«ИнстаФорекстен BMW X6 ұтып ал!» акциясының шарты


1. Жалпы ережелер

    • 1.1 Акцияның атауы – «ИнстаФорекстен BMW X6 ұтып ал» (бұдан әрі – Акция).
    • 1.2 кцияны ИнстаФорекс компаниялар тобы ұйымдастырды (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).
    • 1.3 Акцияның аясында BMW X6 автомобилінің ұтысы өткізіледі.
    • 1.4 Акцияны өткізудің жалпы мерзімі – 2015 жылдың 28 желтоқсаны мен 2017 жылдың 29 желтоқсаны аралығы (бұдан әрі – Акцияның өткізілетін кезеңі).

2. Акцияның қатысушылары

    • 2.1 Акцияға іс-әрекетке қабілетті кәмелетке толған, ИнстаФорекс компаниясында нақты сауда шоттары бар азаматтар қатыса алады(бұдан әрі – Қатысушы).
    • 2.2 Акцияға қатысу үшін, ИнстаФорекс компаниясында нақты сауда шотын Акцияның өткізілетін кезеңінде 1500 АҚШ долларына немесе одан да көп сомаға толтырып, веб-сайтта тіркелу керек: www.instaforex.com. ИнстаФорекс клубтық картасының иелері үшін Акцияға қатысу үшін қажетті минималды депозит сомасы 1000 АҚШ долларын құрайды.
    • 2.3 Қатысушы Акцияға бірден көп шотты тіркеуге құқылы, осылайша бас жүлдені ұтуға деген өз мүмкіндігін арттыра алады. Алайда, 100-ден астам шот ашылғаны анықталған жағдайда конкурстың әкімшілігі осы клиенттің акцияға қатысатын шоттар санын 100 -ге дейін азайту құқығын өзіне қалдырады.
    • 2.4 Акцияға келесі шартты қанағаттандырған кез -келген шот қатыса алады: A - B + C > $1500, мұнда A - 2015 жылдың 28 желтоқсанынан бастап толтыру сомасы, B - 2015 жылдың 28 желтоқсанынан бастап дейінгі алу сомасы, C - сауда нәтижесі. Егер С<0, онда талап А - В > $1500 дейін жеңілдетіледі. ИнстаФорекс клубтық картасының иелері үшін шот келесі шартты қанағаттандыруы керек: A - B + C > $1000, мұнда A - 2015 ж.28 желтоқсанынан бастап толтыру сомасы,, B - 2015 ж.28 желтоқсанынан бастап алу сомасы, C - сауда нәтижесі. Егер С<0, онда талап А - В > $1000 дейін жеңілдетіледі.

3. Сауда шарттары

    • 3.1 Нарықтық емес бағамен ашылатын барлық сауда ордерлерінің күші жойылуға тиіс.
    • 3.2 Қатысушы сауда кеңесшілерін және сауда стратегияларын еш шектеусіз пайдалана алады.
    • 3.3 Қатысушы Техникалық қолдау қызметі арқылы кез -келген өзінің сауда шотын Swap-Free-ге (және керісінше)өзгерте алады.
    • 3.4 Акцияға қатысушы -шоттар үшін барлық басқа сауда шарттары ИнстаФорекс компаниясындағы нақты сауда шоттарына арналған сауда шарттарына ұқсас.

