Сайттың картасы
العربية Български 中文 Čeština English Français Deutsch हिन्दी Bahasa Indonesia Italiano Bahasa Malay اردو Polski Português Română Русский Srpski Slovenský Español ไทย Nederlands Українська Vietnamese বাংলা Ўзбекча O'zbekcha Қазақша

ИнстаФорекс клиентінің кабинеті

  • Кабинетті дербес баптау
  • Компанияның барлық сервистеріне қол жеткізу
  • Егжей-тегжейлі статистика және мәмілелер бойынша есеп беру
  • Қаржылық операциялардың толық спектрі
  • Бірнеше шоттарды басқару жүйесі
  • Деректерді қорғаудың ең жоғары дәрежесі

ИнстаФорекс серіктесінің кабинеті

  • Клиенттер мен комиссиялар туралы егжей-тегжейлі ақпарат
  • Шоттар мен басулардың графикалық статистиксы
  • Вебмастер үшін қажетті аспаптар
  • Дайын веб-шешімдер және баннерлердің кең таңдауы
  • Деректердің жоғарғы қауіпсіздігі
  • Компанияның жаңалықтары, RSS-ленталар және Форекс-информерлер
Сауда шотын ашу
Серіктестік бағдарлама
cabinet icon

ИнстаФорекстен тағы бір Lamborghini!оның рөлінде дәл Сен бола аласың!

Жай ғана сауда шотын 1000 долларға толтыр!

Ең жақсы сауда шарттарын және сәнді бонустық ұсыныстарды ал! Біз аңызға айналған 6 спорткарды сыйға тарттық! Және біз тоқтамаймыз! Соңғы шыққан Lamborghini Huracan сенікі болуы мүмкін!

ИнстаФорекс – өз жеңістеріңе инвестицияла!

Шотты тез ашу

Үйретуші хаттар алу
toolbar icon

Сауда алаңы

Мобильді құрылғылар үшін

Браузерде саудалау үшін

  • Atlanta Fed Index / Атланта Федералдық резервтік банктің іскерлік белсенділік Индексі
    Атланта Федералдық резервтік банктің іскерлік белсенділік Индексі. Атланта өндірушілерінен ағымдағы экономикалық жағдайға қалай қарайтыны туралы сауалнама нәтижелерін білдіреді. 0 -ден төмен көрсеткіш экономиканың даму қарқынының баяулау көрсеткіші болып табылады. Бұл индекстің нарыққа әсері шектеулі, өйткені ұлттық деңгейдегі (NAPM index) іскерлік белсенділік индикаторы шыққаннан кейін жарияланады. Осы индекс мәнінің өсуі доллар бағамына оң әсер етеді.
  • Average Earnings Growth / Орташа жалақының өсуі
    Индикатор соңғы үш айдағы жалақының өсуін есепке алу арқылы есептеледі (жәй ғана есептелмей, шынымен жүргізілген барлық төлемдер ескеріледі). Бұл инфляцияның болашақ деңгейінің жақсы көрсеткіші, өйткені жалақының өсуі, егер ол еңбек өнімділігін көтерумен өтелмесе, бағаны өсірудің себебі болып табылады. Англия Банкі соның негізінде пайыздық мөлшерлемелер деңгейін анықтайтын негізгі индикаторлардың бірі болып табылады. Ай сайын шығады. Нарыққа шектеулі әсер етеді.
  • Average Hourly Earnings / Орташа сағаттық жалақы
    Бұл индикатор бірқатар елдерде шығады және абсолюттік мән түрінде және қараудың алдыңғы кезеңіне қатысы бойынша индекс түрінде көрінеді. Оны жұмыс күшінің құнының өсуімен байланысты ықтималды инфляцияның индикаторы ретінде қарайды. Нарыққа айтарлықтай әсер етеді. Негізгі пайыздық мөлшерлемелердің артуын күту жағдайында оның мәнінің өсуі ұлттық валюта бағамының өсуіне жеткізуі мүмкін.
  • Average Workweek / Жұмыс аптасының орташа ұзақтығы
    Еңбек құнының маңызды көрсеткіші, өйткені сағатпен төлейтін елдерде жұмыс аптасының ұзақтығын есептеу автоматты түрде кірістің артуына әкеледі, бұл инфляция үшін озыңқы көрсеткіш болып табылады. Көрсеткіштің өсуі ұлттық валютаның нығаюына жеткізеді. Нарыққа айтарлықтай әсер етеді.
  • Balance of Payments (Current Account) / Төлем балансы
    Индикатор шетелден түсетін төлем сомасы мен шетелге кететін төлем сомасының арасындағы ара - қатынасты білдіреді. Егер елге келіп түскен төлемдер басқа елдерге және халықаралық ұйымдарға төленетін төлемдерден асатын болса, төлем балансы профицитті (оң сальдо), егер керісінше болса – дефицитті(теріс сальдо)болып табылады. Оң сальдо (теріс сальдоның шамасының азаюы) ұлттық валюта бағамының өсуі үшін қолайлы фактор болып келеді. Ай сайын шығады. Нарық бұл индикаторды назарда ұстайды.
  • Balance of Trade / Сауда балансы
    Экспорт және импорт арасындағы сальдо (айырманы) көрсетеді. Профицит (оң мән) ұлттық валюта бағамы үшін оң фактор болады, ал баланстың дефициті (теріс мән) теріс әсерін тигізеді. Нарыққа әсері әлсіз.
  • Beige Book / Сарғыш кітап
    АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің Экономикалық шолуы. Бұл ФРЖ есептер жинағы, онда АҚШ экономикалық даму динамикасы туралы барлық деректер жиналып, Федрезервтің бағыты және мақсаттары, кредиттік-ақшалай саясат саласындағы реттегіштің одан арғы іс-қимылының сигналдары болып табылады. Сарғыш кітапты АҚШ-тың он екі Федералдық резервтік банктері жүргізеді. Шолу өнеркәсіптік өндіріс саласын, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы, қаржы институттары, еңбек нарығы, жылжымайтын мүлік нарығын қамтиды. Нарыққа шектеулі әсер етеді. Нарықта пайыздық мөлшерлемелердің ықтималды өзгеруі туралы қауесет пайда болғанда шолудың жалақы және бағалардың жай-күйі туралы айтылатын бөліміне назар аударады. Шолу экономикада қалыптасқан үрдістерді растау тұрғысынан пайдалы. жылына 8 рет, сәрсенбі сайын, АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің Ашық нарық Комитетінің кезекті отырысына екі апта қалғанда (FOMC) жарияланады.
  • Building Permits / Құрылысқа рұқсат
    Индикатор жаңа үйлердің құрылысына рұқсат санын көрсетеді. Индикатор негізгі пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісіне өте сезімтал, өйткені құрылыс үшін банктік несиелер алу қажет. Бұл деректер жылжымайтын мүлік нарығының ерекшеліктеріне қарай маусымдық ауытқуларға бейім болып келеді. Құрылыс процесі халықтың табысына тікелей байланысты. Басқаша айтсақ, құрылыс көлемінің артуы азаматтардың әл-ауқатының жақсарғанын және экономиканың дұрыс дамуын көрсетеді. Нарыққа әсері шектеулі. Оның мәнінің өсуі ұлттық валюта бағамына жағымды әсер етеді.
  • Business Inventories / Коммерциялық тауарлар запасы
    Қоймалардағы тауарлардың запасының өзгерісін көрсетеді. Егер тауарлар запасы өссе, бұл іскерлік белсенділіктің төмендігін немесе артық өндіруді білдіреді. Сөйтіп, бұл көрсеткіш өнеркәсіптік өндіріс үшін озыңқы болып табылады. Көрсеткіштің өсуі ұлттық валюта бағамына теріс әсер етеді.
  • Capacity Utilisation / Өндіріс қуатын пайдалану
    Өндірістік қуаттардың жүктелім көрсеткіші. Өнімінің жалпы шығарылымының жалпы мүмкіндіктерге қатынасы. Экономиканың ағымдағы жай-күйін сипаттайды. Көрсеткіштің өсуі ұлттық валюта бағамына оң әсер етеді.
  • CBI Distributive Trades
    Шолу (сан түрінде) бизнесмендердің сауда-саттық саласына қатысты іскерлік көңіл-күйін көрсетеді. Шолудың экономика дамуының нақты келешегімен тікелей байланысы жоқ. Нарық бұл индикаторды назарда ұстайды.
  • CBI Industrial Trends / Британдық Өнеркәсіпшілер Конфедерациясының Экономикалық шолуы
    Шолу (сан түрінде) бизнесмендердің экономиканың өндірістік секторының жағдайына қатысты іскерлік көңіл-күйін көрсетеді. Шолудың экономика дамуының нақты келешегімен тікелей байланысы жоқ. Ай сайын шығады. Нарық бұл индикаторды назарда ұстайды.
  • Chicago PMI Index / Чикаго Менеджерлер Қауымдастығының іскерлік белсенділік индексі
    Ол Чикагодағы өнеркәсіп саласындағы сатып алу бойынша менеджерлердің сауалнама нәтижелерін білдіреді. Бұл индекс өндірістік тапсырыстардың, өндірілетін өнім бағаларын және қоймалардағы тауар қорының жай-күйін көрсетеді. 50-ден төмен сандар экономиканың даму қарқынының баяулау индикаторы болып табылады. Оны мұқият қадағалайды, өйткені ол Ұлттық Менеджерлер Қауымдастығының (NAPM) іскерлік белсенділік индексінің шығуына дейін жарияланады. Бұл индекс нарыққа айтарлықтай әсер етеді, өйткені іскерлік белсенділік индикаторының ұлттық деңгейде (NAPM) қандай болып шығатыны туралы түсінік береді. Индекс мәнінің өсуі доллар бағамының өсуіне жеткізеді.
