Сондай-ақ қараңыз
Қандай да бір валюта жұбы бойынша позициялар көлемі, нарықтағы барлық позицияларды ескергендегі жұпқа қатысушы қаражат көлемін көрсетеді. Валюта жұбы бойынша позициялар көлемінің индикаторы жалпы салымдар мен валюта жұбын сатып алушылар және сатушылардың (бұқалар және аюлар) деңгейін, яғни нарықтың қазіргі көлемін бақылауға көмектеседі. Валюта жұптары бойынша мәмілелер санының көрсеткішімен бірге валюта жұптары бойынша позициялар көлемі Форекс-трейдерлердің валюта жұбы бойынша саудалауға мүдделі екенін көрсетеді.
Валюта жұбы бойынша жиынтық көлем көрсеткішінің артықшылығы мәмілелер санына қатыссыз нақты көлем туралы ақпарат алу мүмкіндігі болып табылады, өйткені көлемі 100 лот болатын позиция 1 лот бойынша 5 мәмілеге қарағанда нарыққа көбірек әсер етеді.
Валюта жұбы позициялары көлемінің сыни өсімі жаңа трендтің пайда болу мүмкіндігін білдіреді. Валюта жұбы бойынша позициялар көлемінің құлдырауы ойыншылардың осы валюта жұбына қызығушылығының төмендеуін және ең ықтималдысы бүйірлік қозғалыс екенін білдіреді.
ИнстаФорекс ұсынған MetaTrader терминалында статистиканың бұл түрі XXYYYYYYY символ түрінде қолжетімді, мұнда XX келесі мәндерге ие: