Техникалық талдау
Техникалық талдау фигуралары
Вымпел

«Вымпел» паттерны техникалық талдау саласындағы бұрыннан белгілі классикалық фигура болып табылады. Бұл фигура барлық валюта жұптарының сауда графиктерінде жиі кездеседі.
Сауда графигінде «Вымпелдің» пайда болуы трендтің жалғасуы туралы айтады.
Бас пен иығы

«Бас пен иығы» паттерны – бұл ең алдымен айқарма моделі. Бұл паттерн 3 шың немесе 3 ойпат негізінде қалыптасады, және ортаңғы шың (ойпат) басқа екеуінен жоғары.
Қосарлы шың

«Қосарлы шың» фигурасы өте түсінікті айқарма моделін білдіреді. "Қосарлы шың» кедергі деңгейіне жақын түзіледі және нарықта бағасы екі рет қатарынан кедергі сызығын кесіп өте алмайтын жағдай пайда болғаны туралы сигнал береді.
Тікбұрыш

Тікбұрыш – саудадағы техникалық талдаудың ең көп таралған және қарапайым әдістерінің бірі. Оны графиктерде анықтау оңай болғанымен, трендтің жалғасу индикаторы болып табылатын маңызды және өте күшті фигура. Осылайша трейдердің пайдалы мәміле жасасып, нарыққа сәтті кіру мүмкіндігі пайда болады.
Үшбұрыш

Үшбұрыш жиі кездесетін графикалық фигураларға жатады. Бұл шырақ комбинациясын барлық қаржы аспаптарының графиктерінде және кез-келге тайм-фреймдерде кездестіруге болады. Үшбұрыш трендтің жалғасу моделі болып табылады. Бұл, оның пайда болар алдында аю немесе бұқа тренді болатынын білдіреді.
Жалау

Жалау үрдісті жалғастыруды болжамдайтын модель болып табылады. Тренд жалғасуының басқа да ұқсас фигуралары сияқты бағаның қарқынды жүрісінен кейін түзіледі және баяулауға ұқсас болады. Флэт аяқталған кезде оның соңынан трендтің жалғасуы жүреді, әдетте, ол тенденция соған дейін болғандай, күшті болып келеді.
Үш щың

Үш шың – қолдау деңгейінен төменгі ұмтылыспен көрінетін үш бірдей максимумдардан тұратын айқарма модель.