Малайзия
ИнстаФорекс компаниясы шын мәнінде керемет автомобильдердің ұтысын өткізеді! Малайзиялық Nazri Bin Zainuri— соның дәлелі! Акцияда ол тек бір ғана сауда шотын тіркеді және соның арқасында ұтысты болды! Lotus Elise спорткардың бақытты иесі ИнстаФорекспен саудалаудан алған және ұтысты болу сәтіндегі әсерімен бөліседі.
Чех республикасы
Ралли командасының өмірі – бұл жарыстар тізбегі мен оған дайындық. Бір марафон аяқталған кезде тактикалық кемшіліктерді талдаудың және машинаның техникалық көрсеткіштерін жақсартуға байланысты қажырлы жұмыстың уақыты басталады. Осы бейнематериал InstaForex Loprais Team командасының және жарыс – өмір салты болған, пилот Алеш Лопрайстың күнделікті өміріне арналады.
Лондон
Британдық World Finance журналы ИнстаФорекс компаниясына World Finance Awards сыйлығының қорытындысы бойынша үшінші рет «Азияның үздік брокері» құрметті атағын берді. Осы оқиға туралы шағын репортажды және Лондонның тамаша көрінісін назарларыңызға ұсынамыз.
Дубай
Көкжиектің сызығын мәңгілікке өзгерткен көк тіреген ғимараттар тізбегі мен көп қабатты жүрдек магистральдер - бұл Дубай, Біріккен Араб Әмірліктерінің әкімшілік және коммерциялық орталығы. Осы көп мәдениетті метрополияда ұдайы жаңғыртуға деген ұмтылыс пен жоғары технологиялардың жетістігі діндарлық пен дәстүрлі өмірмен әдемі үйлестік тапқан. ИнстаФорекс компаниясы да дәстүрді құрметтейді. Ислам дінін ұстанушылар үшін свопты есептемейтін арнайы шоттардың ерекше түрі құрылған.
Сондай-ақ Дубай – алтын саудасының әлемдегі ең ірі орталығы. Әйгілі алтын базарында 1000 алтын салоны бар. Зергерлік бұйымдарға салық салынбайды және алтынды сатып алу – ұтымды қаржы салымы болмақ. Көпестік тарихы ғасырларға созылған «Алтын қала» - бұл әлемдік маңызы бар қаржы орталығы және жоғары деңгейдегі бизнесмендердің кездесетін орны.
Абу-Даби
Біріккен Араб Әмірліктері мүмкін емес ештеңе болмайтындай ел, ал оның астанасы Абу-Даби – орындалмас қиял қаласы болып көрінеді. Арабтың шөл даласындағы әйнектеліп, көк тіреген және футуристік ғимараттар қиялыңа қанат қақтырады. Бүгіндері «Араб Манхэттені» атанған әлемнің ең бай қаласы, жарты ғасыр бұрын электр қуатын да, су құбырын да білмеді дегенге сену қиын. БАӘ экономикасының өркендеуінің құрамдасы болған мұнайдың тұрақты жоғары бағасы қазіргі кезде әрбір трейдердің сәттілігінің кепілі болуы мүмкін. Әлемдік қаржы орталықтарының бірі болып табылатын Абу-Дабиде жыл сайын ең беделді қаржы көрмелері және конференциялар өткізіледі. Жыл сайынғы «Forex&Investment Summit» көрмеде 2011 жылы ИнстаФорекс халықаралық брокер «Ең үздік Ритейл Форекс-брокер» сыйлығын алды.
«Дакар-2012» раллиге сапар аясында Игуасу сарқырамасын түсіру
ИнстаФорекс TV түсіру тобы Оңтүстік Америка аумағында өтіп жатқан «Дакар-2012» ралли-марафонды және онда титулды демеушісі ИнстаФорекс компаниясы болып табылатын InstaForex Loprais Team командасының қалай қатысқанын көрсету мақсатында, Игуасу сарқырамасында және әйгілі бразилиялық Құстар саябағында болып қайтты. Біз сіздерге түсірілім тобымен бірге қол жетпес биіктіктен құлайтын сарқыраманың үнін естіп, тропикалық орманның таза ауасымен тыныстауға, тропикалық құстардың алуан түсті көркінен ләззат алуға шақырамыз. Бейне ролик сарқыраманы неліктен әлемнің кереметінің бірі деп санайтынын және саябақтың қаумалында қандай тропикалық құстар мен жан-жануарды қолдан тамақтандыруға болатынын айтады.
