«Бақытты депозит» акциясының ережелері


1. Жалпы ережелер
1.1. Акцияның атауы – «Бақытты депозит» (әрі қарай – Акция).
1.2. Акцияны ИнстаФорекс компаниялар тобы ұйымдастырды(әрі қарай – Ұйымдастырушы).
1.3. Акцияны өткізу кезеңі – ай сайын (әрі қарай - Акцияны өткізу кезеңі).
1.4. Жүлде сомасы ай сайын өзгереді.

2. Акцияға қатысушылар
2.1. Акцияға ИнстаФорекс компаниясындағы нақты сауда шоттарының иелері болып табылатын, іс-әрекетке қабілетті кәмелетке толған азаматтар қатыса алады (әрі қарай – Қатысушы).
2.2. Акцияға қатысу үшін, Акция өткізу Кезеңінде ИнстаФорекс компаниясындағы нақты сауда шотын 3000 АҚШ долларына немесе одан да көп сомаға толтыру керек.

3. Жеңімпаздарды анықтау
Акцияны өткізу Кезеңінде ай сайын Қатысушылардың арасында кездейсоқ тәсілмен бір жеңімпаз анықталады.

4. Нәтижелерді жариялау
Акцияның нәтижелері Акция аяқталғаннан кейін және барлық қажетті тексеруді өткізгеннен кейін 14 күн ішінде жарияланады.

5. Жүлдені алу
5.1. Қаражатты алу үшін Жеңімпаздар конкурс нәтижелерін жариялағаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде шот ашып және оны верификациялауы керек.
5.2. Жүлде қаражаттары алынбайды, алайда, жүлде сомасынан тыс алынған кез-келген пайданы алуға болады.
5.3. Қаражатты сауда шотынан шегеру ақша шығару туралы өтінімді ресімдеген кезде автоматты түрде жүргізіледі. Сауда шотының балансын және еркін (free margin)қаражатты ақшаны шығару туралы өтінімнің сәйкестігіне тексеруді өтінімді өңдеу кезінде тікелей қаржы бөлімінің мамандары жүргізеді. Сәйкес келмеген жағдайда, мәлімделген қаражат сауда шотына қайтарылады.

6. Акция Шарттарының тілі
6.1. Шарттың негізгі тілі ағылшын тілі болып табылады.
6.2. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін, Компания Акцияның шарттарын басқа тілдерге аударып бере алады. Бұл аударма тек қана ақпараттық сипатта болады.
6.3. Акцияның осы шарттарының ағылшын тіліндегі нұсқасы мен оның аудармасы арасындағы кез-келген қайшылықтар туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасына басымдылық беріледі.

Конкурстың басты беті

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.