  • Construction Spending / Құрылыс шығындары
    Қаладағы тұрғын үй құрылысы бойынша шығындар, қаладан тыс аумақтағы, сондай-ақ халықтың жаңа құрылысқа шығындары деп бөлінеді. Индикатордың қатты құбылуына байланысты оның нарыққа әсері шамалы – 3 ай бойына және одан да көп жалғасатын үрдістерді ғана қарастырады. Оның мәнінің өсуі ұлттық валюта бағамына жағымды әсер етеді.
  • Consumer Confidence / Тұтынушылық сенім индексі
    Тұтынушылардың болжалы (көңіл-күй). Шығындарға жеке бейімділікті бағалау үшін әзірленген үй шаруашылығына шолу. Индекс мәнінің өсуі ұлттық валюта бағамының дамуы үшін жағымды фактор болып, доллар бағамының өсуіне жеткізеді.
  • Consumer Credit / Тұтынушылық несие
    Берілген тұтынушылық несиенің жалпы көлемін көрсетеді. Тұтынушылық сұраныстың индикаторы болып табылады. Осы индикатордың үлкен мәні тұтынушылардың өз материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қарызданудан қорықпайтынын көрсетеді. Нарыққа шектеулі әсер етеді. Индекс мәнінің өсуі ұлттық экономиканың дамуы үшін оң фактор болып табылады және доллар бағамының өсуіне жеткізеді.
  • Consumer Price Index / Тұтынушылық баға индексі
    Тұтынушылық тауар және қызмет бағасының өзгерісін көрсетеді. Экономикадағы маңызды және күрделі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Бір жағынан бағаның өсуі тұрғындардың сатып алу қабілетіне теріс әсер етеді, бірақ олардың төмендеуі өндірушілердің шығындарының себебі болып келеді, одан кейін жұмыссыздық деңгейі арта бастайды. Қазіргі кезде тиімді деңгей бағаның жылына 2,0% өсуі болып саналады. Осы деңгейден жоғары немесе төменгі кез-келген мән ұлттық валюта бағамына теріс әсерін тигізеді.
  • Consumer Sentiment Index / Мичиган университеті тұтынушыларының болжалдау индексі
    Сауалнама тұтынушылардың экономикалық өсуге деген сенімділігін көрсетеді, басқаша айтсақ, ақшаны жұмсау ниетін бағалайды. Жоғары нәтиже долларды нығайтуға ықпал етеді, төменгісі– оны әлсіретеді.
  • Employment Cost Index / Жұмыс күші құнының индексі
    Ол жалақы және жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны қамтиды және ел экономикасындағы инфляциялық процестердің бар болуының индикаторы бола алады. Оның мәнінің өсуі ұлттық валюта бағамының өсуіне жеткізеді.
  • Existing Home Sales / Қайталама нарықтағы тұрғын үйді сату
    Қазір қолданыстағы тұрғын үйді сату экономиканың маңызды элементі ретінде қарастырылатын жылжымайтын мүлік нарығының маңызды индикаторы болып табылады. Сатудың мәнінің өсуі ұлттық валюта бағамын нығайтуға ықпал етеді.
  • Export Prices / Экспорттың бағасы
    Индекс бір айдағы экспорт бағасының өзгерісін көрсетеді. Инфляция индикаторы болып табылады. Бұл индекс нарыққа шектеулі әсер етеді. Оның мәнінің өсуі ұлттық валюта бағамының өсуіне жеткізеді.
  • Manufacturing Orders / Өндірістік тапсырыстар
    Озыңқы көрсеткіш, өйткені тапсырыстар санының артуы өнеркәсіптік өндірістің өсуіне жеткізеді. Көрсеткіштің өсуі ұлттық валюта бағамына жағымды әсер етеді. Нарыққа әсері орташа.
  • Federal Budget / Мемлекеттік бюджет
    Мемлекеттің кірістері және шығындары арасындағы ара-қатынасты сипаттайды. Мемлекеттің кірістер деңгейі шығындарынан артқан кезде оның оң сальдосы (профициті) құрылады. Мемлекеттің шығындар деңгейі кірістерінен артқан кезде теріс сальдосы (дефицит) құрылады. Бюджеттік дефициттің өсуі ұлттық валюта бағамының төмендеуіне әкеп соқтырады және керісінше. Бұл көрсеткіштің нарыққа әсері шамалы.
  • Gross Domestic Product (GDР) / Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)
    Жалпы алғанда бүкіл экономиканың даму динамикасын көрсететін негізін қалаушы макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі. ЖІӨ көтерілу қарқынының үдеуі ұлттық валюта бағамының өсуіне жеткізеді, тежелуі – оның құлдырауына әкеп соқтырады.
  • GDP Advance / ЖІӨ алдын ала мәні
    Тоқсан сайын жарияланатын ЖІӨ туралы деректердің екі немесе үш деңгейінің (еліне байланысты) алғашқы сатысы болып табылады. Нарыққа әсері айтарлықтай. Өсу қарқынының артуы ұлттық валютаның нығаюына жеткізеді.