"Дакар-2012" ралли аясындағы Рио-де-Жанейродағы түсірілім
Аргентинада, Чили мен Перуде өткен «Дакар-2012» раллиде InstaForex Loprais Team командасын қолдауға келген ИнстаФорекс компаниясы да Бразилияны, Латын Америкасының, атап айтқанда, брокердің серіктес кеңселердің желісі географиясына жақын арада кіруі ықтимал қаржы орталықтарының бірі - Рио-де-Жанейро қаласына келді. Бразилияға сапар Жаңа жылды тойлаумен тұспа-тұс келді, оны ИнстаФорекс компаниясының өкілдері бразилия дәстүрі бойынша жағажайда өткізіп, брокердің клиенттеріне әрдайым сәттілік серік болсын деген тілекпен – мұхиттың толқындарына ақ раушан гүлдерін жіберді.
Мәскеу
2011 жылы 11-12 қарашада ИнстаФорекс компаниясы Мәскеудегі ShowFX World қаржы көрмесіне қатысты, онда өз қызметтері мен сервистерінің кең ауқымымен таныстырып, Miss Insta Asia конкурсының финалистері марапатталды, сондай-ақ келушілер арасында бағалы сыйлықтардың ұтысы өткізілді. Көрме аясында ИнстаФорекс компаниясын дамыту бөлімінің аға менеджері Павел Шкапенко ИнстаФорекс ТВ сұхбат беріп, компанияның брокерлік қызметтердің ресей нарығындағы жетістік құпиясы туралы айтып берді
Испания
ИнстаФорекс компаниясының бет-бейнесі, испандық «Авенида» баскетбол командасы үшін сәтті өнер көрсетіп жүрген Илона Корстин, ИнстаФорекс ТВ журналистерін Саламанка қаласына, Испания чемпионатының шешуші ойынына шақырды. Илонаның командасы жеңіске жеткен баскетбол матчынан басқа, журналистер Саламан қаласының көрнекті орындарын тамашалады: Сервантес, Кальдерон мен Лопе де Вега оқыған Еуропадағы көне университет, испанның Қайта өрлеу стиліндегі соборлар мен сарайлар.
Куала-Лумпур – Малайзияның экономикалық орталығы
ИнстаФорекс халықаралық брокердің өкілдік желісі бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша 200 астам кеңсені қамтиды. Олардың бірі Малайзия астанасы, Куала-Лумпур қаласында орналасқан. Компанияның кеңсесі, биіктігі шамамен 450 метр болатын, әлемге әйгілі көк тіреген егіз мұнара - Петронас ғимаратының 40-шы қабатында жайлы орналасқан. Мұнаралар Малайзия астанасы, мәдени, экономикалық және қаржы орталығының символы болып табылады. Сіздердің назарыңызға қазіргі оңтүстік азия мегаполисінде болып қайтқан ИнстаФорекс ТВ түсіру тобының репортажын ұсынамыз.
Сингапур
Бүгінгі Сингапур – бұл экономикасы және қаржылық инфрақұрылымы қуатты дамыған, тиімді құқықтық, салық жүйесі бар және ЖІӨ әлем бойынша ең жоғарының бірі саналатын қала-мемлекет. Дәл сол себепті «Оңтүстік-Шығыс Азияның» маржаны - Сингапур - беделді қаржы көрмелерін өткізудің танымал орындарының бірі болып табылады. Singapore Finance and Investment EXPO 2012 жаңалықтарын беру және сингапурлық сәттілік формуласын іздестіру ИнстаФорекс ТВ түсіру тобын халықаралық бизнес-қауымдастықтың маңызды орталықтарының біріне алып келді.
Киев
Заманауи Киев Украинаның әкімшілік, мәдени, қаржы орталығы және Еуропаның экономикалық әлеуеті үлкен ірі қалаларының бірі болып табылады. Украинада жұмыс істейтін 250-ден астам шетелдік және отандық банктердің 100-ге жуығы өз қызметін Киевте жүзеге асырады. Сондай-ақ, ел астанасында қор биржалары, сақтандыру, консалтингтік және клирингтік компания, инвестициялық қорлар табысты жұмыс істеуде. Қала ShowFX World ұсынған қаржы көрмелерін өткізетін тұрақты орынның бірі болып табылады. ИнстаФорекс компаниясы 2012 жылы мамырда өткен осындай іс-шаралардың бірінің стратегиялық серіктесі және қатысушы болды.