Facebook
 
 

Сток-маркет (АҚШ-та) пен Форекс нарығының бір-бірінен бірқатар айырмашылықтары бар. Ресейде сток-маркетті акционерлік нарық деп те атайды. Осы екі нарық арасындағы айырмашылық неде?

1. Сток-маркеттегі жұмыс таңертең 9.30 басталып, Нью-Йорк уақыт бойынша 16.00 дейін жалғасады. Сондықтан, мәмілелердің көп бөлігін күндіз жүзеге асыратын трейдерлер бұл уақытта сток-маркетте белсенді саудалай алмайды. Оған қарағанда Форекс нарығы тәулік бойы жұмыс істейді (сенбі және жексенбі күндерінен басқа, бұл күндері сауда болмайды), бұл трейдерге нарыққа бейімделмей, өзіне неғұрлым ыңғайлы және қолайлы сауда уақытын таңдауға мүмкіндік береді.

2. Сток-маркетте сауда түрлі компаниялардың мыңдаған акцияларымен жүргізілуіне байланысты қандай компаниялардың қандай акцияларына бағаның өсетінін немесе керісінше, төмендейтінін болжау, олардың барлығымен толық танысып шығу сияқты өте қиын немесе тіпті, мүмкін емес. Сол себепті кейін бақылау үшін қандай да бір негізгі компанияларды таңдау өте күрделі міндет болып табылады.

Алайда, Форексте көп жағдайда сауда бағасы АҚШ долларымен жүретін бірнеше нақты валюталармен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, осы валюта жұптарының долларға және бір-біріне қатысты құны сток-маркеттегі компаниялардың акцияларына қарағанда экономикалық жағдайлар мен жаңалықтардың әсеріне көбірек ұшырайды.

Қызықтыратын елдердің ішкі жағдайына әсер ететін экономикалық факторларды объективті талдау әлдеқайда жеңіл, өйткені экономикалық жаңалықтарды бұқаралық ақпарат құралдары тұрақты түрде жариялап тұратындықтан, оларға әрқашан еркін қол жеткізуге болады.

3. Елдегі экономикалық жағдай мен нарықтың ұдайы құлдырауы кезінде сток-маркетте саудалайтын инвесторлар қиын жағдайда қалады. Мұндай сәттерде олардың табысы төмендейді, кейбір жағдайларда егер инвестор ойынды төмендетуге жүргізу үшін брокерден қарыз ақша алмаса, нөлге дейін құлдырап кетуі мүмкін. Экономиканың циклдық дамуына байланысты, оның өсуінен кейін әрқашан құлдырау болады, оның ұзақтығы бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін.

Бұл кезде Форекс нарығында сток-маркетке қарағанда, трейдерлер бағасы көтерілгенін сатып алып, бағасы түсе бастаған валютаны сатып, сауда жүргізеді. Бұл Форекс валюта нарығында сауда жүргізудің және одан пайда алудың негізгі принципі.

Форекс валюта нарығының сток-маркеттегі акциялармен салыстырғандағы бірқатар артықшылықтарына қарамастан, жүз пайыздық ұтысқа мұнда ешкім де кепілдік бере алмайды. Сток-маркеттегі сияқты, мұнда да барлық қаражаттан айырылып қалу қаупі бар.

Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.