Facebook
 
 

ПАММ-шот — бұл қаражат трейдерге сенімгерлік басқаруға берілетін инвестициялау тәсілі, мәміле сәтті жасалғанда басқарушы трейдер пайданың белгілі бір пайызын алады.

ПАММ-шоттардың жұмыс принципі

Инвесторлар басқарушы трейдердің шотын толықтырады. Басқарушы трейдер өзінің жеке капиталын пайдалана отырып, мәмілелер жасайды және операциялардың барлығы салымшылардың шоттарына пропорционалды көшіріледі. Пайда алынған жағдайда, салымдар шамасына қарай ол инвесторлармен және басқарушы трейдер арасында бөлінеді. Сондай-ақ, басқарушы трейдер пайданың пайызын алады.

Тәуекел дәрежесі

ПАММ-шоттарға салымдар — Форекс нарығындағы тамаша табысты жұмыс, әсіресе, егер трейдердің трейдингу барлық бос уақытын арнайтын мүмкіндігі болмаса. Сондай-ақ, ПАММ-шоттар негізгі жұмысты валюта нарығындағы саудамен біріктірген жағдайда біршама қосымша табыс әкелуі мүмкін. Алайда, ПАММ-шоттарға инвестициялаудың белгілі бір тәуекел дәрежесі болатынын ескеру керек. Басқарушы трейдер инвестордың қаражатын пайдалана отырып жасаған мәміленің пайда әкелуімен қатар, шығынды болуы да мүмкін екенін ескеру керек. Сондықтан басқарушы трейдерді таңдауға мұқият қарау керек.

Әдетте, ПАММ-шотқа инвестициялау алдында, ықтимал басқарушы трейдерлердің кәсіби қасиеттері зерттеледі. Бірінші кезекте, жасалған мәмілелердің санына және олардың нәтижелеріне, валюта нарығындағы жұмыс тәжірибесіне және ПАММ-шотты басқару тәжірибесіне баса назар аударылады. Басқарушы трейдердің кәсібилігі — инвестициялаудан пайданы алу кепілдігі.

Қауіпсіздік

ПАММ-шоттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған белгілі бір ережелер бар. Біріншіден, басқарушы трейдер инвесторлардың капиталын сауда операцияларын жасау үшін ғана пайдалана алады. Салымшылардың шоттарымен басқа да кез келген іс-әрекеттер басқарушы трейдер үшін қолжетімсіз.

ПАММ-шотқа басқарушы трейдердің қаражаты кіретіндіктен, мәміленің сәтті аяқталуы, ең алдымен, оның мүддесіне бағытталған.

Басқарушы трейдердің барлық іс-әрекеттері анық және оларды кез-келген уақытта қадағалауға болады, сондай-ақ ПАММ-шоттан меншік қаражатты да шығаруға болады. Сонымен қатар, ықтималды шығындарды шектей отырып, инвестор тәуекел дәрежесін өзі анықтайды.

Қаражатты жоғалтпау үшін және тұрақты жоғары табыс алу үшін, ПАММ-шоттардың болашақ инвесторлары қауіпсіздіктің негізгі ережелерін ұстанулары тиіс: тек брокерлік компания арқылы басқарушы трейдермен жұмыс істеу. Кері жағдайда, инвестор өзінің барлық салымдарынан айрылып қалуы ықтимал.

Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.