4. Жеңімпазды анықтау

    • 4.1 BMW X6 автомобилі ұтысының Жеңімпазын анықтау(бұдан әрі – Акцияның Жеңімпазы).
      • 4.1.1 Акция Жеңімпазының шоты мынадай схема арқылы анықталады: Жеңімпазды анықтау алгоритмінде шоттың соңғы 5 саны алынады (ол 5-таңбалы, 6-таңбалы немесе 7-таңбалы болуына қарамастан). Егер осы 5 сан BMW-санмен сәйкес келсе, онда шоттың иегері BMW X6 иесі болады.
      • 4.1.2 2017 ж. 29 желтоқсанда, жұмада сағат 23:59 келесі жұптар бойынша сауданы жабу сәтіне бағамның тиянақталуы өтеді:
        • BMW-санның бірінші саны – EURUSD жабылудың соңғы саны
        • BMW-санның екінші саны – GBPUSD жабылудың соңғы саны
        • BMW-санның үшінші саны - USDJPY жабылудың соңғы саны
        • BMW-санның төртінші саны - USDCHF жабылудың соңғы саны
        • BMW-санның бесінші саны– USDCAD жабылудың соңғы саны
      • 4.1.3 Егер генерацияланған BMW-санмен сәйкес келген шот Қатысушы болмаса, одан кейінгі немесе оның алдындағы шот Жеңімпаз деп танылады. Жеңімпаз ең үлкен депозит принципі бойынша таңдалады, ол мынадай формула бойынша есептеледі: A - B + C.
      • 4.1.4 Егер осылайша генерацияланған BMW- санмен бірнеше нөмір сәйкес келсе – 5-таңбалы шот, 6-таңбалы нөмірден бірінші санды алудың нәтижесі мен 7-таңбалы сауда шотының алғашқы алудың нәтижесі болса, онда бас жүлде – BMW X6 – онда бас жүлде ең үлкен депозиті бар шоттың иесіне бұйырады (ең үлкен депозит формула бойынша есептеледі: A - B + C).

5. Нәтижелерін жариялау

    • 5.1 Қатысушылардың конкурстық шоттары тіркелген өңірлер мен елдердің статистикасы жарияланады.
    • 5.2 Акцияның нәтижелері Акция аяқталғаннан кейін және барлық қажетті тексеруді өткізгеннен кейін 7 күннің ішінде жарияланады.
    • 5.3 Конкурстың қорытындысы мен марапаттау рәсімінен репортаж www.instaforex.com веб-сайтта және бірқатар теле- және баспа БАҚ жарияланады.

