Форекстің ғажайып әлемі ешқашан бұндай қол жетімді болған емес

Форекстің ғажайып әлемі ешқашан бұндай қол жетімді болған емес

Түрлі нарықтың инвестициялық тартымдылығы да әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан инвесторлар қандай да бір нарыққа немесе нарықтық сегментке басымдық береді. Алайда, басқа нарықтар өтімсіздіктен немесе артық құбылмалылықтан және белгісіздік тежеліп тұрғанда тиімді инвестициялық платформа болып табылатын нарық та бар.

Бұл қандай нарық? Бұл Форекс нарығы. Бұл нарық оларды қолма-қол ақшамен қамтамасыз ете отырып, басқа нарықтарға қызмет көрсетеді. Халықаралық валюта нарығы капиталдың жылдам өсуіне мүмкіндік беретін сенімді инвестициялық айлақ болып саналады, ол сондай-ақ басқа нарықтар арасында делдал болып келеді. Алайда, валюта нарығының басты ерекшелігі оның икемділігі болып табылады. Форекс саяси немесе экономикалық ландшафтқа қарамастан, жақсы инвестициялық алаң болуы мүмкін. Инвесторлар тіпті өңірлік және ғаламдық көлемдегі дағдарыс кезінде де пайда таба алады. Әлемде Қандай жағдай болмасын, Форекс нарығы барлық маңызды оқиғалар мен биржалық жағдайларға қашанда назар аударып, инвесторларды бұдан ақша табуға шақырады.


media about us, publications


Форекс нарығындағы сауданың – еріншектің ісі емес, қажырлы еңбек екені бәріне белгілі. Егер сіз амбициясы үлкен адам болсаңыз, онда сіздің айтарлықтай күш жұмсауыңызға тура келеді. Сонымен қатар, трейдер мансабын бастау үшін сіхге халықаралық валюта нарығында сіздің жолсерік, тәлімгер және көмекшіңіз болатын брокерді табуыңыз керек болады. Сондықтан брокерлік фирмалар және дилингтік орталықтардың ұшан-теңіз ұсыныстарының ішінен сізге үздік және беделі жоғары он, тіпті жиырма компаниядан біреуін таңдауыңыз керек болады.

ИнстаФорекс компаниясы бірнеше жыл қатарынан әлемдік үздік брокерлердің ондығына кіреді. Ол онлайн-сауданың қалыптасу кезеңінде тағайындалған. ИнстаФорекс нарықта өз орнын анықтап, алғашқылардың бірі болып клиенттерге жоғары сапалы қызмет пен қазіргі заманғы технологиялар негізінде қолайлы сауда шарттарын ұсынды. Қазіргі кезде әлемнің 70 елінен 2 млн. астам клиенттер ИнстаФорекске сенім артады. Олармен 250 өкілдіктегі бірнеше жүздеген мамандар командасы жұмыс істейді.

Барлығын рет-ретімен айтайық. Әрине, жаңа бастаған барлық трейдерлер өздерін әлеуетті кәсіпқойлармыз деп санайды, олар техникалық талдауға жеткілікті уақыт бөледі және нақты уақыт режимінде нарықтық баға котировкаларын үнемі қадағалап отырады. Және жасыратыны жоқ, бастапқы капиталы шағын және бос уақыты аздаған жаңа келгендердің көпшілігі, монитор алдында сағаттап отырмай ақша тапқысы келеді. ИнстаФорекс осындай трейдерлер үшін бірқатар арнайы қызметтер ұсынып, өзінің барлық бос уақытын саудаға арнамай, нарықта өздерін сенімді сезінуге мүмкіндік береді.

