empty
 
 

Мәмілелердің жалпы санынан берілген валюта жұбы бойынша мәмілелер санының пайызы

Әр аспап бойынша мәмілелер саны қандай да бір валюта жұбын пайдаланудағы трейдерлердің белсенділігінің статистикалық деңгейін көрсетеді. Қандай да бір валюта жұбы бойынша мәмілелер санының өсуі сол валюта аспабына қызығушылықтың артқанын, сауданың нақты көлемінің артқанын және жақын уақытта күрт қозғалыстардың ықтималдығын көрсетеді. Қандай да бір валюта жұбы бойынша мәмілелер санының төмендеуі сауданың нақты көлемінің төмендегенін және салыстырмалы түрдегі әлсіз бүйірлі қозғалыс ықтималдығының артуын көрсетеді. Кейде сол валюта жұбы бойынша сауданың шағын көлемі, керісінше, сол валюта жұбының көтеріңкі құбылмалылығына жеткізуі мүмкін, алайда валюта жұбындағы мәмілелер саны мен (сауда көлемі) және кейінгі құбылмалылық арасындағы тікелей тәуелділікті байқауға болады.

Бұл көрсеткішті Форексте валюта аспабы бойынша сауда көлемінің барынша нақты индикаторы ретінде қолдануға болады.

ИнстаФорекс ұсынған MetaTrader терминалында статистиканың бұл түрі XXYYYYYYY символ түрінде қолжетімді, мұнда XX келесі мәндерге ие:

для EURUSD XX=EU
для GBPUSD XX=GU
для USDCHF XX=UC
для USDJPY XX=UJ
для USDCAD XX=UD
для EURCHF XX=EC
для EURJPY XX=EJ
для GBPCHF XX=GC
для GBPJPY XX=GJ

Символды бейнелеу үшін ИнстаФорекс компаниясы ұсынған MetaTrader 4 сауда терминалында оң жақтағы тетікпен Нарықты шолуға басып, менюдегі "барлық символды көрсету" пунктын таңдау керек.

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.