ADX индикаторы: сипаттамасы, баптау және қолдану

Қозғалыстың Орташа Бағыты Индексі (Average Directional Movement Index, ADX) басып озуға жұмыс істейді және баға динамикасының басталуына дейінгі тренд күшін көрсетеді, трендтің жалғасатынын немесе біртіндеп әлсірейтінін түсінуге көмектеседі. Осы индикаторды Уэллс Уайлдер әзірлеп, «Техникалық сауда жүйелерінің жаңа концепциялары» кітабында ADX егжей-тегжейлі сипаттап шықты .

ADX Индикаторы екі бағыттағы индикаторларды салыстыруды білдіреді – 14-периодтық Positive Directional Indicator (+DI) және 14- периодтық Negative Directional Indicator (-DI). Графикте ADX индикатордың негізгі сызығын +DI және -DI қисықтарымен қатар байқауға болады. Осылайша ол бағытты, тренд күшін көрсететін үш сызықпен салынады:

  • +DI сызығы - котировка бағасының өсуін көрсетеді;
  • –DI сызығы - котировка бағасының төмендеуін көрсетеді;
  • ADX сызығы – нарықтағы ағымдағы жағдайды көрсетеді (тренд немесе флэт).

ADX индикаторы барлық MetaTrader сауда терминалына кірістірілген.

Егер +DI сызығы -DI -дан жоғары көтерілсе, бұл сатып алу сигналы, егер +DI сызығы DI-дан төмен түссе, бұл сату сигналы.

ADX индикатордың қосымша екі сызығы да бұқа және аю трендтерін көрсетелі. Егер +DI сызығы басқа екеуінен жоғары болса, онда бұқа тренді, егер –DI сызығы жоғары кетсе, онда аю тренді. Осы сызықтардың қиылысуы трендтің ауысқанын білдіреді.

Жалған сигналдарды жою және жасалатын мәмілелер санын азайту үшін Уайлдер «экстремалды нүктелер ережесін» пайдалануды ұсынды, соған сәйкес, +DI және -DI сызықтары қиылысқан кезде экстремалды нүктені белгілеу керек. Егер +DI сызығы DI -дан жоғары көтерілсе, қиылысу күнінің максималды бағасы осы нүкте болып табылады. Егер +DI сызығы -DI-дан төмен түссе, бұл нүкте - қиылысу күнінің минималды бағасы.

Содан кейін экстремалды нүкте нарыққа кіру деңгейі ретінде қолданылады. Мысалы, +DI сызығы -DI -дан жоғары көтерілгеннен кейін, баға экстремалды нүктеден жоғары көтерілгенше күте тұрып, тек содан кейін сатып алу керек. Егер баға экстремалды нүкте деңгейін еңсере алмаса, қысқа позицияны сақтап қалу керек.

ADX индикаторы – нарықтағы бағытталған қозғалыстың үздік көрсеткіші. Сол себепті оны ағымдағы тренд күшін бағалау үшін қолдануға болады.

 adx индикаторы, сипаттамасы

Есептеу

ADX = SUM[(+DI-(-DI))/(+DI+(-DI)), N]/N

Мұнда:

N - есептеу үшін қолданылатын периодтар саны.

   Индикаторлар тізіміне оралу   
Индикаторлар тізіміне оралу
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.