  • GDP Deflator / ЖІӨ Дефляторы
    Тұрақты бағадағы Жалпы ішкі өнім. Көрсеткіш мәнісі бойынша тұтыну бағаларының индексіне жуық, бірақ оған әлдеқайда көп параметрлер кіреді. Оған тауарлар мен қызметтердің бағасының өзгеруі кіруімен қатар, ол жаңа тауарлар мен қызметтердің пайда болуын бақылауға мүмкіндік береді. Бағалау әдістемесі бойынша инфляцияға жуық, сондықтан 2,0% жоғары немесе төмен кез-келген мән ұлттық валютаның әлсіреуіне әкеп соқтырады. Тұтыну бағаларының индексіне қатты тәуелді болуы себепті нарыққа әсері әлсіз.
  • GDP Final / Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - қорытынды мәні
    Бұл ЖІӨ (provisional) "мәні қайта қаралған" жаңаруы. Олардың арасындағы айырмашылықтар көбінесе аз болып келеді. Сондықтан, бұл сандар нарықты таң қалдырмайды. Оның мәні "GDP provisional" жарияланғаннан кейін келесі айда 20 кейін, сағат 13:30 (GMT) жарияланады. GDP Provisional (Revised) / Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - мәні қайта қаралған. Бұл ЖІӨ (advance) "мәні қайта қаралған" (қайта қарау) жаңаруы. "GDP advance" жарияланғаннан кейін келесі айда 20 кейін, сағат 13:30 (GMT) жарияланады.
  • Global trade, Non-EU trade balance / Сауда балансы
    Экспорт және импорт арасындағы бағамен көрінген айырмашылық. Индекс нарыққа әсерін бірте-бірте жоғалтады, өйткені тауарлардың емес, капиталдың ағыны үлкен мәнге ие болады. Сонымен бір мезетте импорттың ұлғаюы елдегі тұтыну деңгейінің артуын білдіреді, ал экспорттың ұлғаюы - өндіріс деңгейінің артқанын білдіреді. Ұлыбританияда Еуропалық Одаққа кірмейтін елдермен сауда балансының мәнін бөлек көрсету қабылданған.
  • Housing Starts / Тұрғын үй құрылысының басталуы
    Қаланған жаңа іргетастардың саны (жеке меншік және мемлекеттік құрылыс жобалары). Көрсеткіштің өсуі АҚШ доллары бағамына оң әсер етеді.
  • Humphrey-Hawkins testimony
    АҚШ Федералдық резервтік жүйесі (Federal Reserve) басшысының АҚШ Конгресінің банктік екі комитеттің алдында сөйлеген сөзі. Бұл жылына екі рет: қыста және жазда өтеді. Конгрестің Екі палатасы (The Senate және House) баяндаманы кезекпен бірінші болып тыңдайды. Баяндама Федералдық резервтік жүйесінің ақша саясатын жүргізудегі жаңа жоспарлары мен мақсаттарын анықтай түседі. Оны нарыққа қатысушылардың бәрі мұқият бақылап, негізгі пайыздық мөлшерлемелердің болашақ өзгерісі кезінде ФРЖ ықтималды әрекеттеріне тұспалды табуға тырысады. Бұл сөз сөйлеу нарыққа айтарлықтай әсер етеді. Бұл қаржы нарығы үшін маңызды және айтулы оқиғалардың бірі.
  • IFO survey / IFO Неміс зерттеу институтының шолуы
    Шолу елдегі іскерлік белсенділік деңгейін бағалайды. Индикатордың мәні 80-нен 120-ға дейін аралықта өзгеруі мүмкін, 100 деп 1991 жылғы іскерлік белсенділіктің деңгейі қабылданған. Нарыққа айтарлықтай әсер етеді.
  • Import Prices / Импорттың бағасы
    Индекс әр айдағы импорт бағасының өзгерісін көрсетеді. Инфляция индикаторы болып табылады. Тұтыну бағаларының индексін есептеу кезінде импорттық тауарлар мен қызметтердің бағасы ескерілетіндіктен, бұл мән импорт бағасының тауарлар мен қызметтердің "себетіне" бөлшек сауда бағасының өзгерісінің жалпы көрінісіне үлесін сипаттайды. Нарыққа шектеулі әсер етеді. Көрсеткіштің өсуі ұлттық валюта бағамына жағымды әсер етеді.
  • Industrial Production / Өнеркәсіптік өндіріс
    Жалпы алғандағы өнеркәсіптің бүкіл өндіріс көлемінің өзгерісін көрсетеді. Көрсеткіштің өсуі ұлттық валюта бағамын нығайтады.
  • Interest Rates / Ресми есептік мөлшерлемелер
    Экономика мен қаржының бірден-бір индикаторының валюта нарығының динамикасын қадағалап отыру үшін пайыздық мөлшерлемелер сияқты мәні жоқ. Пайыздық дифференциал (Interest Rate Differential), яғни екі валюта бойынша қолданыстағы пайыздық мөлшерлемелердің айырмасы - бұл жұп валюта жұбының салыстырмалы тартымдылығын, яғни, олардың әрқайсысына ықтималды сұранысты тікелей анықтайтын басты фактор. Осы валюта бойынша пайыздық мөлшерлеме басқа валюталармен салыстырғанда неғұрлым үлкен болса (пайыздық үлкен дифференциал) жоғары пайыздық мөлшерлемемен қаражатты депозитке салғысы келетін шетелдік инвесторлар арасында осы валютаны сатып алуға ниет білдірушілер соғұрлым көп болады. Пайыздық мөлшерлеме әрдайым өзара тығыз байланысты болғандықтан, банктік нарықтың және мемлекеттік облигациялар бойынша жоғары мөлшерлемесін, сондай-ақ, акционерлік қоғамдардың аса қауіпті облигациялары бойынша жоғары кірістілігін білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, жоғары пайыздық мөлшерлемелер осы валютаны инвестициялау құралы ретінде тартымды етеді; демек, халықаралық валюта нарығында оған сұраныс арта түседі, және осы валютаның бағамы өседі. Жалпы, пайыздық мөлшерлемелердің валюта бағамына әсері біртекті: осы валюта бойынша пайыздық мөлшерлемелер неғұрлым жоғары болса, оның айырбас бағамы соғұрлым жоғары. Бірақ, пайыздық мөлшерлемелерді айқын етпейтін және күрделендіретін мән-жайлар көп. Біріншіден, пайыздық мөлшерлемелердің өзін ғана емес, ал инфляцияны ескеретін нақты пайыздық мөлшерлемелерді назарға алу керек, өйткені валюта нарығы мен инфляцияға өте сезімтал мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы (табысы тиянақталған аспаптар) арасында күшті байланыс бар. Егер осы елдегі инфляция жоғары қарқынмен көтеріле бастаса, бұл мемлекеттік облигацияларды құнсыздандырады, өйткені солар бойынша тиянақталған, алдын ала белгіленген табыс төленеді, ал инфляция-бұл табысты жұтып қоюы мүмкін. Жоғары инфляцияның алғашқы белгілері байқалысымен, мемлекеттік облигациялар нарығы алаңдай бастайды, ал егер шетелдік инвесторлар облигацияларды түсіре бастаса, онда Форексте осы валюталар артылып, соның салдарынан оның бағамы құлдырайды. Екіншіден, нарық орын алған фактілерге жауап қатып қана қоймай, маңызды оқиғаларды күтіп, соларға дайындалады. Егер, осы валюта бойынша пайыздық мөлшерлемелер көтерілді деген белгілі бір пікір қалыптасса, дилерлер болашақта көтерілуін күтіп, оның бағамын көтере бастайды. нарық ұзақ уақыт бойы осы валюта бойынша осындай оптимистік көңіл-күйде болуы мүмкін, соның арқасында, оның жоғарылайтын тренді қалыптасып үлгереді. Іс жүзінде, мөлшерлемелер көтеріліп, валюта қайта сатылған күйде болғанда, мөлшерлемені көтеруден кейін жоғары қарай қысым факторы жойылғаннан кейін, олардың көтерілуіне алғашқы әсері бағамының құлдырауы болса, онда тура кері реакция орын алады. Мұндай төмен құлдырау валюта бойынша жаңа ұзын позицияларды (яғни сатып алу) ашудың жақсы мүмкіндігі болуы себепті, бұл өте ықтимал.
  • Jobless Claims (Initial Claims) / Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініштер саны
    Жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға алғашқы және қайталама өтініштерді қамтиды. Алғашқы өтініштер саны күрделі әрі алдамшы көрсеткіш болып келеді, өйткені еңбек нарығындағы шынайы жағдайды көрсетпейді. Сол себепті олардың саны нарыққа әлсіз ғана әсер етеді. Қайталама өтініштер санының өзгерісі жұмыссыздықтың ұзақтығына тікелей әсер етеді, бұл жұмыссыздық деңгейіне және тұтынушылық белсенділікке қатты әсер етеді. Осылайша, олардың қысқаруы ұлттық валютаның өсуіне жеткізеді. Ұлттық валюта бағамына айтарлықтай әсер етеді.
  • Leading and Coincident Indices of Business Conditions / Жетекші және сәйкес келетін индикаторлардың индекстері
    Жетекші индикаторлардың индексі 13 негізгі әр түрлі индикаторлардың орташа сараланған мәні болып табылады. Экономиканың болашақ жай-күйін анықтау үшін пайдаланылады. Сәйкес келетін индикаторлардың индексі 11 индикатордан тұрады және экономиканың ағымдағы жай-күйін бағалауға арналған (индикатордың 50% деңгейі "нөлдік" болып табылады). Ай сайын шығады. Нарыққа әсері мардымсыз.
  • Machinery Orders / Машина жасау өніміне тапсырыстар
    Озыңқы көрсеткіш, өйткені тапсырыстар санының артуы өнеркәсіптік өндірістің өсуіне жеткізеді. Машина жасау өнеркәсіптің ғана емес, өңдеуші өнеркәсіптің құрамдас бөлігі болып келетіндіктен, нарыққа әсері әлсіз.
  • Manufacturing Output / Өңдеуші өнеркәсіп шығарған өнімнің көлемі
    Өңдеуші өнеркәсіп шығарған өнім көлемінің өзгеру көрсеткіші. Нарыққа әсері әлсіз, өйткені бүкіл өнеркәсіптік өндірістің құрамдас бөлігі болып келеді.
  • Michigan Consumer Sentiment Index / Мичиган Университеті тұтынушыларының көңіл-күй индексі
    Бұл индекс ағымдағы экономикалық жағдайға сенімділік тұрғысынан тұтынушылармен жүргізілген сауалнама нәтижелерін білдіреді. Сауалнаманы АҚШ Мичиган Университетінің қызметкерлері жүргізеді. Бұл индикатор - тұтынушылардың ақша жұмсауға ниеттілігінің көрінісі ғана. Нарыққа әсері шектеулі. Индекс мәнінің өсуі доллар бағамының өсуіне жеткізеді.
  • Money supply / Ақша массасының агрегаты
    Ақша массасы көлемінің өзгерісін көрсетеді, бұл инфляция үшін озыңқы көрсеткіш болып табылады. Тұтыну бағасы индексінің ағымдағы деңгейіне қарай ақша массасының өсуі ұлттық валюта бағамына оң және теріс әсер етуі мүмкін. Оның инфляциямен, атап айтқанда инфляция деңгейімен тығыз байланысын ескерсек, нарыққа әсері мардымсыз.
  • Money Supply M3 / Ақша агрегаты М3 (ақша массасы көлемінің көрсеткіші)
    Ақша массасы көлемінің өзгерісін көрсетеді, бұл инфляция үшін озыңқы көрсеткіш болып табылады. Айналымдағы қолма-қол валютаның көлемін, чек салымдарындағы қаражатты, өтеу мерзімі 4 жылдан төмен депозиттерді қамтиды. Тұтыну бағасы индексінің ағымдағы деңгейіне қарай ақша массасының өсуі ұлттық валюта бағамына оң және теріс әсер етуі мүмкін. Оның инфляциямен, атап айтқанда инфляция деңгейімен тығыз байланысын ескерсек, нарыққа әсері мардымсыз.
  • Money Supply M4 / Ақша агрегаты М4 (ақша массасы көлемінің көрсеткіші)
    Ақша массасы көлемінің өзгерісін көрсетеді, бұл инфляция үшін озыңқы көрсеткіш болып табылады. Айналымдағы қолма-қол валютаның көлемін, банктер берген несиенің жалпы сомасын, сондай-ақ үкімет қарызын қамтиды. Тұтыну бағасы индексінің ағымдағы деңгейіне қарай ақша массасының өсуі ұлттық валюта бағамына оң және теріс әсер етуі мүмкін. Оның инфляциямен, атап айтқанда инфляция деңгейімен тығыз байланысын ескерсек, нарыққа әсері мардымсыз.
  • NAPM index (National Association of Purchasing Managers index) / Ұлттық Менеджерлер Қауымдастығының іскерлік белсенділік индексі.
    Ол өнеркәсіп саласындағы сатып алу менеджерлеріне жүргізілген сауалнама нәтижелерін білдіреді. Бұл индекс жаңа өндірістік тапсырыстар саласындағы өзгерістерді, өнеркәсіптік өндіріс көлемін, жұмыспен қамтуды, сондай-ақ тауар қорлары мен жеткізушілердің жұмыс жылдамдығын бағалау үшін қолданылады. 50-ден төмен сандар экономиканың даму қарқынының баяулау индикаторы болып табылады. Көбінесе осы индекстің шамасына істің нақты мән-жайынан гөрі, психологиялық факторлар әсер етеді. Индексті есептеу кезінде Калифорния штатын қарастырмайды. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі тұтынушылық сұраныстың а көзі болмағандықтан, осы индикаторды сақтықпен қолданады. Нарыққа шектеулі әсер етеді. Индекс мәнінің өсуі доллар бағамының өсуіне жеткізеді.
  • NAPM Services Index (National Association of Purchasing Managers services index)
    Ол осы салада болып жатқан өзгерістерді бағалау мақсатында қызмет көрсету саласындағы менеджерлермен жүргізілген сауалнама нәтижелерін білдіреді. 50-ден төмен сандар экономиканың даму қарқынының баяулау индикаторы болып табылады. Көбінесе осы индекстің шамасына істің  нақты мән-жайынан гөрі, психологиялық факторлар әсер етеді. Қызметті тұтыну үрдісіне салыстырмалы түрде тұрақты жылдамдықпен өзгеру беталысы тән, сондықтан бұл көрсеткіш мәнінің күрт өзгеруіне дәл осы психологиялық факторлар әсер етеді. индексті талдау кезінде бұған ерекше көңіл аударады. Нарыққа шектеулі әсер етеді. Индекс мәнінің өсуі доллар бағамының өсуі үшін қолайлы болмақ.
