empty
 
 

«Тікбұрыш» паттерны (Rectangle pattern) – техникалық талдаудың ең көп таралған және қарапайым әдістерінің бірі. Қарапайымдылығына қарамастан, бұл трендтің жалғасу индикаторы болып табылатын маңызды және өте күшті фигура. Осылайша трейдердің пайдалы мәміле жасасып, нарыққа сәтті кіру мүмкіндігі пайда болады.

Қарапайым сөзбен айтқанда, «Тікбұрыш» – бұл тренд қозғалысындағы үзіліс іспетті, бағаның дамып келе жаиқан тренд бағытындағы шоғырлануы. Фигураның қалыптасу кезеңі бағаның графиктегі бүйірлі (флетті) қозғалысына сәйкес келеді.

 «Тікбұрыш» паттерны

Бұл паттерннің техталдаудың басқа – «Жалауша» фигурасымен ұқсастығы бар. Алайда «Тікбұрышта» қолдау және кедергі сызықтары көлденең, ал флагшток болмайды. Бағаның Движение қозғалысы фигураның ішінде, екі параллель сызық арасында өтеді. Графикалық аяқтау үшін екі тік сызық сызылуы мүмкін, бірақ бұл міндетті емес, өйткені олар ерекше рөл атқармайды.

Бұл жердегі іргелі құрамдасқа назар аудару керегін айта кетейік. Көбінесе «Тікбұрыштың» қалыптасуын бірқатар себептер бойынша нәтижесі болжау қиындау болатын маңызды жаңалықтарды күтумен байланыстырады. Егер деректер нарық болжамына сәйкес шықса, онда баға алдындағы тренд жағына қарай жүре бастайды.

Кейде, баға алдыңғы қозғалыс бағатында жүреді. Сондықтан қарастырылып отырған графикалық модель жалғастыру фигурасына жатады. Баға фигураны кесіп өтіп, алдыңғы тренд озғалысына қарама-қарсы бағытта жүретін кездері де болады. Осылайша, «Тібұрыш» айқарма фигура болады. Бұл аналитиктердің болжамдары ақталмаған макроэкономикалық мәліметтер шыққаннан кейін орын алуы мүмкін.

«Тікбұрышты» графикте анықтау оңай. Оның формасы кішкентай сауда дәлізі немесе бүйірлі трендке ұқсайды. Фигура свидетельствует о равном распределении сил между «быками» и «медведями». Қолдау/кедергі сызықтары кесілгенге дейін, «Тібұрыштың» жалғасып келе жатқан трендті көрсету ықтималдығы жоғары.

Егер «Тікбұрыш» бұқа трендінде пайда болса, баға жоғары қарай жүреді – бұндай фигураны бұқа «Тікбұрышы» дейді, ал егер ол аю трендінде пайда болса және баға төмен қарай жүрсе, онда аю «Тібұрышы» туралы айтылады.

Өзекті паттерндер

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.