"Үлкен жол" конкурсының ережесі
I. Жалпы ережелер
-
- 1. «Үлкен жол" конкурсын ИнстаФорекс компаниясы ұйымдастырды.
- 2. Конкурс 4 кезеңнен және бір финалдан тұрады.
- 3. Төрт кезеңнің әрбіреуін өткізу уақыты:
- - 13.03.23 – 14.04.23;
- - 15.05.23 – 16.06.23;
- - 17.07.23 – 18.08.23;
- - 18.09.23 – 20.10.23.
- 4. Төрт кезеңнің әрбіреуін тіркеуді өткізу уақыты:
- - 30.01.23 – 12.03.23;
- - 13.03.23 – 14.05.23;
- - 15.05.23 – 16.07.23;
- - 17.07.23 – 17.09.23.
- 5. Конкурстың финалын өткізу уақыты- 13.11.23 – 15.12.23.
- 6. Финалға тіркелу 18.09.23 ж. 00:00 басталып, 12.11.23 ж. конкурстың басталуына бір сағат қалғанда аяқталады.
- 7. Конкурстың жүлде қоры $55 000 құрайды.
- 8. Конкурстың алғашқы төрт кезеңінің жүлделер жиыны келесідей:
- - 1 жүлде – $3000;
- - 2 жүлде – $2000;
- - 3 жүлде – $1500;
- - 4 жүлде – $800;
- - 5 жүлде – $600;
- - 6 жүлде – $400;
- - 7 жүлде – $300 + 40 бонустық балл;
- - 8 жүлде – $250 + 30 бонустық балл;
- - 9 жүлде – $200 + 20 бонустық балл;
- - 10 жүлде– $150 + 10 бонустық балл;
- - 11 жүлде – $100 + 5 бонустық балл.
- 9. Конкурс финалының жүлделер жиыны келесідей:
- - 1 жүлде - $6000;
- - 2 жүлде - $3500;
- - 3 жүлде - $2300;
- - 4 жүлде - $1500;
- - 5 жүлде - $1000;
- - 6 жүлде - $850;
- - 7 жүлде - $750;
- - 8 жүлде - $550;
- - 9 жүлде - $350;
- - 10 жүлде - $300;
- - 11 жүлде - $250;
- - 12 жүлде - $200;
- - 13 жүлде - $150;
- - 14 жүлде - $100.
- 10. Конкурстың алғашқы төрт кезеңінде ақша қаражатынан басқа, бонустық баллдар қарастырылған, оларды конкурстың финалында пайдалануға болады. Әрбір бонустық баллға конкурстардың финалында қатысушының бастапқы депозитіне $1000 қосылады. Конкурстың алғашқы кезеңдеріне қатысып, бонустық балл алғандар [email protected] финалдық кезеңде бонус сомаларын олардың шоттарына есептеу туралы хат жолдаулары керек.
II. Қатысушылар
-
- 1. ИнстаФорекс компаниясындағы әрбір сауда шотының иесі конкурстың барлық кезеңіне қатыса алады.
- 2. Конкурсқа жасы 18 жеткен тұлғалар қатыса алады.
- 3. Әрбір Қатысушы ИнстаФорекс компаниясының сайтында тіркеуден өтуі тиіс.
- 4. Қатысушы тіркеу кезінде жеке басын растайтын құжатқа сәйкес толық аты-жөнін, тұрақты электрондық поштасын ұсыну қажеттілігімен келіседі.
- 5. Сауда екі және/немесе одан көп шоттарда бір IP жүргізілетіні анықталған жағдайда, әкімшілік осы шоттардың иесін шеттетуге құқылы, осыған байланысты біз GPRS және 3G-модемдерін пайдаланбауға кеңес береміз.
- 6. Ұйымдастырушы себебін түсіндірусіз Қатысушыны тіркеуден бас тартуға және Қатысушыны конкурс барысында шеттету немесе Конкурс аяқталғаннан кейін себебін түсіндіре отырып, шеттету құқығын өзіне қалдырады. Түрлі шоттарда бір ғана жұптар бойынша шамамен ұқсас уақытта ірі көлемдегі мәмілелерді ашу, сондай-ақ кепілдендірілген пайда алу үшін котировкалар ағынындағы жаңылысуды пайдалану шеттетуге себеп болып табылады.
- 7. Конкурсқа тіркеле отырып, Қатысушы Конкурсқа таралатын барлық шектеулермен және ережелермен келіседі.
- 8. Жақын туыстардың шоттарының конкурсқа қатысуына тиым салынады. Егер Конкурсанттың қандай да бір тіркеу деректері басқа Конкурсанттың тіркеу деректерімен сәйкес келген жағдайда, Компания бұл сәйкестікті шеттетуге негіз ретінде қарастыруға құқылы.
III. Сауда шарттары
-
- 1. Конкурсқа тіркелгеннен кейін Қатысушы DEMO шот алады.
- 2. Бастапқы депозит Қатысушылардың барлығы үшін $100 000 құрайды және өзгертілмейді.
- 3. Көтерме 1:500.
- 4. Конкурстың әрбір кезеңіне қатысу үшін жаңа DEMO шотты тіркеу керек
- 5. Нарықтық емес бағамен ашылатын барлық сауда ордерлерінің күші жойылады. Сондай-ақ конкурстың әкімшілігі, нарықтық емес бағамен сауда жүргізілгені анықталған жағдайда, сол шотты шеттетуге құқылы.