  • New Home Sales / Бастапқы нарықта тұрғын үйді сату
    Жылжымайтын мүлік нарығының маңызды көрсеткіші, өйткені үйлерді сатудың артуы өнеркәсіптің, сәйкес салаларын, нарықты, еңбек нарығын ынталандыруды білдіреді. Сатудың артуы ұлттық валюта бағамының көтерілуіне жеткізеді.
  • Nonfarm Payrolls / Ауыл шаруашылығына жатпайтын салалардағы жаңа жұмыс орындарының саны
    Экономиканың ауыл шаруашылығына жатпайтын салаларында бір айда құрылған жаңа жұмыс орындарының саны. Payroll – бұл жұмысшыларға жалақы төленетін, төлем ведомості. Бұл, елдегі жұмыспен қамтылу деңгейін көрсететін өте қуатты индикатор. Осы көрсеткіштің өсуі жұмыспен қамтылудың артқанын сипаттап, доллар бағамының өсуіне жеткізеді. Оны "нарықты қозғайтын индикатор" деп атайды.
  • Personal Income / Азаматтардың жеке табысы туралы деректер
    Барлық қаржы көздердің, соның ішінде еңбекақы, жалдау төлемінен түсетін табыс, мемлекеттік субсидиялар, дивидендтік кірістер және т. б. табыс жиынтығы. Болашақ тұтынушылық сұраныстың екінші кезектегі көрсеткіші. Көрсеткіштің өсуі ұлттық валюта бағамының өсуіне ықпал етеді.
  • Personal Spending (Personal Consumption) / Азаматтардың шығындарының өзгеру динамикасы туралы деректер
    Индекс жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаражат жұмсаудың өзгерісін көрсетеді. Индекс үш құрамдасты қамтиды: ұзақ пайдаланатын тауарларды, қысқа мерзімді пайдаланатын және көрсетілетін қызметті сатып алу шығындары. Егер шығындар жеке табысқа қарағанда баяу өссе, бұл көбінесе қарыз болуы себепті үнемдеуге ұмтылысты білдіреді, яңни, ұлттық валюта бағамына теріс әсер етеді.
  • Philadelphia Fed Index / Филадельфиядағы Федералдық резервтік банктің іскерлік белсенділік индексі
    Ол Филадельфиядағы өндірушілермен, олардың ағымдағы экономикалық жағдайға көзқарасына қатысты жүргізілген сауалнама нәтижелерін білдіреді. 0-ден төмен сандар экономиканың даму қарқынының баяулау индикаторы болып табылады. Нарыққа әсері шектеулі. Оны мұқият қадағалайды, өйткені ол NAPM индексінің алдында жарияланады және іскерлік белсенділік индикаторының ұлттық деңгейде қандай болып шығатыны туралы түсінік береді. Осы индекстің мәнінің өсуі доллар бағамының өсуі үшін қолайлы болып келеді.
  • Producer Price Index (PPI) / Өнеркәсіптік бағалар индексі
    Өндірушілер дайындаудың барлық кезеңінде анықтайтын бағаның орташа өзгерісін бағалайды. Бұл көрсеткіш тұтыну бағасы үшін озыңқы болып келеді. Өндірушілер бағасының өсуі ұлттық валюта бағамының өсуіне ықпал етеді.
  • Producer Input Prices (PPI Input) / Кірістегі өнеркәсіптік баға
    Өнеркәсіптегі толымдаушы бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың баға деңгейінің өзгерісі ретінде анықталады. Кірістегі бағалардың өсуі инфляция индексіне әсер етпеуі мүмкін, өйткені өндіріс барысында шығындардың азаюы мүмкін. Тұтыну бағасы үшін озыңқы индикатор болып келеді. Индикаторды нарық назарда ұстайды.
  • Producer Output Prices (PPI Output) / Шығыстағы өнеркәсіптік баға
    Өнеркәсіптегі тауарлардың босату бағалары деңгейінің өзгерісі ретінде анықталады. Инфляцияның күшті индикаторы. Өндірушілер тарапынан экономикаға инфляциялық қысымды көрсетеді. Шығыстағы бағалардың өсуі инфляция индексіне әсер етпеуі де мүмкін, өйткені сауда саласында шығындардың азаюы мүмкін. Нарыққа айтарлықтай әсер етеді.