ПАММ-шоттардан бастайық. Бұл ең қарапайым және интуитивті сервистердің бірі. ПАММ-жүйе – бұл валюталық инвестициялаудың барынша кең жобасының ішіндегі инвестициялық схема. Көптеген кәсіби трейдерлердің ИнстаФорекстің ПАММ-жүйесіне тіркелді. Саудадағы тәжірибесі мол трейдерлер инвесторларға олардың мәмілелеріне ақша салуды ұсынады, бұл инвесторларға кейіннен олардың салған инвестицияларына барабар үлесін алуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, тәжірибелі трейдерлер өздерінің мәмілелері үшін инвестициялар қабылдайды, содан кейін пайданы өз үлесін қосқан инвесторлар арасында бөледі. ПАММ-жүйенің артықшылығы мынада: ең тәжірибелі трейдерлер ірі сомаларымен саудалау мүмкіндігін алып, бодан, осылайша, көп пайда табады. Сол уақытта инвесторлар кең көлемді, қол жетімді барлық ақпараттың негізінде сенімді трейдерлерді таңдап, содан кейін нарықты зерттеуге жеке уақытын жоғалтпай, оларға инвестициялай алады. ИнстаФорекс ұсынған ПАММ-жүйенің арқасында алтын уақытты жоғалтпай табысты инвестор болып, пайда алуға болады.

ИнстаФорекс трейдерлерге дербес сауда жасауға мүмкіндік беретін тағы бір қарапайым жүйені ұсынады. Бұл ForexCopy – табысты трейдерлердің мәмілелерін көшіру жүйесі. Осы жүйенің мәнісі мынада: жаңа бастаған трейдерлер ПАММ-жүйедегі сияқты кәсіби трейдерлердің саудасына инвестицияламайды. Олар трейдерлердің мәмілелеріне жазылып, солардың мәмілелері бойынша барлық мәліметтерді алып, біртіндеп солардың саудасын көшіреді. ИнстаФорекс ұсынған ForexCopy жүйесі жаңа келгендерге валюта нарығында адаспай, табысты трейдерлердің соңынан еруге мүмкіндік береді. Осылайша, жаңа бастаған трейдерлер өз саудасының жалпы пайдалылығын арттырып, сондай-ақ сауда дағдыларын жақсарта алады. Қалай болғанда да, табысты трейдерлердің мәмілелерін көшіру жаңа бастаған трейдерлерге олардың әдістемесі, логика және стратегиясын ұғынуға мүмкіндік береді.

ИнстаФорекс ұсынатын үшінші шешім, уақыты аз, бірақ өзін аса құрметтейтін жаңа келгендерге арналған. Бұл біркүндік бинарлық опциялар. Бұл өнім алдыңғысыған түбегейлі өзгеше. Сіз үйрене алатындай, озық трейдер түріндегі тәлімгеріңіз болмайды. Дегенмен, ісін жаңа бастаған трейдерлер үшін барлығы қол жетімді. Опциондық сауданы түсіну соншалықты қиын емес. Трейдерге бар қажеттісі, сауда аспабының (мысалы, валюта жұбының)қайда баратынын анықтау, яғни қайсысы төмендейді, ал қайсысы өседі. Сіз сауданың осы түрі мен қызыл немесе қараға қоятын рулетка арасындағы ұқсастықты байқай аласыз. Алайда! Казинода сіз қандай түстің келесі болатынын аналитикалық болжай алмайсыз. Ал Форекс нарығында валюта бағамының қандай бағытта қозғалатынын анықтау үшін, талдау үшін бірқатар аспаптар бар. Мәселен, трейдерлерге аналитикалық шолулар, жаңалықтар, техникалық және іргелі талдау, экономикалық күнтізбе және т. б. қол жетімді.

Осының бәрі сізге дұрыс опционды сатып алуға көмектеседі. ИнстаФорекс клиенттердің мәмілелерінің нәтижесінде пайда алуға кепілдік бермейтінен қарамастан, компания ақпараттың кең ауқымын ұсынады, пайда алу мүмкіндігін арттырары сөзсіз.

Қорытындылай келе, қазіргі Форекс нарығынан қорықпау керектігін атап айтқымыз келеді. Иә, ол күрделі және көпқырлы. Алайда ол тәжірибесі мен бос уақытының бар/жоғына қарамастан табыс тапқысы келетіндер пайдалана алатындай мүмкіндіктерді кең көлемде ұсынады. ИнстаФорекс бұл қағиданы өз қызметін бастаған сәттен бастап ескеріп келеді. ИнстаФорекс – бұл қазіргі Форекс нарығын қол жетімді етуге елеулі үлес қосқан компания.

IAIR журналы (Шілде – Желтоқсан, 2014)
Кері

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.