empty
 
 

Lucky Trader конкурсының Ережесі

1. Жалпы ережелер

    • 1.1. Конкурстың атауы «Lucky Trader» (әрі қарай – Конкурс).
    • 1.2. Конкурсты ИнстаФинтех компаниялар тобы ұйымдастырды (әрі қарай – Ұйымдастырушы).
    • 1.3. Конкурс екі апталық болып табылады және әр екі аптада дүйсенбінің терминалды уақыты бойынша 00:00 басталып, жұманың 23:59:59 дейін өткізіледі.
    • 1.4. Келесі екі апталық конкурсқа тіркелу ағымдағы конкурс барысында жүргізіледі және конкурстың басталуына 1 (бір) сағат қалғанда аяқталады.
    • 1.5. Әрбір екі апталық конкурстың жүлде қоры 3000 USD құрайды, ол жеңімпаздар арасында келесі тәсілмен бөлінеді:
      • 1 жүлде – 1000 USD;
      • 2 жүлде – 750 USD;
      • 3 жүлде – 500 USD;
      • 4 жүлде – 250 USD;
      • 5 жүлде – 200 USD;
      • 6 жүлде – 150 USD;
      • 7 жүлде – 100 USD;
      • 8 жүлде – 50 USD.

2. Қатысушылар

    • 2.1. Конкурсқа 18 жасқа жеткен тұлғалар қатыса алады.
    • 2.2. Әрбір қатысушы ИнстаФорекс компаниясының сайтында тіркеуден өтуі керек.
    • 2.3. Әрбір екі апталық конкурсқа қатысу үшін Қатысушы жеке DEMO шот ашады.
    • 2.4. Қатысушы тіркеу кезінде дұрыс мәліметтерді беруге, тұлғасын растайтын құжатқа сәйкес толық аты-жөнін, қолданыстағы байланыс электронды адресін көрсетуге міндеттенеді.
    • 2.5. Екі және/немесе үш шоттағы сауда бір IP жүргізілгені анықталған жағдайда, әкімші осы шоттардың иесін (иелерін) шеттетуге құқылы, соған байланысты біз GPRS- және 3G-модемдерді пайдаланбауға кеңес береміз.
    • 2.6. Ұйымдастырушы себебін түсіндірусіз Қатысушыны тіркеуден бас тартуға және Қатысушыны конкурс барысында шеттету немесе Конкурс аяқталғаннан кейін себебін түсіндіре отырып, шеттету құқығын өзіне қалдырады. Түрлі шоттарда бір ғана жұптар бойынша шамамен ұқсас уақытта ірі көлемдегі мәмілелерді ашу, сондай-ақ кепілдендірілген пайда алу үшін котировкалар ағынындағы жаңылысуды пайдалану шеттетуге себеп болып табылады.
    • 2.7. Конкурсқа тіркеле отырып, Қатысушы Конкурсқа таралатын барлық шектеулермен және ережелермен келіседі.
    • 2.8. Жақын туыстардың шоттарының конкурсқа қатысуына тиым салынады. Егер Конкурсанттың қандай да бір тіркеу деректері басқа Конкурсанттың тіркеу деректерімен сәйкес келген жағдайда, Компания бұл сәйкестікті шеттетуге негіз ретінде қарастыруға құқылы.

3. Сауда шарттары

    • 3.1. Конкурсқа тіркелгеннен кейін Қатысушы конкурстық DEMO сауда шотын алады.
    • 3.2. Бастапқы депозит Қатысушылардың барлығы үшін 30 000.00 USD құрайды және өзгертілмейді.
    • 3.3. Көтерме 1:500.
    • 3.4. Нарықтық емес бағамен ашылатын барлық сауда ордерлерінің күші жойылады. Сондай-ақ конкурстың әкімшілігі, нарықтық емес бағамен сауда жүргізілгені анықталған жағдайда, сол шотты шеттетуге құқылы.
    • 3.5. Конкурсқа Қатысушылар ешқандай шектеусіз сауда кеңесшілерін және кез-келген сауда стратегияларын пайдалана алады.
    • 3.6. Сауда операцияларын жүргізу үшін негізгі валюта жұптары және кросс-бағам жұптары ғана қолжетімді.
    • 3.7. Мәміленің минималды көлемі 0.01, максималды көлемі- 1 лот құрайды. Адым 0.01 лот құрайды.
    • 3.8. Қатысушы техникалық қолдау арқылы өзінің сауда шотын Swap-Free-ге өзгерте алады.
    • 3.9. Кейінге қалдырылған ордерлерді қосқанда, бір мезетте ашылған мәмілелердің максималды саны 10 құрайды.
    • 3.10. Stop Out деңгейі 10% тең.
    • 3.11. Конкурстық шоттарға арналған барлық басқа сауда шарттары ИнстаФорекс компаниясындағы нақты сауда шоттарына арналған сауда шарттарына ұқсас.