  • Productivity and Costs / Өнімділік пен шығындар индексінің динамикасы туралы деректер
    Өнімділіктің төмендеуі бағамының құлдырауын тудыруы мүмкін. Индекс бір жұмыскерге келетін, шығарылған өнім көлемінің өзгерісін көрсетеді. Еңбек өнімділігі экономиканың жағдайын талдау үшін өте маңызды индикатор болып табылады. Нарыққа айтарлықтай әсер етеді. Алайда, оны мұқият қадағалау керек, өйткені ол ара-тұра қателестіруі мүмкін. Мысалы, экономикалық тоқырау кезінде өндірістегі жұмыскерлер санының азаюы өнімділіктің ұлғаюына жеткізеді. Бұл ереуілдердің салдарынан орын алуы да мүмкін. Оның мәнінің өсуі ұлттық экономиканың дамуы үшін қолайлы фактор болып табылады және доллар бағамының өсуіне жеткізеді.
  • Purchasing Managers Index / Іскерлік белсенділік индексі
    Іскерлік белсенділіктің деңгейін көрсетеді. Бизнеске қатысушылардың іскерлік оптимизмінің көрсеткіштері болып табылатын осындай индекстер, үнемі жарияланып тұрады (PMI). Олар қоғамдық пікірдің бағыттылығын бағалау үшін, сондай-ақ объективті көрсеткіштердің динамикасын өлшеу үшін қолданылады. Индекс 0-ден 100 дейінгі мәнге ие болуы мүмкін. Орташа мән ретінде 50 қабылданған және одан жоғары кез-келген мән оң болып саналады. Индекстің өсуі ұлттық валюта бағамына оң әсерін тигізеді.
  • Redbook Index / Бөлшек сауданың Рэдбук апталық шолуы
    Ол ірі супермаркеттердің бөлшек сауда көлемін зерттеу нәтижелері болып табылады. Айдың бірінші шолуы (айдың бірінші сейсенбісі) ағымдағы айдың бірінші аптасын өткен айдың бірінші аптасымен салыстырады, екінші шолу ағымдағы айдың алғашқы екі аптасын өткен айдың алғашқы екі аптасымен салыстырады және т. б. Осылайша, шолудың толық көрінісі айдың соңғы шолуын жариялағанда ғана қалыптасады (соңғы сейсенбі). Нарыққа әсер етпейді деуге болады. Бұл, сандар мәндердің айтарлықтай бытыраңқылылығымен (өзгергіштігі) ерекшеленетінімен және шолуда дүкендер санының шектеулі болуымен түсіндіріледі.
  • Retail Price Index (RPI) / Бөлшек сауда бағасының индексі
    Бөлшек саудадағы тұтыну тауарлары бағасының өзгерісін анықтайды. Осылайша, ол қызметті, пайыздық төлемдерді, коммуналды қызмет ақысын, ұзақ уақыт пайдаланатын тауар және отынды ескермегендегі, тұтыну бағасы индексінің құрамдас бөлігі болып келеді. Нарыққа әсері әлсіз.
  • Unemployment Rate / Жұмыссыздық деңгейі
    Маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі. Жұмыссыздықтың өсуі тұтынушылық белсенділіктің болашақта төмендеуін көрсетеді, бұл инфляцияға, бөлшек саудаға және өнеркәсіптік өндіріске теріс әсерін тигізеді. Есептеуде еңбекке қабілетті жастағы, бірақ жұмысы жоқ, белсенді түрде іздеп жүрген адамдар ғана алынады. Осылайша, ол еңбек нарығындағы шынайы жағдайды көрсетпейді. Индикатор нарыққа айтарлықтай әсер етеді.
  • Unit Labour Cost / Шығарылған өнім бірлігінің құны
    Индекс өнімнің бірлігін өндірумен байланысты шығындарды сипаттайды. Ол ел экономикасын дамытудың тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Нарыққа айтарлықтай әсер етеді және жалақының өсуіне байланысты инфляциялық процестер дамуының жақсы индикаторы қызметін атқарады.
  • Unit Wage Costs / Жұмыс күшінің құны
    Егер жұмыс күші құнының өсу қарқыны еңбек өнімділігі қарқынынан асып түссе, онда ол экономикаға инфляциялық қысым тудырады. Көрсеткіштің өсуі ұлттық валютаның нығаюына ықпал етеді. Нарыққа әсері шектеулі.
  • Wholesale Inventories / Көтерме сауда қоймаларындағы тауар қоры
    Индекс көтерме және бөлшек сауда арасындағы қатынасты сипаттайды. Нарыққа әсері шектеулі, алайда, жалпы алғанда экономикаға әсер ететіндей экономиканың осы секторларындағы үрдістер туралы түсінік береді. Бөлшек сауда мен өнеркәсіптік өндіріс үшін озыңқы көрсеткіш болып келеді. Запастың орнықты өсуі ұлттық валютаның әлсіреуіне әкеп соқтырады. Нарыққа әсері шектеулі.
  • Wholesale Price Index (WPI) / Көтерме бағалар индексі
    Тауардың ірі партияларының баға деңгейінің өзгерісін көрсетеді. Инфляция үшін озыңқы көрсеткіш болып табылады, өйткені бөлшек сауда бағасы көтерме бағаға тікелей байланысты. Көтерме бағалардың өсуі ұлттық валюта бағамына оң ықпалын тигізеді. Нарыққа әсері шектеулі.