6. Жүлдені алу

    • 6.1. Жалпы ережелер.
      • 6.1.1 Акцияның Жеңімпазы Акцияның және ұтыстың қорытындысын жариялағаннан кейін күнтізбелік 20 күн ішінде Ұйымдастырушымен телефон арқылы жүлдені алу күнін, уақытын және орнын келіседі.
      • 6.1.2 Жеңімпаздың сауда шотын анықтағаннан кейін Ұйымдастырушы Қатысушы туралы ақпаратты, сондай-ақ осы ереженің 2.1. – 2.3. т. сәйкес оның Акцияға қатысу құқығын тексереді. Егер қандай да бір деректер дұрыс болмай шықса, сондай-ақ егер қатысушының Акцияға қатысу құқығы болмаса, ұтыс жарамсыз деп танылады.
      • 6.1.3 Жүлдені алу тәртібін бұзған жағдайда(төлқұжаттың болмауы немесе жарамдылық мерзімінің өтуі, және т. б.) Ұйымдастырушы жүлдені беруден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
    • 6.2 Акцияның бас жүлдесі – BMW X6 автомобилін алу.
      • 6.2.1 BMW X6 автомобилін жеңімпаз компанияның РФ орталық өкілдіктерінің бірінен алуына болады (Калининград және Мәскеу) немесе жеңімпазбен келісім бойынша әлемнің кез-келген жеріне жеткізілуі мүмкін.
      • 6.2.2 Акциияның Жеңімпазына жүлдені тапсыру төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатты көрсеткенде және қабылдау-беру актісінде келесі мәліметте көрсетілгенде беріледі: тегі, аты, күні, туған жылы, төлқұжат деректері, елді мекеннің коды міндетті түрде көрсетілген байланыс телефон нөмірі. Жоғарыда аталған деректемелердің бірін көрсетпеген жағдайда жеңімпаз жүлдені алу құқығынан автоматты түрде айырылады.
      • 6.2.3 Егер Акцияның Жеңімпазы жүлдені өзі ала алмаса, оны беру шарты жеңімпаздың атынан нотариалдық сенімхаттың негізінде басқа тұлғаға рәсімделеді.
      • 6.2.4 Жүлдені алған сәттен бастап Акцияның кез-келген Қатысушысы барлық салықтардың және қолданыстағы заңда белгіленген өзге де міндетті төлемдердің төленуіне жауапты болады.
      • 6.2.5 Автомобильді жеңімпаздың тұрғылықты жеріне тасымалдау шығынын ИнстаФорекс компаниясы көтереді. Алайда жеңімпаз салықтар және кедендік алымдар бойынша шығындарды өзі көтереді.
      • 6.2.6 Акцияның бас жүлдесі - BMW X6 орнына жеңімпаз балама сыйлықты таңдап, басқаруына 120 000 АҚШ доллары сомасына сауда шотын аша алады. Бұл сауда шотының бірқатар ерекшеліктері бар:
        • 120 000 доллары көлеміндегі бастапқы қаражат жеңімпаз верификацияның екі деңгейін өткеннен кейін ғана сауда шотына есептеледі;
        • 120 000 АҚШ доллары көлеміндегі бастапқы қаражатты алуға болмайды, алайда олардан алынған пайданың 50% шектеусіз алуға болады;
        • ашық мәмілелердің ең көп саны 10 аспауы керек, барлық мәмілелер бойынша лоттардың жиынтық көлемі 600 аспайды;
        • мәмілелердің ең аз мөлшері 6 лот құрайды;
        • жүлде қаражатына лот көлемі барынша ықтималды бірлі-жарым ықтималды ордерлер ашылатын, немесе осындай ордерлер көптеген бір бағыттағы позицияларды ашу арқылы жасанды түрде қалыптасатын сауда стратегияларын пайдалануға тиым салынады;
        • пайданы шығару үшін қолжетімді соманың ең жоғары мөлшері жүлде қаражатының екі еселенген сомасы болып табылады.
      • 6.2.7 Жеңімпаз, қаражатты кез -келген көлемде алғанда, берілген жүлде толық көлемде жойылатынымен келіседі.

7. Қорытынды ережелер

    • 7.1 Ұйымдастырушы Акцияны өткізумен байланысты мәліметтер мен ақпаратты рұқсатсыз пайдаланудан қорғаудың барлық шараларын қолданады және Акцияны өткізумен байланысты мәліметтер мен ақпаратты үшінші тұлғаға беруге міндетті емес.
    • 7.2 Акцияға қатысу фактісі Қатысушының ұтқан жағдайда келесі жәйттермен келісетінін білдіреді:
      • радио, телевидение және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беруге;
      • Ұйымдастырушы оның фотосуреттерін жарнамалық мақсатта пайдалануына;
      • Ұйымдастырушы жарнамалық мақсатта қосымша ақы төлеусіз оның аты-жөнін пайдалануына;
      • осы тармақта көрсетілген объектілерді пайдалана отырып дайындалған жарнамалық материалдардың барлық авторлық құқықтары Ұйымдастырушыға тиесілі.
    • 7.3 Акцияны өткізуге және оның нәтижелеріне байланысты туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешілуі тиіс.
    • 7.4 Акцияға қатысу автоматты түрде Қатысушылардың барлық ережелермен танысқанын және толық келісетінін білдіреді.
    • 7.5 Егер Акцияның жеңімпазы оны өткізудің барлық шарттарын сақтаудан бас тартса, оның Акцияға қатысу күші жойылады.

8. Акция шартының тілі

    • 8.1. Негізгі тіл ағылшын тілі болып табылады.
    • 8.2. Акцияның осы шарттарының ағылшын тіліндегі нұсқасы мен оның аудармасы арасындағы кез-келген қайшылықтар туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасына басымдылық беріледі.
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.