Сондай-ақ қараңыз
Forex халықаралық валюта нарығы - бұл бір валютаны сатып алып, басқа валютаға сатылатын нарық. Форекс нарығы бүгінгі таңдағы ең ауқымды және тиімді қаржы нарықтарының бірі. Жүргізілетін операциялардың сауда көлемі күніне шамамен 4 триллион долларды құрайды. Банктер мен қаржы компаниялары, сондай-ақ жеке тұлғалар - трейдерлер нарықтың қатысушылары болып табылады. Forex нарығының ерекшелігі мынада: басқа да қаржы нарықтарынан айырмашылығы ол тұрақты табыс табу мүмкіндігін бере отырып, аптасына бес күн, тәулік бойы жұмыс істейді.
Forex нарығында жұмыс істейтін трейдердің болмашы қаражат сала отырып, мол табыс табу мүмкіндігі бар. Трейдер Forex-те ақша табудан басқа, ол комиссия да төлейді. Forex нарығындағы комиссия – бұл операцияларын жүргізу үшін төленетін төлем. Forex-те комиссия валютаны сатып алу және сату мәмілелерін жүзеге асырғаны үшін алынады. Forex-тегі негізгі комиссия - бұл спред. Спред – бұл валютаны сатып алу және сатудың арасындағы айырма. Қаражатты алғаны немесе мәмілені ашқаны үшін трейдер төлейтіен комиссииялар да бар.
Әдетте, Forex комиссиясы болмашы сома, алайда, егер трейдер күніне бірнеше мәмілені ашып және жауып, қысқа мерзімді кезеңде жұмыс істесе, онда комиссия әлдеқайда жоғары болады.
Forex комиссияның немесе басқаша айтқанда – спредтің бірнеше түрлері бар. Спред тиянақталған және құбылмалы, стандартты немесе шағын шоттар үшін деп бөлінеді. Тиянақталған спред – бұл нарықта қалыптасқан кез-келген жағдайда өзгеріссіз қалатын комиссия. құбылмалы спред - бұл нарықтағы жағдай тұрақты болғанда 2 пункт құрайтын комиссия, алайда егер нарықта күтпеген өзгерістер болып жатса, ол 40 – 50 пунктке дейін ұлғайтылуы мүмкін.
Халықаралық валюта нарығында саудалау үшін Forex брокерді таңдайтын трейдер ұсынылған спредтің мөлшерін ескеруі керек. Трейдер барлық шығынды өзіне алуға міндеттенетін брокерлерден аулақ жүргені жөн, өйткені брокердің табысы мәмілені жүргізгені үшін трейдерлер комиссия ретінде төлейтін спредтен тұрады. Трейдер, жасалған мәміле үшін төлем ретінде спредті пайдалана отырып, қосымша комиссиясыз нарықта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін брокерге басымдық беруі тиіс. Форекс брокерде сауда шотын ашпас бұрын, оларға талдау жүргізіңіз.