Сайттың картасы
العربية Български 中文 Čeština English Français Deutsch हिन्दी Bahasa Indonesia Italiano Bahasa Malay اردو Polski Português Română Русский Srpski Slovenský Español ไทย Nederlands Українська Vietnamese বাংলা Ўзбекча O'zbekcha Қазақша

ИнстаФорекс клиентінің кабинеті

  • Кабинетті дербес баптау
  • Компанияның барлық сервистеріне қол жеткізу
  • Егжей-тегжейлі статистика және мәмілелер бойынша есеп беру
  • Қаржылық операциялардың толық спектрі
  • Бірнеше шоттарды басқару жүйесі
  • Деректерді қорғаудың ең жоғары дәрежесі

ИнстаФорекс серіктесінің кабинеті

  • Клиенттер мен комиссиялар туралы егжей-тегжейлі ақпарат
  • Шоттар мен басулардың графикалық статистиксы
  • Вебмастер үшін қажетті аспаптар
  • Дайын веб-шешімдер және баннерлердің кең таңдауы
  • Деректердің жоғарғы қауіпсіздігі
  • Компанияның жаңалықтары, RSS-ленталар және Форекс-информерлер
Сауда шотын ашу
Серіктестік бағдарлама
cabinet icon

ИнстаФорекстен тағы бір Lamborghini!оның рөлінде дәл Сен бола аласың!

Жай ғана сауда шотын 1000 долларға толтыр!

Ең жақсы сауда шарттарын және сәнді бонустық ұсыныстарды ал! Біз аңызға айналған 6 спорткарды сыйға тарттық! Және біз тоқтамаймыз! Соңғы шыққан Lamborghini Huracan сенікі болуы мүмкін!

ИнстаФорекс – өз жеңістеріңе инвестицияла!

Шотты тез ашу

Үйретуші хаттар алу
toolbar icon

Сауда алаңы

Мобильді құрылғылар үшін

Браузерде саудалау үшін

IFX Option Trade - InstaTrader сауда терминалына арналған қосымша компонент болып табылады. Кешен қолмен орнатуға есептелген, бұл үшін сізге MetaTrader 4 терминалы деректерінің каталогын таңдауыңыз керек (терминалдан анықтауға болады, Файл/ Деректер каталогын ашу). IFX Option Trade негізгі функцияларына жататындар::

  • опционды сатып алу;
  • опционды сату (кері қайтару);
  • жасалған операциялардың тарихын қарау.

IFX Option Trade бұрын қолданылған опциондармен жұмыс әдісін (клиенттің жеке кабинеті арқылы) алмастыра алады. Бұл ретте IFX Option Trade өте қарапайым және тез зерделеуге ұғынықты бағдарлама болып табылады.

IFX Option Trade кешенін жүктеу

IFX Option Trade артықшылықтары

IFX Option Trade кешенінің басты артықшылықтары:

  • тетікті бірнеше басумен кешенді іске қосуға мүмкіндік беретін қарапайымдылығы және қатынаудың ыңғайлы болуы;
  • клиенттік терминалға біріктірілуі, соның арқасында валюта нарығын талдаудан қол үзбей опциондарды саудалауға болады;
  • барынша жайлы жұмысты қамтамасыз ететін, кешеннің кеңейтілген функционалы және қарапайым интерфейсі;
  • операцияларды жасаудың жоғары жылдамдығы.

InstaTrader клиенттік терминалын баптау

IFX Option Trade кешенін іске қосар алдында клиенттік терминалын баптаудың келесі тәсілмен қойылғанына көз жеткізу керек («Сервис/Баптау/Кеңесшілер» ендірмесі):

Баптаулардың басқа пункттерінің жай-күйі IFX Option Trade кешенінің жұмысы үшін маңызды емес.
Егер баптаулар басқаша түрде қойылса, «OK» тетігіне басып, оны түзетуге болады. Содан кейін InstaTrader клиенттік терминалы IFX Option Trade кешенін іске қосуға дайын.

Опционды сатып алу

IFX Option Trade кешенін тікелей қосқаннан кейін ашылатын менюде «Жаңа опцион» ендірмесі көрінеді:

Бұл ендірмеде болашақ опционның параметрлерін таңдауға арналған элементтер қолжетімді.
Барлық параметрлерді таңдап алғаннан кейін, «Пайданы есептеу» тетігіне басу керек. Болашақ опцион бойынша ақпаратты көрсететін терезе ашылады:

Тікелей сатып алу үшін «Опционды сатып алу» тетігіне басу керек. «Күшін жою» тетігіне басып, алдыңғы терезеге қайта оралуға болады.
Опционды сатып алу жүзеге асқаннан кейін сәйкес хабарлама көрінеді:

ПОпционды сату (күшін жою)

Сатуға (күшін жоюға) қолжетімді ағымдағы опциондарды таңдау үшін «Ағымдағы опциондар» ендірмесіне өту керек:

Нақты опционның күшін жою үшін ағымдағы опциондар кестесінің сәйкес пунктіне қарсы «Күшін жою» тетігіне басу керек. Бұдан кейін сатуды растау терезесі көрінеді:

Сіз сатуды растағаннан кейін, опцион сатылады (күшін жояды). Назар аударыңыз! «Ағымдағы опциондар» ендірмесінде ағымдағы күндегі барлық опциондар көрінеді, алайда әрекет уақыты әлі келмегендердің ғана күші жойылады.

Тарихты көрсету

Операциялар тарихын қарау үшін «Опциондар тарихы» ендірмесіне өту керек:
Ағымдағы (ағымдағы күні жасалған) опциондардың жеке тарихын «Опциондар тарихы» ендірмесінен көруге болады.