Force Index - FRC: сипаттамасы, баптау және қолдану

Күш Индексі (Force Index, FRC) Техникалық Индикаторын Александр Элдер әзірледі, бағаның әрбір көтерілуінде бұқалардың күшін өлшейді және түскенде аюлардың күшін өлшейді. Ол нарықтық ақпараттың: бағаның бағыты, оның өзгерісі мен мәмілелер көлемі сияқты негізгі элементтерін байланыстырады. Осы индексті таза түрінде қолдануға болады, алайда оны сырғымалы орташаның көмегімен жатықтаған әлдеқайда жақсы. Қысқа сырғымалы орташаның көмегімен жатықтау (автор 2 периодты пайдалануды ұсынады) позицияларды ашу және жабу үшін қолайлы сәттерді табуға көмектеседі. Егер жатықтау ұзын сырғымалы орташаның көмегімен жүргізілсе(мысалы, 13-периодты), онда индекс үрдістің өзгерістерін анықтайды.

Көтерілу үрдісі кезінде Force Index минус болған кезде (нөлдік сызықтан төмен түседі) сатып алған жөн;

Жаңа биіктікке дейін көтеріліп, индикатор көтерілу үрдісінің жалғасуы туралы сигнал береді;

Төмендеу үрдісі кезінде Force Index оң болғанда сату сигналы түседі;

Жаңа тереңдікке құлап, Күш Индексі аюлардың күші туралы және үрдістің төмендеуді жалғастыруы туралы сигнал береді;

Егер бағаның өзгерісі көлемнің сондай өзгеруімен бекітілмесе,онда Force Index бір деңгейде қалады, бұл үрдістің жақын бұрылысы туралы ескертеді.

Есептеу

Нарық қозғалысының әрбір күші оның бағытымен, ауқымы және көлемімен анықталады. Егер ағымдағы бардың жабу бағасы алдыңғыға қарағанда жоғары болса, онда күш оң болғаны. Егер ағымдағы жабу бағасы алдыңғыға қарағанда төмен болса, онда күш теріс болғаны. Баға айырмашылығы неғұрлым көп болса, күш соғұрлым үлкен болады. Мәмілелер көлемі неғұрлым көп болса, күш соғұрлым үлкен болады.

FORCE INDEX (i) = VOLUME (i) * ((MA (ApPRICE, N, i) - MA (ApPRICE, N, i-1))

Мұнда:

FORCE INDEX (i) - ағымдағы бардың Күш Индексі;

VOLUME (i) - ағымдағы бардың көлемі;

MA (ApPRICE, N, i) - ағымдағы бардың N периодтағы кез-келген сырғымалы орташасы: қарапайым, экспоненциалды,өлшенген немесе жатықталған (орташаланған);

ApPRICE - қолданылған баға;

N - жатықтау периоды;

MA (ApPRICE, N, i-1) - ағымдағы бардың кез-келген сырғымалы орташасы.

   Индикаторлар тізіміне оралу   
Индикаторлар тізіміне оралу
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.