жарысы 2-ші қаңтарда Асунсьонда басталып, 14-ші қаңтарда Буэнос-Айресте аяқталады.

Tatra Buggyra / ДАКАР 2017 тестілеу сессиясы

InstaForex Loprais Team жаңа жүк көлігі - Tatra Buggyra-мен Дакар 2017 дайындалуда. Бұл бейне роликте сіз жаңа Tatra Phoenix тестілеу сессиясын көресіз.

InstaForex Loprais Team жаңа жүк көлігі - Tatra Buggyra-мен Дакар 2017 дайындалуда. Бұл бейне роликте сіз жаңа Tatra Phoenix тестілеу сессиясын көресіз.

Дакар 2016 үздік сәттері

Дакар-2016 ралли-марафон бұл жылы 2 - 16 қаңтарда Аргентина мен Боливия аумағында өтіп, Алеш Лопрайстың — InstaForex Loprais Team командасы үшін — нағыз сынақ болды. 9 мың шақырымға созылған маршрут, өкінішке орай, техникалық қиындықтардың себебінен еңсерілген жоқ. Төртінші кезеңде...

Дакар-2016 ралли-марафон бұл жылы 2 - 16 қаңтарда Аргентина мен Боливия аумағында өтіп, Алеш Лопрайстың — InstaForex Loprais Team командасы үшін — нағыз сынақ болды. 9 мың шақырымға созылған маршрут, өкінішке орай, техникалық қиындықтардың себебінен еңсерілген жоқ. Төртінші кезеңде команда теңіз деңгейінен 4 000 метр биіктікте байланыссыз және көлікті жөндеуге арналған қажетті бөлшектерсіз тұрып қалды. Нәтижесінде, айтарлықтай көп уақыт жоғалтқан Лопрайс келесі кезеңге өте алмады. Жеңіліске қарамастан, команда еңселерін тік ұстап, келесі жарысқа дайындыққа кірісті. Дакар-2016 ең жарқын және есте қаларлық сәттері — жаңа бейнероликте.

InstaForex Loprais Team. Дакар 2016

16 қаңтарда Дакар-2016 ралли-рейдтің соңғы 13-ші кезеңі аяқталды, оған автомобильдер, жүк көліктері, квадроциклдер және мотоциклдер сияқты жарыс техникасының төрт класы бойынша спортшылар қатысқан еді. InstaForex Loprais Team командасы жарысқа каньондар, сортаңдар мен өтуі қиын құмдардан...

16 қаңтарда Дакар-2016 ралли-рейдтің соңғы 13-ші кезеңі аяқталды, оған автомобильдер, жүк көліктері, квадроциклдер және мотоциклдер сияқты жарыс техникасының төрт класы бойынша спортшылар қатысқан еді. InstaForex Loprais Team командасы жарысқа каньондар, сортаңдар мен өтуі қиын құмдардан жүруге қабілетті IVECO жүк көлігімен шықты. Осы жылы Алеш Лопрайс Дакарға жүк көліктері класындағы ралли-марафонның абсолютті жеңімпазы, өз серіктесі голландтық Жерар де Роймен бірге қатысты.

Ралли Марокко 2015

Мароккода 3-9 қазанда ралли-рейд бойынша ФИА — ралли әлем Кубогының кезекті кезеңі OiLibya оf Morocco 2015 өтті. Марафонның бес кезеңінің үшеуінде жүк көліктері класында Алеш Лопрайстың InstaForex Loprais Team командасы сенімді түрде жеңіске жетті, ал барлық жарыстың нәтижелері бойынша ...

Мароккода 3-9 қазанда ралли-рейд бойынша ФИА — ралли әлем Кубогының кезекті кезеңі OiLibya оf Morocco 2015 өтті. Марафонның бес кезеңінің үшеуінде жүк көліктері класында Алеш Лопрайстың InstaForex Loprais Team командасы сенімді түрде жеңіске жетті, ал барлық жарыстың нәтижелері бойынша екінші орынға ие болды. Сондай қалаулы мәреге жету жолында команда жаңа Iveco Torpedo Сахара шөлінің өте күрделі құмды жолдарын, кеуіп қалған өзен аңғарларын, Атлас тау етегін және Қара құрылықтың басқа да қауіпті учаскелерін еңсерді.

Африка шөліндегі екінші тест-драйв

Бұл бейне роликте команданың жаңа ралли маусымына және «Дакар-2016» марафонға дайындығы туралы есеп берілген. Бұл жолы сынақ полигоны Африканың солтүстігі – Марокконың шөл даласы болды. Алеш Лопрайс техниканы өзінің серіктесі – белгілі раллий шабандозы– Жерар де Роймен бірге тестіден...