- 6. Конкурсқа Қатысушылар ешқандай шектеусіз сауда кеңесшілерін және кез-келген сауда стратегияларын пайдалана алады.
- 7. Сауда операцияларын жүргізу үшін негізгі валюта жұптары және кросс-бағам жұптары ғана қолжетімді.
- 8. Мәміленің минималды көлемі 0.01, максималды көлемі- 10 лот құрайды. Адымы - 0.01 лот.
- 9. Қатысушы техникалық қолдау арқылы өзінің сауда шотын Swap-Free-ге өзгерте алады.
- 10. Кейінге қалдырылған ордерлерді қосқанда, бір мезетте ашылған мәмілелердің максималды саны 5 құрайды.
- 11. Stop Out деңгейі 10% тең.
- 12. Конкурстық шоттарға арналған барлық басқа сауда шарттары ИнстаФорекс компаниясындағы нақты сауда шоттарына арналған сауда шарттарына ұқсас.
IV. Жеңімпаздарды анықтау
-
- 1. Конкурстың әрбір кезеңі аяқталғаннан кейін, конкурсқа қатысушылардың барлық мәмілелері ағымдағы баға бойынша автоматты түрде жабылады.
- 2. Ең үлкен депозиттің иелері жеңімпаз деп жарияланады.
- 3. Егер Конкурстың қорытындысы бойынша екі Қатысушының рейтингтері бірдей болса, орынды осы екі Қатысушының арасында бөлу туралы шешімді компания қабылдайды.
- 4. Конкурстың Жеңімпаздары олардың Аты-Жөндерін жариялауға келіседі.
- 5. Ұйымдастырушы себебін түсіндірусіз Қатысушыны тіркеуден бас тарту және Қатысушының жүлде қаражаттарымен қандай да бір алаяқтық жасауының тікелей немесе жанама дәлелдері негізінде, Конкурс аяқталғаннан кейін себебін түсіндіре отырып, Қатысушыны процестен шеттету құқығын өзіне қалдырады.
- 6. Егер клиенттің бір немесе бірнеше шоттарында жүлде қаражаттарын жинақтау орын алған жағдайда, Компания жүлдені есептемеу туралы шешім қабылдау құқығын өзіне қалдырады.
V. Нәтижелерін жариялау
-
- 1. Қатысушылардың шоттарындағы қаражат деңгейі қарау үшін бүкіл конкурс бойына компания сайтында еркін қолжетімді болады.
- 2. Ұйымдастырушы конкурс аяқталғаннан кейін Қатысушылардың стейтменттерін жариялау құқығын өзіне қалдырады.
- 3. Қатысушылардың конкурстық шоттарын тіркеуді жүргізетін елдер мен аймақтардың статистикасы жариялануы мүмкін.
- 4. Конкурстың нәтижелері, конкурс аяқталғаннан кейін және барлық қажетті тексеруді өткізгеннен кейін бір ай ішінде жарияланады.
VI. Жүлдені алу
-
- 1. Жеңімпаздар конкурс қорытындысын жариялағаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде шот ашып, оны верификациялауы керек.
- 2. Жүлде қаражаттары клиент ашып, верификацияланған нақты сауда шотына есептеледі.
- 3. Жеңімпаз, конкурс әкімшілігі ашқан немесе жеңімпаздың өзі ашқан нақты сауда шотындағы кез-келген әрекеттің соның жасағаны деп саналатынымен және ИнстаФорекс Компаниясының келісімдеріне және ережелеріне сәйкес реттелетінімен келіседі.
- 4. Жеңімпаздың сауда шотына есептелген жүлде қаражаттары алынбайды. Ал жүлде қаражаттарынан алынған пайданы алуға болады.
- 5. Ұйымдастырушы бұрын берілген және Қатысушының конкурс қаражаттарының ізін жасыруға бағытталған қандай да бір алаяқтық жасауының тікелей немесе жанама дәлелдері негізінде күшін қайтаруға жататын жүлдені жарамсыз деп тану құқығын өзіне қалдырады.
- 6. Сауда шотынан қаражатты шығару, қаражатты шығаруға өтінімді рәсімдегенде автоматты түрде жүзеге асырылады. Қаражатты шығаруға өтінімнің сәйкестігіне сауда шотының және еркін қаражаттың (free margin) балансын тексеруді қаржы бөлімінің мамандары өтінімді өңдеу кезінде бірден жүзеге асырады. Сәйкес келмеген жағдайда, мәлімделген қаражат сауда шотына қайтарылады.
- 7. Жеңімпаз, қаражатты кез-келген мөлшерде алғанда берілген жүлденің толық көлемде күші жойылатынымен келіседі.
VII. Акция шартының тілі
-
- 1. Негізгі тіл ағылшын тілі болып табылады.
- 2. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін, Компания Акцияның шарттарын басқа тілдерге аударып бере алады. Бұл аударма тек қана ақпараттық сипатта болады.
- 3. Акцияның осы шарттарының ағылшын тіліндегі нұсқасы мен оның аудармасы арасындағы кез-келген қайшылықтар туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасына басымдылық беріледі.