Facebook
 
 

Форексте жұмыс істегенде капиталды дұрыс бөлу, жеткілікті пайда алу үшін, ал шығын болған жағдайда депозиттің бәрін жоғалтып алмайтындай, мәмілеге қанша қаражаттың тартылуы тиіс екенін есептей білу керек.

Осы мақсаттар үшін арнайы капиталды басқару әдістері бар (money management):

  • Капиталды басқарудың жоқтығы. Көптеген трейдерлер, позицияны ашып, операцияда пайдаланатын қаражаттың көлемін де, шамамен алғандағы пайданы және шығындарды есептемейді. Бұл тактикалардың бірі, бірақ егер капитал шағын болса, бірнеше сәтсіз мәмілелерден кейін ол жоқ болады.

  • Көптеген келісім-шарттар. Форекс нарығында түрлі аспаптар бойынша бірнеше позицияны ашқанда, мысалы, EURUSD және EURGBP, баға қажетті бағытта қозғалғанда трейдер осы мәмілелерден пайда табады. Пайда да, шығын да бұл жағдайда аз болмайды.

  • Тиянақталған сома. Шоттағы қаражат мөлшеріне қарай трейдер, қандай да бір позицияны ашқанда қанша қаражатты тәуекелге тігуге дайын екенін шешеді. Бұл жағдайда трейдер өзі белгілеген лимиттен аспай, мәмілелер жасайды.

  • Капиталдың тиянақталған пайызы. Бұл әдіс алдыңғысына ұқсас, айырмасы, трейдер соманы емес, капиталдан пайызды анықтайды.

  • Ұтыстарды және ұтылысты келісу. Өткізілген операциялар бойынша статистиканы өз бетінше жүргізу керек (ұтылыстар, ұтыстар саны және олардың өзара байланысы). Өзара байланысын белгілеп(немесе ұтыс пен ұтылыс кезектесіп; немесе ұтылыстың белгілі бір көлемінен кейін ұтыс жүреді), біршама ұтылыстардан кейін жақын арадағы ұтысты күтіп позицияның көлемін ұлғайту керек немесе ұтылысты күтіп, азайту керек.

  • Капиталдың сырғымалы орташа қисық сызығын кесіп өту. Көпшілігі сырғымалы орташамен нарыққа кіру немесе нарықтан шығу сигналы ретінде таныс. Бұл әдісте сырғымалы орташа (ұзын және қысқа) жасалған мәмілелердің нәтижелерін білу үшін қолданылады. Егер қысқа қисық сызық ұзыннан жоғары болса - позицияларды ашу керек және олар табысты болады деген сигнал, егер төмен тұрса - ұтымды сәтті күткен дұрыс.

Форекс нарығында саудалау үшін Капиталды басқарудың қандай да бір әдісін таңдап, Сіз өз қаражатыңызды нарықта дұрыс пайдалана аласыз және олар Сізге табыс әкеледі. Капиталды басқару әдістері позицияларды ашқанған дейін қолданылады.

Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.