Бұл бейне роликте команданың жаңа ралли маусымына және «Дакар-2016» марафонға дайындығы туралы есеп берілген. Бұл жолы сынақ полигоны Африканың солтүстігі – Марокконың шөл даласы болды. Алеш Лопрайс техниканы өзінің серіктесі – белгілі раллий шабандозы– Жерар де Роймен бірге тестіден өткізді.

InstaForex Loprais Team: Африканың шөл даласында жүрудің сынағы

Команда жаңа көліктің қуаты мен өтімділігін Сахара шөлінің экстремалды жағдайларында сынайды. Африкалық жолсызбен жүргенде «жауынгерлік серікті» сынақтан өткізіп қана қоймай, команданың үйлесімділігін жарыс жағдайында шыңдаудың мүмкіндігі туды. Бұрын белгілі болғандай, «Дакар» раллиіне...

Команда жаңа көліктің қуаты мен өтімділігін Сахара шөлінің экстремалды жағдайларында сынайды. Африкалық жолсызбен жүргенде «жауынгерлік серікті» сынақтан өткізіп қана қоймай, команданың үйлесімділігін жарыс жағдайында шыңдаудың мүмкіндігі туды. Бұрын белгілі болғандай, «Дакар» раллиіне атақты екі қатысушы — Алеш Лопрайс және Жерар де Рой — алдағы жарыстарда бірге болуға ниетті.

Дакар 2015 үздік сәттері

Бұл бейне роликте «Дакар - 2015» ралли-марафонның ең үздік әрі қызықты сәттерінен ретроспектива ұсынылған. Жеті минут бойына сіз «Дакар» жарысының жарқын да есте қалар оқиғаларын: InstaForex Loprais Team командасының презентациясы, жарыстың басталуы мен Буэнос-Айрестегі мәреге жетуді...

Бұл бейне роликте «Дакар - 2015» ралли-марафонның ең үздік әрі қызықты сәттерінен ретроспектива ұсынылған. Жеті минут бойына сіз «Дакар» жарысының жарқын да есте қалар оқиғаларын: InstaForex Loprais Team командасының презентациясы, жарыстың басталуы мен Буэнос-Айрестегі мәреге жетуді тамашалайсыз. Қайнаған күн, шетсіз-шексіз құм дала, жартастар мен тынық мұхиты жағалауы, жазықтар мен асфальтты арнайы учаскелер — осының бәрі «Дакар - 2015». Раллий автоспорты әлеміндегі №1 оқиға барлық жанкүйерлерге жарыс құмарлығы мен шиеленіске, әр секунд үшін күреске толы және спортшылардың қайыспас табандылығын көрсететін қызықты сәттерді кезекті рет тарту етеді. Биылғы жылы Алеш Лопрайстың командасы үш Kamaz`ды оздырып, тағы бірін артта қалдырып, 4-ші орынды иеленді. Команданың қаншама техникалық қиындықтарды бастан кешіргенін ескерсек, бұл өте керемет жетістік.

Дакар 2015: 12-ші кезең

Бұл бейне роликте Термас де Рио Ондо және Росарио қалашықтары арасында өткен "Дакар-2015" ралли-марафонның он екінші кезеңінен есеп берілген. Осы жылғы жарыстың он екінші кезеңі узақ уақыт бойы есімізде қалары сөзсіз. InstaForex Loprais Team командасы стартты жақсы бастады және өте...

Бұл бейне роликте Термас де Рио Ондо және Росарио қалашықтары арасында өткен "Дакар-2015" ралли-марафонның он екінші кезеңінен есеп берілген. Осы жылғы жарыстың он екінші кезеңі узақ уақыт бойы есімізде қалары сөзсіз. InstaForex Loprais Team командасы стартты жақсы бастады және өте шаңды, оның үстіне тастармен үйілген учаскеге жеткенше солай болды. Шамамен 140 км/сағ. жылдамдықта команданың пилоты Алеш Лопрайс жалтарып кетуге тырысып, көлікті жолдың басқа жағына бағыттады. Алайда, онда да сондай тастар болды, нәтижесінде артқы дөңгелек тесіліп қалды. "Мен жылдамдықты жоғалтпай, көлікті жолда ұстап тұра алдым, бірақ оны жөндеуге 20 минуттан астам уақыт жұмсауға тура келді. Біз керексіз жерде тоқтадық та, дөңгелекті қажетті деңгейде тез ауыстыра алмадық. Дөңгелекті ауыстырып, жарысты жалғастырдық. Біз дөңгелектерінен шаң бұрқыраған басқа машиналарды басып озуымызға тура келді, бұлай оларды басып озу өте қауіпті еді", - дейді Алеш "Дакар - 2015" кезекті кезеңін аяқтап.

Команданың басты беті
Көбірек көрсету
loader