Айқарма стратегиялардың ішінде ең танымал және тиімдісі «Үш шың» және «Үштік түп» болып табылады. Тренд кері бағытта бұрылу сәтінде олардың пайдалану неғұрлым орынды. Стратегияның негізі графикалық фигураны баға графигі белгілі бір талаптарға сәйкес келетін кезде анықтауда жатыр.

«Үш шың»

«Үш шың (түбі)» паттерны

Графикте біз «Үш шың» фигурасын көреміз. Ол тренд бұрылуының индикаторы қызметін атқарады. Трейдер қолдау және кедергі деңгейлеріне сүйеніп табыс таба алады. «Үштік түп», және «Үш шың» графикте тез анықталады. Олар минуттық және сағаттық кесінділерде түзіледі. Бұл фигураларды анықтау оңай болғандықтан, айқарма заңдылығы позицияны дұрыс бағытта дер кезінде ашуға мүмкіндік береді.

Негізіне «Үш шың» алынған стратегия «бұқа»нарығы кезінде, яғни өрлемелі трендте қолданылады. Активтің құны қатарынан үш рет кедергі деңгейін кесіп өтуге талпынады. Егер олай болмаған жағдайда ол қолдаудың (мойын) алдыңғы деңгейіне дейін бұрылады, яғни тренд өзгереді.

Көбінесе тәжірибесі аз трейдерлер «Үш шыңды» «Қосарлы шың» фигурасымен шатастырады, оның қалыптасу барысында баға қолдау деңгейіне екі мәрте жақындайды. алдымызда қандай фигура тұрғанын дәл анықтау үшін қате болжам жасап, ақша жоғалтқанша, бұған сәл артық уақыт бөлу керек

«Үштік түп»

«Үш шың (түбі)» паттерны

«Үштік түп» аю тренді кезінде қалыптасады және нарықтық жақын арада қарама-қарсы жаққа бұрылатыны туралы айтады. Кейде бұл фигура қолдау деңгейін кесіп өтетін көлеңкесі үзын және денесі қысқа шыраққа ұқсайды. Тәжірибесі аз трейдерлерді аздап састыруы мүмкін, алайда «шырақтың» бұндай жосығы нарықта «бұқа» трендінің басым тұрғанын білдіреді. Қиып өтетін шырақ пайда болса немесе баға бір күнде үшінші деңгейге жетсе, сатып алуға себеп болғаны. Осы жағдайда трейдер кедергі сызығына назар аударуы тиіс.

Барлық шыңдардың ұштары көлденең деңгейде орналасқан. Баға шыңнан кері кеткенде, үш ойпаттың минимумдары да бір көлденең сызықта қалады. Егер сіздеу «Үш шың» түзілсе, бағаның түсіп мойын деңгейінен өтуін күтіңіз. Бұл өрлемелі трендтің бұрылып, қарама-қарсы бағытта қозғала бастайтынын, яғни төмен кететінін білдіреді.

Өзекті паттерндер

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.