empty
 
 

Валюта жұбы бойынша жиынтық позиция көрсеткіші

Берілген валюта жұбы бойынша жиынтық позиция жалпы көлемі мен бағытын ескерегендегі барлық мәмілелердің қосындысын көрсетеді. Жиынтық позиция сатып алуға және сатуға нарықтың бағыттылығын, сондай-ақ осы бағыттылықтың көлемін көрсетеді. Барлық мәмілелердің қосындысын есептеу сатып алуға позицияларды қосу және одан сатуға барлық позицияларды шегеру принципі арқылы жүргізіледі. Берілген валюта жұбы бойынша жиынтық позицияның мәні неғұрлым көп болса, нарықта валюта жұбын сатып алушылардың (бұқалар) қатысу деңгейі соғұрлым жоғары болмақ. Валюта жұбы бойынша жиынтық позицияның мәні неғұрлым төмен болса, нарықта валюта жұбын сатушылардың (аюлар) қатысу деңгейі соғұрлым жоғары болмақ.

Валюта жұбы бойынша жиынтық позицияның мәні экстремалды жоғары болса, бұл трендтік сауда кезінде сатып алуға сигнал ретінде немесе трендке қарсы жұмыс кезінде сатуға сигнал ретінде қарастырылуы мүмкін.

Валюта жұбы бойынша жиынтық позицияның мәні экстремалды төмен болса, бұл трендтік сауда кезінде сатуға сигнал ретінде немесе трендке қарсы жұмыс кезінде сатып алуға сигнал ретінде қарастырылуы мүмкін.

ИнстаФорекс ұсынған MetaTrader терминалында статистиканың бұл түрі XXYYYYYYY символ түрінде қолжетімді, мұнда XX келесі мәндерге ие:

для EURUSD XX=EU
для GBPUSD XX=GU
для USDCHF XX=UC
для USDJPY XX=UJ
для USDCAD XX=UD
для EURCHF XX=EC
для EURJPY XX=EJ
для GBPCHF XX=GC
для GBPJPY XX=GJ

Символды бейнелеу үшін ИнстаФорекс компаниясы ұсынған MetaTrader 4 сауда терминалында оң жақтағы тетікпен Нарықты шолуға басып, менюдегі "барлық символды көрсету" пунктын таңдау керек.

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.