Сайттың картасы
العربية Български 中文 Čeština English Français Deutsch हिन्दी Bahasa Indonesia Italiano Bahasa Malay اردو Polski Português Română Русский Srpski Slovenský Español ไทย Nederlands Українська Vietnamese বাংলা Ўзбекча O'zbekcha Қазақша

ИнстаФорекс клиентінің кабинеті

  • Кабинетті дербес баптау
  • Компанияның барлық сервистеріне қол жеткізу
  • Егжей-тегжейлі статистика және мәмілелер бойынша есеп беру
  • Қаржылық операциялардың толық спектрі
  • Бірнеше шоттарды басқару жүйесі
  • Деректерді қорғаудың ең жоғары дәрежесі

ИнстаФорекс серіктесінің кабинеті

  • Клиенттер мен комиссиялар туралы егжей-тегжейлі ақпарат
  • Шоттар мен басулардың графикалық статистиксы
  • Вебмастер үшін қажетті аспаптар
  • Дайын веб-шешімдер және баннерлердің кең таңдауы
  • Деректердің жоғарғы қауіпсіздігі
  • Компанияның жаңалықтары, RSS-ленталар және Форекс-информерлер
Сауда шотын ашу
Серіктестік бағдарлама
cabinet icon

ИнстаФорекстен тағы бір Lamborghini!оның рөлінде дәл Сен бола аласың!

Жай ғана сауда шотын 1000 долларға толтыр!

Ең жақсы сауда шарттарын және сәнді бонустық ұсыныстарды ал! Біз аңызға айналған 6 спорткарды сыйға тарттық! Және біз тоқтамаймыз! Соңғы шыққан Lamborghini Huracan сенікі болуы мүмкін!

ИнстаФорекс – өз жеңістеріңе инвестицияла!

Шотты тез ашу

Үйретуші хаттар алу
toolbar icon

Сауда алаңы

Мобильді құрылғылар үшін

Браузерде саудалау үшін

ИнстаФорекстің әлеуметтік жауапкершілігі - бұл қатал бәсекелестік және көбінесе нарыққа қатысушылар арасындағы ымырасыз күрес жағдайында қарапайым адами принциптерді ұмытпайтын осы заманға сай компанияның жұмысы. Осы қағидаларға сәйкес әлеуметтік жауапкершілік, сыртында тірі және қуануға, көмектесуге қабілетті адамдар тұратын, кез- келген ірі компанияның ажырамас бөлігі болуы тиіс.

Біз өзіміздің атымызды шығаруға немесе мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп, "PR жасауға" тырыспаймыз. ИнстаФорекс компаниясының бірқатар ресейлік және шетелдік қайырымдылық ұйымдарын қолдауға қатысуы - даңқын арттыру немесе бәсекелестер арасында рейтингті көтерудің әрекеті емес. Жоғарыда атап өткеніміздей: ИнстаФорекстің әлеуметтік жауапкершілігі - бұл біз қазіргі заманғы компания және ол сәйкес келуі тиісті оның жұмыс принциптері.

Бірнеше жылдан бері жаңадан ашылған қайырымдылық ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар ИнстаФорекс компаниясының серіктесі болуда. Қайырымдылық ұйымдардың және адамдардың тізімі ИнстаФорекс компаниясы әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі ретінде ашылған осы бетте үнемі толығып тұрады. Осылайша, біз медицинаға, білім беру саласына, сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерді шешетіндерге нақты және аса қажетті қолдау көрсететін қайырымдылық ұйымдар мен қарапайым адамдарға көмектесеміз және көмек көрсету қажет деп санаймыз.


Камбоджадағы CPOC ұйымы
Камбоджадағы CPOC ұйымы
Сәлеметсіз бе, менің атым Ким Ни. Жасым 36, туған жерім Камбоджа. Мен өмірін арбамен өткізген мүгедекпін. Менің кішкентай кезімде анам қайтыс болған. Мен оның бет-әлпетінің қандай болғанын білмеймін, бала кезімде онымен ешқашан ойнаған емеспін. Бір жарым жасымда әкем мені тастап кетті. Сосын мен әжеммен тұрдым, бірақ ол көрмейтін және маған қамқор болу үшін ақшасы да болмайтын. Менің қарындасымның жолы болды – оны ағайымыз асырап алды.

Бізге тамақ пен әжеме дәрі-дәрмек алуға ақша табу үшін 9 жасында менің екінші әпкем мектепті тастады.

Біз тұрған үйдің шатыры тесік еді, жауынды күні су ағып тұратын.

Кішкентай болған кезімде мектепке қатынау қиын болды. Мен мен жаңбырда да, аптап ыстықта да мектепке еңбектеп жететінмін. Менде ешқашан да басқа балалардыкі сияқты мектеп формасы, арқа қоржыны болған емес.

Мен кедей отбасылардың балаларына және жетім балаларға көмек көрсететін коммерциялық емес CPOC ұйымын (Caring For Poor and Orphaned Children)құрдым, өйткені мен бір кезедрі қиналғанымдай, басқа балалардың да қиналғанын қаламаймын. Олардың тамақтарының тоқ болып, баспанасы болғанын, мектепке барып, қалыпты өмір сүргендерін қалаймын.

CPOC құрудың негізгі себебі – бұл балаларға жақсы өмірді қазір беріп, олардың отбасыларына – жарқын болашақ сыйлау. Мен осы жоба үшін үйді жалға алдым. Біз балалар үшін үй салуды,компьютер кластарын, кітапхана, жануарлар фермасын ашып, көкөніс шаруашылығын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, кедей отбасылардың балаларына арнап университет салу және олардың оқу ақысын төлеуді жоспарлап отырмыз.

CPOC жобасының өмірдің шындығына айналадыдеп үміттенемін. Камбоджадағы CPOC ұйымының атынан мен ИнстаФорекске аса мұқтаж балалардың өмірін жақсарту үшін жұмсалған қаражаты үшін шексіз алғысымды білдіремін. Біз ИнстаФорекске барлық бастамаларына сәттілік тілейміз.

Әрі қарай оқу
ИнстаФорекс Непалдағы зілзала құрбандарына көмектесуде
ИнстаФорекс Непалдағы зілзала құрбандарына көмектесуде
Қазіргі уақытта World Vision ұйымы басқа да гуманитарлық мекемелермен бірге 2015 жылдың 25 сәуірінде елдің батыс өңіріне орын алған Непалдағы жойқын жер сілкінісі салдарын жоюға қатысты. ИнстаФорекс компаниясы сырт қалмай, жер сілкінісінен зардапр шеккендерге қайырымдылық көмек ретінде ұйымның қорына қаражат аударды.

Қорға түскен ақша өз үйінен кетуге мәжбүр болғандарға уақытша баспана беруге, сондай-ақ медициналық көмек беруге, азық-түлік пен ауыз су жеткізуге жұмсалады.

Непалда соңғы 80 жылдағы магнитудасы 7,9 балл болатын күшті жер сілкінісі болып, 8 мың адамның өмірін қиды. Апаттың салдарынан 16 мыңнан астам адам зардап шегіп, 8 мың адам бақилық болды. Апат елдегі 288 мың тұрғын үйді жермен-жексен етті, тағы 254 мыңы шұғыл түрде қалпына келтіруге мұқтаж. Бүгіндері әр елдің азаматтары зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қаражат жинауға белсенді түрде қатысуда.

ИнстаФорекс компаниясы қосқан үлесінің Непал тұрғындарына осы қорқынышты трагедиядан естерін жинауға көмектеседі деп үміттенеді.social responsibility

World Vision — коммерциялық емес діни ұйым, оның басты мақсаты әлемнің дамуына көмек көрсету, сондай-ақ қайыршылықпен, аштықпен және әділетсіздікпен күрес болып табылады. Ұлыбританиядағы өкілдік апаттар және төтенше жағдайлар жөніндегі Комитеттің мүшесі болып табылады.

Рахмет!

social responsibility
Әрі қарай оқу
Малайзиялық Қызыл жарты Ай Қоғамы (MRC)
Малайзиялық Қызыл жарты Ай Қоғамы (MRC)
The Malaysian Red Crescent (MRC) — адами құндылықтарды сақтау, планета тұрғындарының азаптарын азайту және алдын алуға жәрдемдесетін, сондай-ақ табиғи апат және әскери қақтығыстар салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсететін ерікті гуманитарлық ұйым. Малайзиялық Қызыл жарты Ай Қоғамының штаб-пәтері Куала-Лумпурде орналасқан, ол Қызыл крест және Қызыл жарты Ай тәуелсіз Халықаралық қозғалысының бір бөлігі болып табылады.

Қызыл жарты Ай Қоғамы алғашқы медициналық көмек көрсету филиалдары арқылы және гуманитарлық бағдарламаларымен адамзатқа бейбіт кезде де қызмет етеді. Қызыл жарты Ай Қоғамының қызметкерлері 2010 жылы Малайзияның солтүстік бөлігінде орын алған су тасқыны және 2004 жылы Индонезияның Ачех провинциясы мен Малайзияның Пенанг штатында болған тарихтағы ең ірі цунамидің зардаптарын жоюға белсенді қатысты. MRC Палестина, Жапония, Пәкістан, Бирма және Қытай сияқты елдердегі апаттың құрбандарына көмек көрсетуде де алдыңғы қатардан көрінді.

Қазіргі кезде Қызыл крест және Қызыл жарты Ай тәуелсіз Халықаралық қозғалысының Малазиялық филиалы соңғы 50 жылда Малайзияның шығыс және солтүстік штаттарында орын алған қатты су тасқынының салдарымен күресуге белсене қатысты. Апаттың негізгі соққы Сибуға келді, онда Раджанг өзені жағалауынан шығып кеткен еді. Апат ауданында босқындарды қабылдайтын эвакуациялық орталықтар ашылды. Көмек қолын созғандардың қатарында жас еріктілер — мектеп мен елдің жоғары оқу орындарының оқушылары да бар.

Моральдық заңдар мен адамгершілік принциптеріне сүйене отырып, ИнстаФорекс компаниясы 400 мың адам көмекке мұқтаж болған кезде, одан сырт қала алмады. Сондықтан компания Малайзиялық Қызыл жарты Ай Қоғамы қайырымдылық қорына қомақты қаржы аударып, Малайзияның шығыс жағалауындағы су тасқынынан зардап шеккендерден көмегін аямай, қайғысына ортақтасты.
Әрі қарай оқу
«Wikimedia Foundation, Inc» Қайырымдылық ұйымы
«Wikimedia Foundation, Inc» Қайырымдылық ұйымы
Wikimedia Foundation, Inc – тегін ақпаратты, оның ішінде Википедия алғашқы тегін интернет-энциклопедияны тарату және дамытуды қолдайтын коммерциялық емес қайырымдылық ұйым. Жобаның негізгі мақсаты білім беру контентін жинау және дамыту, оның тиімді және жаһандық таратуы болып табылады. Қор жеке тұлғалардың және кәсіпорындардың қайырымдылық қаражаттарына жұмыс істейді. social responsibility

Күн сайын жетекші қорының жобасы Википедия еркін энциклопедияны 12 миллионнан астам пайдаланушы қарайды. Пайдалы және тексерілген ақпаратқа үздіксіз қолжеткізу – бұл Wikimedia Foundation, Inc. білімдеріне еркін қол жетімділік басты принциптерінің бірі. Жылдан-жылға осы принципті басшылыққа ала отырып, компания білім қол жетімді етіп, адамзат жинақтаған тәжірибені зерделеуге мүмкіндік береді. Корпорацияның барлық жобалары жаһандық сипатта және олардың ақпараттың таралуы мен қол жетімділігіне қосқан зор үлесін бағаламау мүмкін емес. Әр адам Жер шарының кез -келген жерінде жүріп уақыт сынынан өткен білімді қалаған уақытында алуға құқылы және мүмкіндігі болуы керек. Википедия жалпы интернет-энциклопедиясы осыған кепілдік береді!

Әлеуметтік және қайырымдылық жобаларға көмек беру және қатысу – ИнстаФорекс компаниясы жұмысының негізгі принциптерінің бірі. Басқаларға көмектесіп және қоғамның әлеуметтік өміріне қатыса отырып бизнесті жүргізудің өркениетті үлгілеріне және мораль мен ар-намыстың жалпы адами түсініктеріне сай бола аласың.

ИнстаФорекс әлемде болып жатқанды назарда ұстайды және осындай ресурстың маңызын өте жақсы түсінеді, Википедяның негізін қалаушы Джимми Уэлстің көмек көрсету туралы өтінішіне қуана жауап қатып, Wikimedia Foundation, Inc қайырымдылық қаражатын аударып, қолынан келгенше көмек көрсетті.

ИнстаФорекс компаниясы қазіргі әлемде ақпараттың қолжетімді болуы тиіс екеніне сенімді.

Рахмет!
social responsibility
Әрі қарай оқу
Балалар ауылы - SOS
Балалар ауылы - SOS
Ең ірі қайырымдылық ұйымдарының бірі «Балалар ауылы — SOS» (SOS от англ. social support – қоғамның көмегі) Австрияда 1949 ж. және жетім балаларды қамқорлығына алып, тәрбиелеу мақсатында құрылған. Балалар ауылының ерекшелігі мынада: ол отбасы институтына өте ұқсас. Қазір әлемнің 133 елінде осындай 500 балалар ауылы бар, онда жетім балалар мен әке-шешенің қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленеді. social responsibility

Балалар ауылы — SOS, ерікті қайыр жинаумен қаржыланады, өзінің тәрбиеленушілері мен түлектеріне психологиялық, педагогикалық және материалдық қолдау көрсетеді; жаңа отбасын табуға және қоғамға бейімделуіне көмектеседі.

Әлеуметтік жауапкершілік саясатының аясында ИнстаФорекс компаниясы ұйымға және Индонезидағы Семаранг қаласындағы Балалар ауылы — SOS біріне көмек көрсетеді. Ауылда 14 коттед бар, соның әрбіреуінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы 6—8 баладан тұратын «отбасы» , «аналары» (тәрбиеші) және «тәтелер» (күтушілер) орналасқан. Балабақшға шамамен 90 бала — ауылдың тәрбиеленушілері мен жақын маңдағы қыстақтың балалары келеді. Мектеп жасындағы балалар жекеменшік және мемлекеттік мектептерге барады, оны аяқтағаннан кейін орта техникалық және жоғары оқу орындарына түсіп, жатақханаларға орналасады.

Ұйымның алдына қойған негізгі міндеті балаларға қамқор болу, отбасы институтын сақтап қалу, жетім балалар мәселесіне қоғамның назарын аударту болып табылады.
Әрі қарай оқу
«Бақытты әлем» қайырымдылық қоры
«Бақытты әлем» қайырымдылық қоры
«Бақытты әлем» қайырымдылық қоры 2005 жылы қазанда Ресейде құрылып, ауыр науқасқа шалдыққан балаларға және олардың отбасыларына материалдық және басқа да көмек көрсетуді өзінің басты мақсаты етіп алды. Атап айтқанда, онкологиялық, неврологиялық аурулары бар, миының паралич ауруы, қояншық ауруы бар балаларға көмек көрсету. Қордың қаражаты балаларды емдеуге және оңалтуға, дәрі-дәрмек, мүгедектер арбасы және басқа да жабдықтарды сатып алуға, медициналық қызмет ақысын төлеуге жұмсалады.
social responsibility
Сондай-ақ, жақындарына материалдық көмек ретінде қаражат бөлінеді. Қызмет атқарған жылдарында қор 400 отбасыға қолдау көрсетті. «Бақытты әлем» қоры , ауыр науқасқа шалдыққан балалар емделіп жатқан медициналық мекемелерге дәрі-дәрмек пен жабдықтарды сатып алуға қаржылай көмек көрсетеді.

«Бақытты әлем» қорының қызметі жеке тұлғалардың және коммерциялық кәсіпорындардың қайырымдылық мақсатта жанашырлық жәрдем етуі есебінен қаржыланады. Сондай-ақ, қаражат тарту мақсатында түрлі қайырымдылық іс-шаралар: концерттер, театр кештері, аукциондар, көрмелер, күнтізбелерді сату жүзеге асырылады.

ИнстаФорекс компаниясы «Бақытты әлем» қорына және ауыр науқасқа шалдыққан балаларға риясыз материалдық көмек көрсетеді. Біз бұны балаларға көмектесу жасаймыз, бәлкім бұл, сауығып кетудің жалғыз ғана мүмкіндігі шығар.
Әрі қарай оқу
«Ана мен бала денсаулығының қайырымдылық қоры» (FMCH)
«Ана мен бала денсаулығының қайырымдылық қоры» (FMCH)
«The Foundation for Mother and Child Health» (FMCH) қайырымдылық қоры өз жұмысын Джакартада (Индонезия) 2001 жылы бастады. Қор елдің жартысынан көбі кедейлік шегінен төмен тұратын халыққа көмек көрсетеді. Индонезия – бұл халық саны бойынша ең үлкен мұсылман елі. 17 000 аралда 250 миллион адам тұрады. Шамамен 145 миллион адам (52%) күніне 2 USD толмайтын сомаға, ал 35 миллион адам(14%) – 0,65 USD толмайтын сомаға өмір сүреді. 5 жасқа тола қоймаған балалардың 28% азық-түлік тапшылығынан зардап шегуде, дәрігердің қарауынсыз босану немесе босанудан кейінгі асқынулар салдарынан елдегі өлім-жітім саны 20 000 жеткен. Елде 100-ден астам жыл сайын туберкулезден, шамамен 9 000 адам - АИТВ/ЖИТС көз жұмады. Халықтың 6% ғана 65 жасқа жетеді.
social responsibility
Қызметкерлері еріктілер санатында жұмыс істейтін Қор Индонезияның алдында тұрған басым міндетті - кедейліктің ауқымын азайту мәселесін шешуге өз үлестерін қосуда. Атап айтқанда, тамаққа жарымау, ана өлімінің деңгейін төмендету үшін, білім деңгейінің төмендігімен күресуде.

FMCH медициналық мекемелермен бірлесіп тамаққа жарымаған балаларды тамақтандыруды ұйымдастырады. Ата-аналардың көбісінің азық-түлікті сатып алуға қажетті қаражаты жоқ, қосымша тамақты қалай және қашан беру керегін де, сәбиге нені беруге болатынын, нені беруге болмайтынын да білмейді. Сондай-ақ, қарапайым санитарлық нормалар сақталмайды, бұл үнемі ауру-сырқауға жеткізіп, өлімге де себепші болады. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін мектепке дайындық үйірмелері ұйымдастырылады, онда саусақтың ұсақ моторикасын дамытып, ойларын жеткізуге, көргендерін айтып беруге, талдауға үйретеді. Бастауыш мектеп оқушыларына қор оқуға, оқулықтар, кеңсе тауарларын және киімдер сатып алуға арналған стипендиялар бөледі. Аналар үшін салауатты өмір салты, гигиена және дұрыс тамақтану негіздері бойынша курстар өткізіледі. Сондай-ақ, әйелдерге арналған қор әр түрлі қолөнерге, атап айтқанда, қолөнер және іс тігуге үйрету бойынша тренингтер, оқыту курстарын өткізеді. Үйінде ателье ашуға дайын әйелдер үшін қор тігін машиналарын алатын қарыз ақшамен көмектеседі. Медициналық қызметкерлер мен мұғалімдер үшін біліктілігін арттыру бойынша курстар мен тренингтер өткізіледі.

Қордың қаражатына білім беру мен медицина орталықтары ашылуда. Мектепке дейінгі оқыту орталықтар жарты күндік бала-бақшаларға ұқсас, онда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар түрлі нәрселермен айналысып, тамақтанады. Медициналық орталықтарда жоспарлы тексерулер жүргізіліп, балаларды емдейді, су тасқыны, жер сілкінісі және басқа да дүлей апаттар кезінде шұғыл көмек көрсетіледі.

ИнстаФорекс компаниясы өзінің әлеуметтік жауапкершілігін ұстана отырып, кедейлікпен және соның проблемаларымен күрес мақсатында осы қорға қуана көмек көрсетуде.

Көбірек ақпарат алу үшін, сіз FMCH қорының презентациясын жүктеп, сондай-ақ оны Facebook желісіндегі ресми парақшадан қарай аласыз.
Әрі қарай оқу
«Titian» қайырымдылық қоры
«Titian» қайырымдылық қоры
Titian Foundation (TF), атауы индонезия тілінен языка как «көпір» деп аударылады, оның негізін цунамиден тып-типыл болған Ламре ауылын қалпына келтіру үшін жеке тұлғалар мен Джакартадағы ірі компаниялардың қаржыларына еріктілер 2006 жылы қалаған. Жұмыстары аяқталғаннан кейін қор өз қызметін, индонезиялық аз қамтылған отбасы балаларына лайықты білім алуына көмек беру үшін мектептердің құрылысын салуға бағыттады.

Индонезиялық үшін орта білім алу – жақсы төленетін жұмыс тауып, одан әрі , өзін және отбасын қамтамасыз етудің мүмкіншілігі. Базалық, кәсіптік және ғылыми білім алу жеке алған адамның, сондай-ақ тұтастай елдің жемісті болашағының кепілі болып табылатынына қордың директорлар кеңесі сенімді. Сондықтан TF өзінің бірінші кезектегі міндеті ретінде балалар мен ересектердің оқуы үшін қолайлы жағдайларды жасау деп санайды.

Қазіргі кезде қордың ақшасы түрлі бағдарламалар мен жобалардың аясында мыналарға жұмсалады:
- мектептер, кітапханалар, білім беру орталықтарын салу және оларды материалдық-техникалық жарақтандыру;
- компьютерлік сыныптарды құру және Интернетке қол жетімділікті қамтамасыз ету;
social responsibility - оқуға стипендиялар бөлу;
- педагогтардың біліктілігін арттыру;
-ересектер үшін компьютерлік сауаттылықты арттыру бойынша бейінді курстар мен семинарлар ұйымдастыру;
- дүлей апаттардан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету.

Еріктілер оқуға қажетті керек-жарақтар, кітап, балалардың киімдерін сатып алу үшін отбасыларға атаулы көмек көрсетеді, қор салған білім беру орталықтарында түрлі үйірмелер, оның ішінде мектепке дайындық ұйымдастырылып, балалармен тәжірибелі педагогтар айналысады. Сондай-ақ қор салынған әр мектепті қамқорлыққа алып, құрал-жабдықтар мен оқуға қажетті керек-жарақтар сатып алуға көмектесіп, оқушыларға стипендиялар бөледі.

Қордың барлық қызметкерлері қоғамдық негізде жұмыс істейді, сондықтан қайырымдылық қаржысының 100% мақсатты түрде жобаларға жұмсалады.

Қор мен оның жұмысы туралы қордың ресми сайтынан, сондай-ақ FaceBook әлеуметтік желісі мен Twitter блогтарынан көбірек біле аласыз.
Әрі қарай оқу
«AdVita» қайырымдылық қоры
«AdVita» қайырымдылық қоры
Петербургтің AdVita («Өмір үшін») қайырымдылық қоры 2002 жылы құрылды. AdVita қайырымдылық қорын құрдың негізгі мақсаты қатерлі ісікке шалдыққан балалар мен ересектерге материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады. Қордың қаражаты емдеуге, оңалтуа, дәрі-дәрмек және медициналық жабдықтрады атып алуға, медициналық қызмет ақысын төлеуге және күрделі хирургиялық операциялар жасауға жұмсалады.
social responsibility
Ауыр науқасқа шалдыққандарды емдеуге және оңалту үшін жиналған қаражаттан басқа, AdVita қоры қан және жұлынның донорларын іздеуді жүзеге асырады. Сонымен қатар, AdVita қайырымдылық қоры өздігінен сырқатымен күресуге дәрменсіз жандарға көмек қолын созуға дайын еріктілерді қабылдайды.

ИнстаФорекс компаниясы AdVita қайырымдылық қорына риясыз материалдық қолдау көрсетеді. Қайырымдылық қорына материалдық қолдау көрсететін ИнстаФорекс халықаралық брокердің көздеген басты мақсаты - бұл қатерлі ісікке шалдыққан балалар мен ересектерге денсаулық пен бақытты болашақты тарту ету.

Рахмет!
social responsibility social responsibility social responsibility
Әрі қарай оқу
«GN-OTA» қозғалысының қайырымдылық қоры
«GN-OTA» қозғалысының қайырымдылық қоры
GN-OTA қозғалысының қайырымдылық қорын GN-OTA (Gerakan Nasional Orang Tua Asuh - асырап алушы ата-аналардың Ұлттық қозғалысы) Индонезия үкіметі бала асырап алу бойынша Ұлттық қозғалыспен бірлесіп, 1999 жылы 29 мамырда Джакартада құрған. Қор төлем ақысының қиындықтарына қарай оқуды тастап кеткен балалардың көрсеткіш санын төмендетуге бағытталған. Ұйымның негізгі қызметі міндетті 9 жылдық білім алу үшін балаларға материалдық қолдау көрсету болып табылады. Қордың бюджеті жеке тұлғалардың, қоғамдық топтар мен үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің қайырымдылық қаражатынан жинақталады. Қордың қаражаты жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға және тұрмыс жағдайы нашар отбасылар мен толық емес отбасыдан шыққан 7 және 15 жастағы балаларға оқу ақысын төлеуге, мектеп керек-жарақтарын және оқулықтарды сатып алуға мақсатты субсидиялар мен стипендиялар түрінде жұмсалады. Қор мектепті тастап кеткен немесе қордың стипендисына мұқтаж балалардың тізімін беретін білім беру мекемелерімен белсенді жұмыс істейді. Елдің барлық мектептерінде қолданылатын көмек алуға өтініш формасын қалаған әр адам толтыра алады.
social responsibility
1996 жылы, Индонезияның әлеуметтік істер Министрлігінің деректері бойынша мектепті тастап кеткен балалардың саны 6 млн. жеткен. 2010 жылы бұл сан 13 млн. асты. Бұл ретте қордың стипендиясын жыл сайын шамамен 60 000 бала алады.

Қайырымдылық қорының қызметі туралы және стипендияны алу бойынша бағдарламаға қатысу шарттары туралы көбірек қозғалыстың сайтынан білуге болады: GN-OTA.
Әрі қарай оқу
Ресей көмек қоры
Ресей көмек қоры
«Ресей көмек қоры» - ауыр науқасқа шалдыққан балалардың емдеу ақысын төлеуге арналған жеке тұлғалардың және қайырымдылық ұйымдардан жылу жинауды жүзеге асыратын Ресейдің ірі қайырымдылық ұйымдарының бірі. Русфонд 1996 жылы құрылды, 2000 жылы «Күміс сәуле» ұлттық сыйлығымен марапатталды.

Атаулы көмекті қажет ететін сырқат балалардың тарихы қордың сайтында, электронды ресурстарда және баспа беттерінде жарияланады, радио-эфирде шығады. Қор Ресейдің ірі медициналық орталықтарымен және клиникаларымен ынтымақтастықта, онда ұйымның жинаған қаржысына қатерлі ісіке ұшыраған, туа біткен жүрек ақауы бар, сал ауруымен, қант диабетімен ауыратын, перифериялық нерв жүйесінің кемістігі бар ірек-қимыл аппаратының патологиясы бар және басқа да көптеген сырқаты бар балаларды есдеу жүзеге асырылады.
social responsibility Сондай-ақ, қор ұлттық апат күндері көмек акцияларын ұйымдастырады, лаңкестіктен, табиғи және техногендік төтенше жағдайлардан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетеді. Қордан Ресейдің ғана емес, ТМД елдерінің балалары да көмек алуына болады.

ИнстаФорекс компаниясы қордың ауыр науқасты балалардың сауығуы үшін белсенді ат салысып, көрсетілген материалдық көмектің балалардың өмірін жақсы жаққа қарай өзгертетініне шынайы үміттенеді.
Әрі қарай оқу
Шекарасыз дәрігерлер (MSF)
Шекарасыз дәрігерлер (MSF)
MSF (Medecins Sans Frontieres) «Шекарасыз дәрігерлер» – бұл әскери қақтығыстар, індет және дүлей апаттардан зардап шеккен адамдарға көмек көрсететін тәуелсіз халықаралық медициналық гуманитарлық ұйым. Организация «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы жынысына, нәсіліне, діни сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан барлық адамдарға көмек көрсетеді және өз қызметінде медициналық этика, нейтралитет және әділдік принциптерін басшылыққа алады.

«Шекарасыз дәрігерлер» бірлестігінің негізі Парижде 1971 жылы коммерциялық емес және өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде құрылды. Ұйымның негізгі принциптері MSF жарғысында көрсетілген. Бүгінгі күні «Шекарасыз дәрігерлер» – бұл 23 ассоциацияны қамтыған бүкіл әлемдік қозғалыс. Ұйымның 90% жеке қаражаттан қаржыландырылады.
social responsibility
Ұйымда мыңдаған медицина қызметкерлері, сондай-ақ материалдық-техникалық және әкімшілік персонал бар. MSF дәрігерлердің басым көпшілігі аумағында ұйым өзінің медициналық көмегін көрсетіп жатқан елдерден жиналған. Сонымен қатар, бұл адамдар әлемнің түкпір-түкпіріндегі 60-тан астам елде жұмыс істейді.

MSF дәрігерлері кедей елдердің адамдары тек деңгейі төмен медициналық көмек алады деген жаңсақ пікірді жоққа шығарып, науқастардың бәріне жоғары сапалы күтім көрсетуге тырысады. 1999 жылы, MSF әлемнің Нобель сыйлығы тапсырылғанда, ұйым сыйлықақысын кедей елдердегі ауру түрлерімен күреске бағытталған ағарту жұмысына жұмсалатынын айтты.

Соңғы жылдары “Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы медициналық қызмет көрсетілмейтін тұрғындары қаланың лас түкпірлерінде тұратын, кедей елдердің азаматтық мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Осындай елдің біріне Бангладешті және оның астанасы Дакканы жатқызуға болады, онда халықтың 80% таза суы, электр жарығы және басқа қажеттіліктері жоқ қаланың лас түкпірлерінде тұрады. MSF осындай өткір проблемадан сырт қалмай, 2010 жылы Бангладештің астанасы Дакканың Kamrangirchar лас ауданында 400 000 адамның үйіне айналған денсаулық және тамақтану орталығын ашты. Қазір MSF осы бағыттағы жұмыстарын жалғастырып, лас аудандарда тұратын адамдарға көмек көрсетіп, қандай да бір түрдегі медициналық көмек алуына ықпал етуде. MSF Бангладеште, сондай-ақ тұрмыс деңгейінің төмен болу мәселесі өткір тұрған басқа да елдерде жаңа орталықтар ашужа. Сіз MSF бағдарламалары туралы көбірек ұйымның ресми сайтынан біле аласыз.

ИнстаФорекс компаниясы «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымына, сонысымен медициналық қызмет алу мүмкіндігінен айрылған барлық адамдарға көмектесуді өзінің парызы санайды. Біз бұны кедей елдер мен соғыс жүріп жатқан елдердің адамдарында аман-сау болу мүмкіндігі болуы үшін жасаймыз.
Әрі қарай оқу
Ирина Митина
Ирина Митина
2008 жылы 27 қазанда Ирина Митина автомобиль апатына түсіп, омыртқасына күрделі зақым келді, миының қабықшасы жарылып, жұлыны зақымданды. Яғни, өмір сүруге мүмкіндік бермейтін жарақаттар, оның жүріп-тұру және организмнің физиологиялық процестерді бақылау қабілетінен айырды. Үш ай бойына Ирина реанимацияда, жасанды тыныс алу аппаратына қосулы болды.Қысқа ғана жақсарудан кейін тромбоэмболия пайда болып, тағы да реанимацияға әкеп соқтырды.
social responsibility
Осыдан кейін тірі қалған қызды арқасынан жарақат алған адамдарға арналған оңалту орталығына жіберді. Ирина Митинаға оның көмегі аз болғанымен, шетелде тиімді емдеуге қажетті қаражаты болмап еді. Иринаның әкесі жоқ, апаттан кейін анасы одан бас тартты, қасында тек достары мен мүмкіндіктеріне қарай көмектеске жанашыр адамдар ғана қалды. Оңалтуға арналған ақша қаражатын аудару үшін қайырымдылық шоттары ашылды.

Иринаны ИнстаФорекс компаниясы ұйымдастырған Мисс Инста Азия 2009 сұлулық конкурсына қатысуға достары көндірді. Қызға дауыс берген, оған жанашыр адамдардың көптігінен ол бірінші орынды иеленді. Алынған ақшалай сыйлық оның сауығуына айтарлықтай ықпал етті.

Апаттан бері екі жыл өтті, осы уақытта күнделікті жаттығулар мен ерік-жігерінің арқасында Ира 10 минут бойы тігінен тұра алады, қолдарын тізесінен көтеріп, ағы мен ішінің бұлшық етін ширата алады. Осының бәрі шынымен үлкен жетістік және нағыз жеңіс.
Әрі қарай оқу
Инна Бидлингмаер
Инна Бидлингмаер
Инне Бидлингмаер 26 жаста. Лайм ауруының асқынуы салдарынан Инна қалыпты өмір сүру мүмкіндігінен айырылған. Жұмыс істеудің мүмкін еместігінен басқа Инна, жүйке жүйесінің зақымдануы салдарынан тіпті күнделікті өмірде де қиындықты бастан кешіруде. Лайм ауруы оны қозғалу мүмкіндігінен және өмірлік процестерді бақылау қабілетінен айырды. Дәрігерлердің болжамдары көңіл көншітпейді және Иннаның денсаулығы нашарлай түсуде.
social responsibility
Оған қолдау көрсететін туыстары көмек көрсетуге қауқарсыз, өйткені ол қомақты қаржы шығынын қажет етеді. Қазір ол алты жасар ұлы Эрикпен бірге анасы және әжесімен бірге тұрады, олардың жалақысы мен зейнетақысы, ұлына алатын алимент сияқты дәрілер мен жедел жәрдем шақыруға кетеді.

Емдеу тек шетелде мүмкін, отандық ауруханаларда тек анальгин беруге қауқарлы. Басқа адамдардың, атап айтқанда ИнстаФорекс компаниясының қайырымдылығының арқасында, қаражат жиналды және қазір негізгі сырқат түрін - кене Лайм-боррелиозды емдеуге кірісетін Германиядағы клиникамен келіссөздер жүргізілуде.
Әрі қарай оқу

Біздің серіктестеріміз