Мәскеуде «Miss Insta Asia - 2014» жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті

8 қарашада ИнстаФорекс III жыл сайынғы мәскеу конференциясы аясында танымал «Miss Insta Asia — 2014» онлайн-сұлулық конкурсы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. «Miss Insta Asia» 5-ші конкурсының марафоны 2013 жылдың күзінде басталып, биылғы жылдың қазан айында аяқталғанын естеріңізге сала кетейік.

«Miss Insta Asia - 2014» титулы мен тәжі үшін Малайзия, Индонезия және Филиппиннен Ұлыбританияға дейін, Исландия мен АҚШ; Ресей, Украина және Латвиядан Үндістан, Иран мен Қытайға дейін, әлемнің 30-дан астам елінен арулар бақ сынасты. Бір жыл бойына қатысушы бойжеткендер конкурстың сайтында өздерінің қызықты, айшықты, есте қаларлық фотосуреттерін жариялады, өз анкеталарын және бейнеороликтерін орналастырды!

Өздеріңіз білетіндей, ашық Интернет-дауыс берудің қорытындысы бойынша «Miss Insta Asia - 2014» атағы ең әдемі конкурсантка Наталья Потоцкаяға бұйырды. Бесінші маусымда пайдаланушылар мен қазылар алқасы - бесінші маусым бес жеңімпаз деп, жеңімпаздар санын анықтады. Ашық дауыс беру негізінде 2013-2014 конкурстық маусымның ең әдемі қыздары арасындағы орынның қалай бөлінгенін тағы да естеріңізге сала кетейік:
1 орын - Наталья Потоцкая, жүлде 20 000 USD
2 орын - Виктория Смилко, жүлде 10 000 USD
3 орын - Яна Осадчая, жүлде 5 000 USD

Қазылар алқасы арнайы екі номинацияда жеңімпаздарды анықтады:
Insta Choice – Флори Рязанова — 5000 USD
Forex Lady – Любовь Гончарова — 5000 USD

Өткен жылдардағыдай, марапаттау рәсіміне қонақтар көп жиналды. Әдемі қыздар, кешкі көйлектер, сыйлықтар, жүлделер, бірлескен түсірілімдер және, әрине, конференция қонақтары мен «Miss Insta Asia» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне арнайы келушілердің ду қол шапалақтауымен көрінген ыстық ықыласы.
Конкурстың өткен маусымы туралы соңғы жаңалықтар, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі, сондай-ақ, сұлу қыздармен фоторепортаж бен сұхбатты сіздер «Қорытынды» тарауынан таба аласыз.
ИнстаФорекс компаниясы аруларды жеңісімен тағы бір рет құттықтап, «Miss Insta Asia — 2015» конкурсының 6-шы маусымының басталғанын еске салады. Конкурстың жүлде қоры 45 000 USD құрайды. Ең тартымды, ең қызықты халықаралық сұлулық байқауына қатысуға асығыңыздар! Бәлкім, жеңімпаз тәжі мен ақшалай сыйлық мына Сізге бұйырар!
Алдыңғы конкурстардың нәтижелері:
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.