MetaTrader 5 сауда терминалы өзінің пайдаланушыларына келесі функцияларға қолжетімділікті ұсынады:
- сауда операцияларын орындау;
- Stop Loss және Take Profit ордерлері арқылы, сондай-ақ бағдарлама-кеңесшілердің көмегімен ашық позицияларды және кейінге қалдырылған ордерлерді бақылау және басқару;
- нақты уақыт режимінде котировкалар мен жаңалықтарды алу;
- кірістірілген техникалық индикаторлар мен сызықтық аспаптардың көмегімен техникалық талдау жүргізу;
- сауда стратегияларын тестілеу және оңтайландыру;
- бір шоттан бірден бірнеше қаржы нарығында және биржаларда саудалау;
- биржада опциондарды, фьючерстер мен акцияларды саудалау;
- 82 түрлі аналитикалық аспаптарды пайдалану;
- терминалдың құрамына кіретін MQL5 бағдарламалау тілін пайдалану.
MetaTrader 5 сауда терминалы — бұл тәжірибесі мен сауда стиліне қарамастан, кез -келген трейдерге қаржы нарығында қажетті бағдарламалық аспаптардың толық жинағы.
Шот ашу
MetaTrader 5 сауда терминалы нақты шоттардағы жұмысты қолдайды. Шот ашу үшін Сіз төменде орналасқан тетікті басып, содан кейін тіркеу процедурасынан өтуіңіз керек.