4. Нәтижелерін жариялау

    • 4.1. Қатысушылардың шоттарындағы қаражат деңгейі қарау үшін бүкіл конкурс бойына компания сайтында еркін қолжетімді болады.
    • 4.2. Ұйымдастырушы конкурс аяқталғаннан кейін Қатысушылардың шоттарының тарихын жариялау құқығын өзіне қалдырады.
    • 4.3. Қатысушылардың конкурстық шоттарын тіркеуді жүргізетін елдер мен аймақтардың статистикасы жариялануы мүмкін.
    • 4.4. Конкурстың нәтижелері, конкурс аяқталғаннан кейін және барлық қажетті тексеруді өткізгеннен кейін 14 күннің ішінде жарияланады.

5. Жеңімпаздарды анықтау

    • 5.1. Ағымдағы конкурс аяқталғаннан кейін, конкурсқа қатысушылардың барлық мәмілелері ағымдағы баға бойынша автоматты түрде жабылады.
    • 5.2. Егер Конкурстың қорытындысы бойынша екі Қатысушының рейтингтері бірдей болса, орынды осы екі Қатысушының арасында бөлу туралы шешімді Ұйымдастырушы қабылдайды.
    • 5.3. Конкурстың Жеңімпаздары олардың ТАӘ жариялауға келіседі.
    • 5.4. Конкурстың Жеңімпаздарын анықтау үшін барлық мәмілелердің пайдасын қосу және барлық теріс мәмілелердің шығындарын шегеру арқылы есептелетін рейтингті пайдаланады, оның бір ғана шектеуі бар- әр мәміле бойынша 10 пункттен АСПАЙТЫН пайда есептеледі. Егер пайдалы мәміленің нәтижесі 20, 40 немесе 50 пунктты құраса да, рейтинг тек қана 10 баллға ұлғаяды. Бұл ретте шығынды мәмілелер толық көлемде ескеріледі. Сонымен қатар, рейтингті есептеу кезінде мәміленің лоттар саны қосылады. Мысалы, егер конкурсқа қатысушының әрқайсысының 30 пункттен болатын екі профиттік мәмілесі болса, бірақ біреуі 0.1 лот, ал екіншісі 1 лот болса, онда бұл жағдайда бірінші мәміле рейтингке тек (10 * 0.1) = 1 балл , ал екіншісі (10 * 1) = 10 балл қосады.
    • 5.5. Бір ғана Қатысушының күнтізбелік бір айдың ішінде жүлдені екі рет алуына болмайды. Егер ол бір айдың ішінде жүлделі орынға бір реттен артық ие болса, қатысушы жеңімпаздар тізімінен шығады, ал жүлделер желісі оның орнынан бастап, төмен қарай сырғиды.
    • 5.6. Ұйымдастырушы себебін түсіндірусіз Қатысушыны тіркеуден бас тарту және Қатысушының жүлде қаражаттарымен қандай да бір алаяқтық жасауының тікелей немесе жанама дәлелдері негізінде, Конкурс аяқталғаннан кейін себебін түсіндіре отырып, Қатысушыны процестен шеттету құқығын өзіне қалдырады.
    • 5.7. Егер клиенттің бір немесе бірнеше шоттарында жүлде қаражаттарын жинақтау орын алған жағдайда, Компания жүлдені есептемеу туралы шешім қабылдау құқығын өзіне қалдырады.

6. Жүлдені алу

    • 6.1. Победители должны открыть и верифицировать счета в течение 30 календарных дней после объявления результатов конкурса.
    • 6.2. Призовые средства будут зачислены на верифицированный реальный торговый счет, открываемый клиентом.
    • 6.3. Победитель признает, что любая деятельность на реальном торговом счете, открываемом администрацией конкурса или самим победителем, признается совершенной им и регулируется в соответствии с соглашениями и правилами Группы Компаний ИнстаФинтех.
    • 6.4. Все призы, включая первое место, не подлежат снятию, однако может быть снята любая прибыль, полученная сверх суммы приза.
    • 6.5. Организатор оставляет за собой право признать ранее выданный приз недействительным и подлежащим отмене на основании прямых и косвенных доказательств попыток проведения Участником каких-либо махинаций, направленных на отмывание конкурсных средств.
    • 6.6. Списание средств с торгового счёта происходит автоматически при оформлении заявки на вывод средств. Проверка баланса торгового счёта и свободных средств (free margin) на соответствие заявке на вывод средств производится непосредственно при обработке заявки специалистами финансового отдела. В случае несоответствия заявленные средства возвращаются на торговый счёт.
    • 6.7. Победитель соглашается, что при любом снятии средств, выданный приз отменяется в полном объеме.

7. Акция шартының тілі.

    • 7.1. Негізгі тіл ағылшын тілі болып табылады.
    • 7.2. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін, Компания Акцияның шарттарын басқа тілдерге аударып бере алады. Бұл аударма тек қана ақпараттық сипатта болады.
    • 7.3. Акцияның осы шарттарының ағылшын тіліндегі нұсқасы мен оның аудармасы арасындағы кез-келген қайшылықтар туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасына басымдылық беріледі.
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.