Facebook
 
 

Пипсовка және скальпинг нені білдіреді? Сауданың бұл түрін трейдерлер, нарықтағы біркүндік ауытқулардан пайда алу үшін қолданады. Мұндай мәмілелерді әдетте, екі-үш минуттан артық ашық қалдырмайды. Мұндай мәміленің жеке өзі әрине, үлкен пайда әкелмейді, бірақ мұндағы басты принцип осындай мәмілелер санының көптігі.

Осындай трейдерлер (пипсовщиктер және скальперлер) жасайтын мәмілелер саны бір күнде 200 дейін жетеді. Барлық мәмілелер табысты болады деп ойлаудың қажеті жоқ. Ең бастысы, мәмілелердің күн соңындағы қорытынды нәтижесінің табысты болуы. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін, егер баға қарама-қарсы бағытта жүретін болса, сол бойынша шығынды азайту үшін stop-loss деңгейін мәмілені ашу бағасына барынша жақын қою керек.

Өздеріңізге белгілі, Форекс – бұл өтімділігі ең жоғары нарық. Бір күнде мұндағы баға белгілі бір кезеңдерде циклға сүйене отырып, төмендейді және көтеріледі. Егер, жалпы алғанда, бір күндегі баға шамамен 60 пункттен өтсе, бұл жағдайда күндізгі максимум және минимум арасындағы айырмашылық әлдеқайда жоғары болады. Пайданы арттыру мүмкіндігі сауда кезінде, мысалы, сағаттық ауытқуларда (максимум мен минимумдар) өседі. Трейдерлердің арасында сауданың осындай, пипсовка және скальпинг сияқты түрінің танымал болуының себебі де осы. Форекс нарығына жақында ғана келгендер, осындай тәсілмен астрономиялық қомақты ақша табуға болады деп ойлауы мүмкін, қайта инвестициялау мүмкіндігін естеріне түсіріп, қиялдарында тіпті кереметтей сома пайда болуы мүмкін. Бірақ бәрі сондай керемет емес, дегенмен Интернет пипсовка және скальпингтің арқасында трейдерлер қас қағым сәтте өз депозиттерін бірнеше есеге арттырғаны туралы оқиғаларға толы. Сауданың бұл стратегиясын пайдалану жемісті бола бермейді. Мұның себебі неде екенін білейік.

Бірінші: стоп-лостың тым жақын деңгейін белгілей отырып, тіпті егер қозғалыстың кейінгі жүрісін болжай алсаңыз да, нарықтағы бұқалар мен аюлардың кері күшін дұрыс бағалай алмасаңыз, бағаның сәл ауытқуы кезінде де шығынды болу ықтималдығы артады. Уақыттың қысқа аралығына (бір – екі сағат) бағытты анықтауда қате жіберу, қозғалыстың бір күндегі бағытын анықтауға қарағанда әлдеқайда оңай.

Шығынға жеткізетін ордерді ашуды болдырмас үшін, оны орнатпау жеңілірек болар еді, алайда трейдер үшін жағымсыз қозғалыста шығын одан әрі өсуі мүмкін, сонда таяу бір сағатта немесе одан аз уақытта кейін қарай жүрістің болмайтыны анық болмақ. Ал сауда шотындағы қаражаттың көп бөлігін кепілде қалдырып және стоп-лосс ордерді қолданбай, шотты " margin call'а дейін жеткізуге болады, бұл - шоттағы барлық қаражатты жоғалтуды білдіреді.

Екінші: бұл нақты ақшаға қатысты болғандықтан, көптеген трейдерлерде болатын мазасыздық пен және қобалжушылық. Сауданың осындай түрі көбінесе, шынайы ақша салынбайтын және оны жоғалту қаупі болмайтын, оқу шоттында тестіленеді. Осыдан шығатыны, нақты шотта саудалау кезінде мазасыздық пен қобалжушылық трейдер үшін жағымсыз қозғалыс кезінде әрбір пипспен ұлғая түседі.

Пипсовка және скальпинг сауда терминалы алдында трейдердің үздіксіз болуын көздейді, бұл ақылға қонымсыз іс-әрекеттер жасауға жетелейтін минут сайынғы стресс.

Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.