Envelopes индикаторы: сипаттамасы, баптау және қолдану

Envelopes Техникалық Индикаторы (Конверттер), немесе Айналып өту Сызығы, сырғымалы екі орташамен түзіледі, соның біреуі жоғары, екіншісі — төмен ығысқан. Жолақ шекаралары ығысуының оңтайлы салыстырмалы шамасын таңдау нарықтың құбылмалылығымен анықталады: ол неғұрлым жоғары болса — ығысуы соғұрлым үлкен болмақ. Осылайша, Envelopes баға көп уақыт бойына ішінде болатын икемді арналарды құру үшін қолданылады.

Баға жолақтың жоғарғы шекарасына жеткенде сатуға сигнал пайда болады, ал сатып алу сигналы— ол төменгі шекараға жеткенде пайда болады.

Envelopes индикаторы келесі принцип бойынша жұмыс істейді: кез-келген ауытқудан кейін баға әрқашаннегізгі трендке қайтады. Сондықтан, көптеген трейдерлер бұл аспапта әйгілі Боллинджер Жолақтарын көреді. Осы екі индикатор арасында айырмашылық та бар. Баға өз арнасынан неғұрлым қашыққа кетсе, трейдерлер соғұрлым көп пайда табады және бағаның бұрынғы деңгейге оралу сәті де жақын.

 envelopes индикаторы

Есептеу

Upper Band = SMA(CLOSE, N)*[1+K/1000]

Lower Band = SMA(CLOSE, N)*[1-K/1000]

Мұнда:

SMA - қарапайым сырғымалы орташа;

N - орташалау кезеңі;

K/1000 - орташадан ауытқу (пайыздың ондық үлесімен).

   Индикаторлар тізіміне оралу   
Индикаторлар тізіміне оралу
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.