Бұқалардың сатып алуға кейінге қалдырылған ордерлерінің орташа деңгейі

Көрсеткіш екі сызықты қамтиды, олар Buy Limit типті сатып алуға кейінге қалдырылған ордерлердің және Buy Stop типті сатып алуға кейінге қалдырылған ордерлердің орташа деңгейін білдіреді. Мәннің екеуі де Forex нарығы трейдерлерінің берілген жұп бойынша ұзын позицияға кіруге дайындығын көрсетеді.

Buy Limit ордерлерінің орташа бағасының мәндері сауда барысында бағамның құлдырау кезіне валюта жұбын қолдаудың жуықтатылған деңгейін көрсетеді, яғни Buy Limit ордерлердің орташа кіру нүктесіне жақындаған кезде бағамның түсуінің баяулауын күтуге болады. Buy Stop ордерлерінің орташа бағасының мәндері сауда барысында бағамның өсуі кезіндегі валюта жұбының жуықтатылған "өткізу" деңгейін көрсетеді. Яғни, Buy Stop ордерлері қойылатын орташа деңгейі, бұқалар өрлемелі трендке қосылуға дайын болатын деңгей екендігін білдіреді.

Buy limit және Buy Stop ордерлерінің орташа кіру нүктелерінің екі мәні де ағымғады бағаға ешқашан жетпейді, өйткені бағаның қандай да бір жаққа қозғалу барысында сатып алуға кейінге қалдырылған ордерлердің бір бөлігі іске қосылып, Buy limit және Buy Stop ордерлерінің есептелетін орташа кіру нүктелерінің қашықтауын тудырады. Соған байланысты бұл көрсеткішті Buy Limit немесе Buy Stop орташа деңгейінің ағымдағы бағаға қатысты қаншалықты жақын орналасқанын талдау тұрғысынан ғана пайдалануға болады.

ИнстаФорекс ұсынған MetaTrader терминалында статистиканың бұл түрі XXYYYYYYY символ түрінде қолжетімді, мұнда XX келесі мәндерге ие:

для EURUSD XX=EU
для GBPUSD XX=GU
для USDCHF XX=UC
для USDJPY XX=UJ
для USDCAD XX=UD
для EURCHF XX=EC
для EURJPY XX=EJ
для GBPCHF XX=GC
для GBPJPY XX=GJ

Символды бейнелеу үшін ИнстаФорекс компаниясы ұсынған MetaTrader 4 сауда терминалында оң жақтағы тетікпен Нарықты шолуға басып, менюдегі "барлық символды көрсету" пунктын таңдау керек.

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.