Facebook
 
 

Форекс Интернетке шығатын компьютермен нарықта сауда жасауға болатынымен танымал болды. Нарыққа шығу үшін аздаған қаражат керек, ал сауданы трейдердің қатысуынсыз, кеңесшілердің көмегімен автоматты түрде жүргізуге болады.

Форексте саудалауды жаңа бастағандардың көбінесе, қажетті тәжірибесі жоқ және өздігінен сауданы бірден бастау үшін білімі де жеткіліксіз. Осы себеппен трейдерлердің жартысынан көбі, шамамен 70%, өздігінен сауда жүргізбей, автоматты түрде саудалауды ұнатады. Кеңесшілерді пайдалану сауда процесіне, үрей, артық қобалжу сияқты адами сезімдердің әсер етпеуіне көмектеседі. Кеңесшілер табысты саудалайтын трейдерлердің және кәсіби аналитиктердің көпжылдық тәжірибесі негізінде әзірленеді. Автоматты сауда бағдарламасы жүз пайыздық пайдаға кепілдік бере алмаса да, олардың көмегімен білім мен тәжірибе жеткіліксіз болса да, Форекс нарығында сауданы бастауға болады.

Кеңесшілердің көмегімен саудалау ретінде танымал автоматты сауда деген не?

Кеңесшілер – бұл брокерден трейдерге түсетін графиктерді, көрсеткіштерді өңдеу және талдау кезінде пайдаланылатын, әр түрлі модульдерді қамтитын арнайы бағдарлама.

Автоматтандырылған сауда жүйелерін трейдерлер әзірлеп, ұзақ уақыттан бері пайдаланып келеді. Жыл сайын осындай бағдарламалар көптеп әзірленеді; көпшілігі жаңартылып, жаңа басылымдарда шығып, жұмыста неғұрлым жетіле түседі. Қазіргі кеңесшілердің көмегімен саудалау пайда алуға көмектесіп қана емес, Форекс нарығымен және ондағы жұмыс принципімен жақынырақ танысуға және табысты сауда үшін қажетті дағдылар мен білімді алуға мүмкіндік береді.

Автоматты сауда үшін түрлі компаниялар ұсынатын кеңесшілердің көпшілігі, әдетте, олармен жұмыс істеуді бастау үшін арнайы дағдыны талап етпейді. Оларды тек жүктеп, орнатып және бастап сауданы бастауға болады, нәтижесі әдетте дереу көрінеді.

Көбінесе автоматты сауда жүйесі бағдарлама функциясын толық және айқын сипаттаумен, тегін беріледі, бірақ кейде бағдарламаның мұндай сипаттамасы оның нақты мүмкіндіктеріне сәйкес келмей жатады. Сондықтан, кеңесшілердің барлық артықшылықтарына қарамастан, оларға толық сүйенудің қажеті жоқ. Жеткілікті тәжірибе алған және сауда стратегияларын талдай алатын трейдерлер, шағын уақыт аралықтарындағы немесе ұзақ мерзімдегі валюта бағамдарының қозғалысын анықтай отырып, дербес сауданы бастайды.

Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.