Сайттың картасы
العربية Български 中文 Čeština English Français Deutsch हिन्दी Bahasa Indonesia Italiano Bahasa Malay اردو Polski Português Română Русский Srpski Slovenský Español ไทย Nederlands Українська Vietnamese বাংলা Ўзбекча O'zbekcha Қазақша

ИнстаФорекс клиентінің кабинеті

  • Кабинетті дербес баптау
  • Компанияның барлық сервистеріне қол жеткізу
  • Егжей-тегжейлі статистика және мәмілелер бойынша есеп беру
  • Қаржылық операциялардың толық спектрі
  • Бірнеше шоттарды басқару жүйесі
  • Деректерді қорғаудың ең жоғары дәрежесі

ИнстаФорекс серіктесінің кабинеті

  • Клиенттер мен комиссиялар туралы егжей-тегжейлі ақпарат
  • Шоттар мен басулардың графикалық статистиксы
  • Вебмастер үшін қажетті аспаптар
  • Дайын веб-шешімдер және баннерлердің кең таңдауы
  • Деректердің жоғарғы қауіпсіздігі
  • Компанияның жаңалықтары, RSS-ленталар және Форекс-информерлер
Сауда шотын ашу
Серіктестік бағдарлама
cabinet icon

ИнстаФорекстен тағы бір Lamborghini!оның рөлінде дәл Сен бола аласың!

Жай ғана сауда шотын 1000 долларға толтыр!

Ең жақсы сауда шарттарын және сәнді бонустық ұсыныстарды ал! Біз аңызға айналған 6 спорткарды сыйға тарттық! Және біз тоқтамаймыз! Соңғы шыққан Lamborghini Huracan сенікі болуы мүмкін!

ИнстаФорекс – өз жеңістеріңе инвестицияла!

Шотты тез ашу

Үйретуші хаттар алу
toolbar icon

Сауда алаңы

Мобильді құрылғылар үшін

Браузерде саудалау үшін

Форекс валюта нарығына қатысушылар өздерінің белсенділігі мен валюта бағамдарының әсеріне қарай екі топқа бөлінеді: маркет-мейкерлер(market makers) және маркет-юзерлер (market users).


Маркет - мейкерлер ұғымы әлемдік нарықтың жалпы көлеміндегі өз операцияларының елеулі үлесі есебінен валюта бағамының ағымдағы деңгейін анықтайтын ірі банктер мен қаржы ұйымдарын білдіреді. Маркет - мейкерлер түрлі сауда аспаптарының бағамдарын үнемі бақылауда ұстайды және солар бойынша мәмілелер жасайды. Маркет - мейкерлер - бұл, сатып алуға немесе сатуға өтінім беріп, белгілі бір аспаптардың өтімділігін қамтамасыз ететін нарықтың қатысушылары. Маркет-мейкерлер — бұл, күн сайын миллиардтаған және ондаған миллиард долларға сауда аспаптарын сатып алу немесе сатудың валюта операцияларын жасайтын ірі халықаралық банктер мен қаржы институттары. Белгілі бір нарық үшін өз маркет-мейкерлері бар. Сол сияқты, әр Форекс -брокердің котировкаларын пайдаланатын және өз кезегінде оларды өз клиенттеріне ұсынатын, өз маркет-мейкері немесе маркет-мейкерлері бар. Әлемдік ірі маркет-мейкерлер қатарына мыналарды жатқызуға болады: Deutsche Bank, Mizuho Bank, Barclays Bank, PBS, Citi Bank, Chase Manhattan Bank, Union Bank of Switzerland. Осы ұйымның маркет – мейкер екенін немесе еместігін анықтау үшін банктің өзінің көлемін ескермей, жалпы нарықтық операциялардағы оның үлесін, бағаны белгілей отырып, нарыққа әсер ететін оның қабілетін ескеру керек.


Айтылғандай, белгілі бір нарық үшін өз макет-мейкері болуы мүмкін. USD/CHF сауда аспабының нарығы үшін басты маркет-мейкер Credit Suisse Bank және Union Bank of Switzerland екенін нақтылауға болады. Құрамына азия валюталары кіретін сауда аспаптарының нарығы үшін ірі маркет - мейкер Standard Chartered Bank болып табылады. Рубльмен байланысты аспаптарға келсек, мұнда ірі маркет-мейкер Халықаралық Мәскеу банкі, Онэксимбанк болып табылады. Егер рубльдің бағамы белгіленген валюта дәлізінің деңгейінен шығатын болса, түрлі валюталық интервенциялар жүргізе отырып, рубльге қатысты валюта бағамын белгілеуде белсенді қатысушы болып табылатын, РФ Орталық Банкі осы тұрғыдан көріне алады.


Маркет-мейкерлер бір-бірімен, сондай-ақ нарық қатысушылары болып табылатын ірі емес банктермен де операцияларды жүргізу арқылы бағамның ағымдағы деңгейін белгілейді. Ұсақ банктер, ұйымдар және жеке тұлғалар үшін бағамды осы маркет - мейкерлер белгілейді. Осылайша, осы қатысушыларды сипаттайтын тағы бір - маркет-юзер түсінігі пайда болды.


Маркет-юзерлер – бұл өз операциялары үшін маркет-мейкерлер белгілейтін бағамды пайдаланатын қаржы ұйымдары, брокерлік компаниялар, ұсақ банктер мен жеке тұлғалар. Маркет-юзерлер нарықтың белсенді ойыншылары емес, олардың нарықтағы операцияларының жалпы көлемі қомақты болғанымен, олардың әрқайсысының үлесі мардымды емес. Ұсақ маркет-юзерлердің рөлі маркет-мейкерлер белгілейтін котировкаларды қабылдау немесе қабылдамау болып табылады. Осылайша, маркет-мейкерлер —бағаны белгілейді (price make), ал маркет-юзерлер —бағаны алады (take price).


Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру