Әлемнің негізгі валюталары

Әрбір валютаның өзінің үш әріптен тұратын ISO-коды бар. Әдетте, ISO-кодтың алғашқы екі әрпі валютаны шығарған елді, ал үшінші әрпі — валюта атауын көрсетеді. Ең өтімді валюта АҚШ доллары (USD), еуро (EUR), жапон йені (JPY), британ фунты (GBP), швейцария франкы (CHF)болып саналады.

Бір валютаның құны басқасына қатысты үнемі ауытқиды — өседі немесе төмендейді. Мәселен, америка доллары еуроға қатысты төмендеуі мүмкін, австралия долларымен салыстырғанда өсуі мүмкін. Осыған байланысты валюта әрқашан жұппен саудаланады және бір-біріне қатысты бағасы белгіленеді. Жұптағы валюталардың белгіленуі «/» белгісімен бөлінеді — EUR/USD, USD/JPY, GBP/USD және т.б.

Шын мәнінде, валюта жұбы — бұл осы жұпқа кіретін валюта бағасының қатынасы. Мысалы, EUR/USD жұбының құны 1 EUR-ға қанша USD сатып алатыныңызды көрсетеді. Жұптағы бірінші валюта базалық, екіншісі — бағасы белгіленген деп аталады. Еуро әлемнің басқа валюталарына қатысты базалық болып табылады. Валюта жұптары іргелі сипаттамаларына сәйкес үш топқа бөлінеді: негізгі (Major), негізгі емес (Minor) және экзотикалық (Exotic). Бірінші топ ең саны азы деп саналады, алайда, бұл оған сауда көлемі бойынша көшбасшы болуға кедергі ккелтірмейді. Форекс нарығындағы барлық операциялардың шамамен 75% негізгі топқа жататын валюта жұптарына тиесілі. Major тобының басым бөлігі, бірден ең өтімді әлемдік екі валютамен түзілген жұптардан құрылған.
Бүгінгі таңда негізгі валюта жұптары болып саналатындар:


Символ Атауы Ауызекі айтылуы
EUR/USD Еуро-Доллар Еуро
USD/JPY Доллар-Йен Йен
GBP/USD Фунт-Доллар Стерлинг немесе Кабель
USD/CHF Доллар-Франк Свисси (Swissy)
AUD/USD Австралия Доллары-Доллар Оззи (Aussie)
USD/CAD Доллар-Канада Доллары Луни (Loonie)
NZD/USD Жаңа зеландия Доллары-Доллар Киви (Kiwi)

Құрамында Америка доллары жоқ жұптар, кросс-валюта жұптары немесе кросс-бағамдар деп аталады. Келесі кросс-бағамдар белсенді саудаланады:


Символ Атауы
EUR/CHF Еуро-Швейцария доллары
EUR/GBP Еуро-Стерлинг
EUR/JPY Еуро-Йен
GBP/JPY Стерлинг-Йен
AUD/JPY Оззи-Йен
NZD/JPY Киви-Йен



GBP/USD. 1992 жылдың "Қара сейсенбісі"
.
GBP/USD. 1992 жылдың "Қара сейсенбісі"
.
Валюта жұптарының тарихынан қызықты фактілерді қарастырайық. Өткен ғасырдың соңында, 1992 жылы 16 қыркүйекте британ фунты күрт төмендеп кетті. Ұлыбритания тарихында бұл күн «қара сйрсенбі» деп аталады. Ағылшын фунтының күрт төмендеуі GBP/DEM (фунт/неміс маркасы) және GBP/USD (фунт/доллар) валют жұптарына қатты әсер етті. 1992 жылдың қарашасынан бастап желтоқсанның аяғына дейінгі кезеңдегі Британия ұлттық валютасының долларға қатысты өзгерісі 25% (2,01-ден 1,51 GBP/USD дейін) құрады.
"Стерлингтік дағдарыстың" негізгі себептері ретінде қаржыгерлердің айтқаны:
  • Ұлыбританияның валюта дәліздері белгіленген Еуропаның валюта жүйесіне қатысуы;
  • «Қара сейсенбінің» қарсаңында өткен парламенттік сайлау;
  • Өнеркәсіп өндірісі деңгейінің төмендеуі;
  • Англия Банкінің неміс маркасына қатысты паритетті ұстауға талпынысы;
  • Елден инвесторлардың ірі көлемде кетуі.

Сол сәтте неміс валюта нарығы британдыққа қарағанда тартымды бола бастады, алыпсатарлар фунт стерлингті марка мен долларға жаппай сатуға кірісті. Валюта дағдарысының салдары:

  • Пайыздық мөлшерлеменің 10-нан 15% дейін күрт өсуі ;
  • Ұлыбритания үкіметінің фунтты девальвациялауы;
  • Ұлыбританияның Еуропаның валюта жүйесінен шығуы(ЕВС).

Нәтижесінде фунт еркін айналымды айырбас бағамына оралды.



USD/JPY. 1997—1998 жылғы Азияның қаржы
нарығы
USD/JPY. 1997—1998 жылғы Азияның қаржы
нарығы
90-шы жылдарда тағы бір валюта жұбы — доллар/йен (USD/JPY) айтарлықтай құлдырауға ұшырады. 80-ші жылдардын ортасынан бастап йен америка долларына қатысты қарқынды түрде қымбаттай бастады. 90-шы жылдардың басында жапон экономикасының жандануы тоқырауға ауысты, жұмыссыздар саны артып, жалақы мен халықтың өмір сүру деңгейі төмендеді. Көптеген қаржы ұйымдары банкротқа ұшырай бастады.
Соның нәтижесінде Токио қор биржасындағы котировкалар құлап, йен девальвацияланды, содан кейін өндіріс саласындағы компаниялар арасында банкроттықтың жаңа толқыны басталды. 1995 жылы JPY/USD жұбының тарихи минимумы белгіленді– 79.80. 1997 – 1998 жылдарда басталған азия дағдарысы, жапон йенінің құлдырауына әкеп соқтырды. Осының нәтижесінде йен/доллар валюта жұбының бағамының құлдырауы бір доллар үшін 115 йеннен 150 йенге дейін жетті.
Алайда бүгін, әлемдік негізгі валюталар құнының күрт өзгерістеріне әкеп соққан 2008 жылғы әлемдік экономикалық дағдарыстан кейін, йен трейдерлер үшін ең сенімді аспаптың бірі болып табылады. Ол ең көп саудаланатын еуро/доллар және фунт/доллар валюта жұптарының ішінде үшінші орында тұр. Төменде йен саудаланатын негізгі валюта жұптары бойынша бағамдарының өзгерісі берілген:

Валюта жұбы Дағдарысқа дейінгі мәні(08.2008) Дағдарыстан кейінгі мәні (01.2010) Өзгеріс, %
USD/JPY 110.38 89.97 -18.5
GBP/JPY 213.50 142.79 -33.22
EUR/JPY 168.48 122.16 -27.5

Кестеден көретініміздей, дағдарыс кезінде йен долларға қатысты 18% астам, еуроға қатысты — 27,5%, фунтқа — 33% нығайды. Доллар өз позицияларын нығайтқан валюталардың ішінде төртінші орынды иеленді. Бір қызығы, ондаған триллион долларды құрайтын, АҚШ-тың ұдайы өсіп отырған сыртқы қарызына қарамастан, доллар әлемдегі ең сенімді валюта болып қалуда. Инвесторлар американың ұлттық валютасына деген сенімін жалғастыруда. Төменде долларға қатысты валюта бағамдары өзгерісінің кестесі берілген:


Валюта жұбы Дағдарысқа дейінгі мәні(08.2008) Дағдарыстан кейінгі мәні (01.2010) Өзгеріс, %
EUR/USD 1.5619 1.4328 -8.3
USD/CHF 1.0820 1.0555 -2.5
GBP/USD 1.9774 1.5990 -19.2

Деректерден көретініміздей, дағдарыс кезінде доллар еуроға қатысты 8,3%, фунтқа — 19,2% нығайған, сол кезде йен мен франкке қатысты сәйкесінше 18,5% және 2,5% құлдыраған. Еуро нығайған валюталар рейтингісінде 12 орын алды. Еуроның қозғалысына келесі факторлар теріс әсерін тигізді: еуро аймақтың бірқатар елдерінің (Германия, Франция, Италия) ЖІӨ қысқаруы, ЕО өндіріс деңгейінің құлдырауына қатысты қауіп, Еуропалық одаққа мүше елдердің бірқатарының сыртқы ірі борышының болуы, инвесторлардың валюта -баспаналарға(долларға және йенге)қызығушылығы. Еуроға қатысты валют бағамдары өзгерісінің кестесі төменде берілген:


Валюта жұбы Дағдарысқа дейінгі мәні(08.2008) Дағдарыстан кейінгі мәні (01.2010) Өзгеріс, %
EUR/CHF 1.6352 1.4747 -8.8
EUR/GBP 0.7900 0.8991 13.8
EUR/AUD 1.6974 1.5658 -7.7

Қаржы дағдарысы кезінде еуро келесі негізгі валюталарға қатысты әлсіреді: долларға 8,3%, йенге 27,5%, франкке 8,8%, австралия долларына 7,7%.

Сонымен, Форекс нарығы әлемдік қаржы дағдарысынан зардап шекпей, керісінше, содан нақты пайда ала білді. Котировкалардың қарқынды өзгерісінен валюта трейдерлері табатын пайда адам айтқысыз ауқымды көлемге жетті. Дағдарыс — экономикалық күйзелістер, әлеуметтік шиеленіс қана емес, инвестициялар мен көптеген қордаланған мәселелерді шешудің сәтті кезеңі.

Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.